Ертегі: Ай неге жалаңаш қалды

Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
— Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әр елдің "үздік" әзілдері

Осыдан бірнеше жыл бұрын британдық әзілқой зерттеушілер күлкі әлеміне жасаған ұзақ саяхаттан соң, көпшілікке ең "үздік" делінген анекдоттарды таныстырған болатын.
KZ
Толық
0 0

Ертегі: Әкесі мен баласы

Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен.

Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір күні дөңге тұрғызып баласына жорта:

— Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы:

— Е, ананы айтасың ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған, – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жюль Верн | Он бес жасар капитан

БІРІНШІ БӨЛІМ

Бірінші тарау

«ПИЛИГРИМ» АТТЫ ШКУНА-БРИГ

1873 жылы 2 февральда «Пилигрим» атты шкуна-бриг Гринвичтен 43°75 оңтүстік ендік пен 165ʹ19 батыс бойлықта жүзіп жүрген. Оңтүстік теңіздерден кит аулау үшін Сан-Францискода жабдықталған төрт жүз тонналық кеме еді бұл.

«Пилигрим» Калифорнияның кеме иемденуші байы Джемс Уэлдон дегеннің кемесі болатын; бұны ұдайы бірнеше жыл Гуль деген капитан басқарып келген-ді.

Джемс Уэлдон Берингов бұғазынан ары оңтүстік және солтүстік теңіздердегі Тасмания мен Горн мүйісіне жыл сайын топ-тобымен кеме керуенін жөнелтіп тұратын. «Пилигрим» шағын болса да флоттағы шапшаң жүзетін жақсы кемелердің бірі еді. Ол қылаусыз жақсы жабдықталғандықтан шағын командамен-ақ Оңтүстік Мұзды мұхиттың мұз сірескен шегіне дейін барып жүрді.

Сен жаз айларында солтүстіктегіден де оңтүстік жарты шардағы ендікке жетіңкіреп қалады, капитан Гуль кемені сондай сіресіп жатқан көшпелі сеңдердің ара-арасымен тамаша жүргізетін. Ізгі Үміт мүйісі мен Жана Зеландия маңында сен жиі кездеседі. Анығырақ айтқанда, бұл мұздар жылы су шайған көшпелі мұз тауларының тек кішігірім бөлшектері ғана; бұлардың көбісі Атлант немесе Тынық мұхитқа түсісімен еріп кетеді.

Оңтүстік флотилиядағы таңдаулы теңізшілер мен гарпуншылардың (китке шанышқы ататын) бірі капитан Гуль болатын; ержүрек капитан «Пилигримді» басқарғалы бері оның қарамағында тәжірибелі бес матрос пен матростық өнерін жаңа үйреніп жүрген бір жасөспірім қызмет етіп жүрді. Кит аулау кәсібінде, қайықта қызмет атқарып, ауланған китті сойып, баптау үшін көп адам керек, мұндай ірі іске бар болғаны алты-ақ адам тым аз еді. Әйтсе де Джемс Уэлдон басқа кеме иелерінің әдістерін қолданып, Сан-Францискодан тек кеме басқаратын команданы ғана алуды тиімді санаған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақша анекдот: Посттағы кәрiс

Бiр шекарада бiр кәрiс әскерлiк борышын өтептi. Постқа итпен барады ғой олар, кәрiс постқа барған сайын иттердi жеп қоя бередi екен. Сөйтiп командиры бiр гипнотизерды......
Анекдот, прикол мен әзілдер
Толық
0 0