Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Он алты жасар чемпион


АУРУШАҢ БАЛА

Ұлжан шешеміз сегіз жасар баласы Мұратпен екеуі шай ішіп отыр. Аласа дөңгелек стол, тізерлей отырған Мұраттың көкірегінен келеді. Ол шайынан ұрттап жатып, қарсы алдында отырған шешесіне көзінің астымен қарап қояды.

— Іш, іш, — дейді шешесі, — тойып ал, шырағым.

Мұрат екі кесе шай ішті де:

— Тойдым, — деп орнынан тұрды.

Ұлжан шайын ұзақ ішті. Ол кісінің шайды ұзақ ішуі Мұратты жалықтырып жіберді.

Шешесі әрі қарап, әлі шай ішіп отыр. Есік ол кісіге бір қырын болатын. Мұрат жүрген дыбысын білдірмей, ептеп басып, есікке барды. Шешесі оны байқаған жоқ.

Мұраттың есікті білдірмей ашқысы келді. Екі көзі шешесінде болып, иығымен итеріп көріп еді, есік ашыла қоймады. Одан гөрі қаттырақ итеріп қалғанда, есік шыйқ етті де ашылып кетті.

Ұлжан шешеміз жалт қарағанда, зымырап жөнел ен Мұраттың өкшесін ғана көріп қалды. Есік тарс етіп қайта жабылды.

Мұрат жүгірген бойы Садықтың үйіне келді де оны тысқа ертіп шықты.

Олар футбол ойнап жүрген балаларды іздеуге шықса да, Мұрат оларға барғысы келмей, басқа жаққа сүйреледі.

— Солдаттар ойнап жатыр, солардың қасына барып, ойындарын көрейік, — деді ол Садыққа.

— Жүр! — деді Садық та оны қуана қостап.

Ауылдан жоғары, сайдың ішінде шекаралық застава бар болатын. Мұрат пен Садық ат ойнатып жатқан әскерлерді көреміз деп, заставаға келді.

Ол екеуі заставаның қасындағы, алыстан қарағанда төңкерген қазандай көрінетін, төбешіктің үстіне шыққанда, футбол ойнап жүрген балалардың да осылай қарай келе жатқанын көрді. Дабырлап сөйлесіп, олар жүгіре басып келеді.

Шекарашылардың шыбық шапқаны, ат қарғытқаны, шауып бара жатып ат үстінде әр түрлі қыймылдар жасауы балаларға қызық көрінетін. Олар мына төбешіктің үстінде тұрып, будан бұрын да талай рет тамашалап қараған. Сол әдетінше төбешіктің басына бір топ бала жыйналып қалды.

Ақбоз аты ойнақшып, қолындағы жалаң қылышы мен фуражкасының күнқағары жарқылдап, заставаның начальнигі тебініп қап, шаба жөнелгенде:

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Өгіз бен есек

Бір күндерде өгіз бен есек жолдас болып, ауыл маңында бірге жайылып жүріпті. Бірде екеуі оңашарақ шығып кетеді де ағашы қалың бір бауға кіріпті. Баудың іші жайқалған шалғын екен, екеуі өлең шөпке сылқия тойып алыпты.

Қарны тойған соң, енді есектің бақырып, көңіл ашқысы келеді. Соған ыңғай білдіргенде өгіз:

– Сен ақырма, – дейді аузын басып......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Шәңгерей Бөкеев (Бір күнде, жас көңілім, судай тастың)

Бір күнде, жас көңілім, судай тастың,
Тасқындап кемеріңнен шалқып астың,
Төрт бұрышын дүниенің көрмей болжап,
Қиялмен көк қақпасын барып аштың.
Сидырып асқар тауды уысыңа,
Жүзіне алмас қылыш......
Өлеңдер
Толық
1,5 -0,5

Ертегі: Батыр қойшы

Ерте заманда бір қойшы бір байдың есігінде жиырма жыл қой бағыпты. Күндерде бір күн ел-жұртын сағынып, туған-туысқандарына барып қайтуға байдан бес жылға ұлықсат алады. Ол үшін келген соң тағы да жиырма жыл байдың қойын бағатын болады. Жиырма жылғы ақысына бай қойшыға бір саржа мен бір құнан шығар ат береді. Қойшы қуанышы қойнына сыймай еліне қайтады. Қойшы бірнеше күн жүргеннен кейін, бір елге келеді. Келсе, ел-жұрты жиналып, абдырап, шаршап отыр екен. Сұрастырса, ханның сөзге шебер, көркемдігіне көз таң қалғандай жалғыз қызын бір түнде ұйықтап жатқан жерінен дәу ұрлап алып кетіпті......
Ертегілер
Толық
0 0