Оңтүстік Корея азаматы Алматыдағы зәулім үйлердің бірін жалдап, шетелдіктерге арналған жезөкшелер ордасын ашқан деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап nur.kz.
Әсел Сәдуақасова Санжар Мәдиевтің "басын айналдырып алды". Тек шынайы өмірде емес, жақында шығатын комедиялық фильмде деп хабарлайды nur.kz порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
Соңғы кездері ОҚО-да келін болу қиын немесе осы өңірде келіндерге деген талап пен сынақ күшті деген сөздер жиі айтылып жүр. Ел арасындағы түрлі болжамдардан кейін STAN.KZ сайтының өңірдегі тілшісі қарапайым бір әулеттің түтінін түтетіп отырған Салтанат келіннің бір күнін түсірген еді.
Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:
— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.
— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......