32 жасында АҚШ-тың төртінші ең бай адамы атанған Марк Цукербергтің шотында бүгінде 60 млрд доллар бар. Әйгілі миллиардердің бұл миллиардтарды қайда жұмсайтынын nur.kz порталы fishki.net сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Алматыда Toyota Camry көлігінің ішімдікке сылқия тойып алған жүргізушісі полиция қызметкеріне шабуыл жасады. Ол жолда жүру ережесін бұзғанымен қоймай, полицей талабына құлақ аспастан оқиға орнынан жасырынбақ болған деп хабарлайды nur.kz.
Ілгергі бір замандарда Жүзбай деген бір бай болыпты. Оның Алпамыс деген бір ұлы бар еді. Бір күндерде Жүзбайға телі жылқысына жау шабады. Жүзбай тұрып сонда баласына ақыл салып:
- Ау, балам, мен болсам қартайдым, сен жылкыны куып барып, жаудан кек алуға шамаң бар ма? - дейді. Сонда алты жасар Алпамыс бала да болса батыр болған соң, жылқысын шауып кеткеніне шамданып, өзінің Байшұбарын.....
Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғарғы балл жинап тұрып, оқуға түсе алмай қалған бірсыпыра талапкерлердің ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды nur.kz, Хабар24 сілтеме жасап.
Румыниялық прокурор қыз бір жылда 1200 жемқор шенеунікті қылмыстық жауапқа тартқан. Бір ғана жалақымен жан бағып, жұмысына адал бола білген шенді бойжеткен Лаура Ковеши еуропалықтардың аңызына айналған деп хабарлайды currenttime.tv сайтына сілтеме жасған nur.kz.
Қазіргі ұрпақ ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері-бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасына емес, теледидар, компьютерден алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Қаладағы қазақ қыздарының көбі бір-бірімен орысша сөйлеседі. Өз ұлтының тілінде сөйлеуге талпынбайтыны өз алдына, кейбіреулері тіптен оны намыс көреді. Күнделікті өмірдегі көріністерге бір сәт назар аударайықшы. Мектеп қабырғасында жүрген бірсыпыра қыздарымыз жарассын-жараспасын денелерін жартылай жалаңаш көрсететін киімдер киіп, қымбат әшекейлер, алтын тағып, бет-ауыздарын бояп, өздерінің инабаттылығы мен сыпайылығынан, жастық жарасымдылығынан айырылады. Табиғаттың өзі жан дүниесін сұлу, нәзік, мейірбан.....