Шығарма: Жастарымыз отаншыл болсын

Әрине, ойымызға ең алдымен біз үшін жанын қиған атабабаларымыз еске түседі. Міне осыдан жетпіс бес жыл бұрын Германияның қалың қолы Кеңестер Одағына шабуыл жасаған болатын. Енді кішкене соғыстың қалай басталғанына тоқтала кетсек. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл жиырма екінші маусым тарихымыздағы ең ауыр да, қасіретті күн болып саналады. Жиырма екінші маусым күні таң атысымен неміс әскерлері Кеңес Одағының жеріне басып кіреді. Сол кезеңде біз Ресейдің қол астында болатынбыз. Бұл төтенше жағдай еді, сондықтан Кеңес Одағы тез арада оларға жауап қайтару үшін, елін сақтап қалу үшін әскер жинай бастайды. Олар әскерді жан-жақтан жинайды, тіпті Қазақстанға да келеді. Олардың жасына қарамай, күштеп алып кете бастады. Тек ауруға ұшыраған, соның ішінде басқаларға тез жұғып, тарайтын аураларға жеңілдік бар еді.Тіпті кейбір өз балаларын соғысқа жібермеу үшін ата-ана баласын сол ауруға ұшыратқан. Соғыста айдалада өлгенше, өзіміздің көз алдымызда дүниеден өтсін деп санаған. Әрине ата-ана жүрегін түсіну қиын. Қиындықтарға шыдамаған қазақ отбасылары көрші елдерге көшіп кетуге мәжбүр болған. Соғыстан қашып өз өмірін сақтап қалу үшін бәріне дайын азаматтар бар болса да, бірақ оларға қарсы шығуға дайын, кеудесінде жүрегі Отан деп соғып тұрған қыздар мен жігіттер де бар. Соңында қоса келгенде бір Қазақстаннан Кеңестер Одағының әскерінің қатарына бір миллион екі жүз мың адам аттанған. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Майдан даласында алты жүз мыңдай қазақ қаза тапты. Көбісі хабар-ашарсыз кетті. Олардың тіпті денелері қайда қалғанын білмегені туысқандарына қатты батты. Аман-есен оралмаса да, оларды ең болмаса денесін дұрыстап жер қойнына тапсырғысы келді. Бірақ амалдары жоқ. Бірақ соңғы жылдары кейбіреулері қайда жатқанын тауып, денесін Отанымызға әкеліп, туған жердің топырағына денесін тапсырған болатын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шұбаттың емдік қасиеттері

Шұбат — түйе сүтінен дайындалатын сусын. Шұбатты бір қорландырып алады да, одан әрі ешқандай ашытқысыз ашыта береді. Дәстүрлі қазақ қоғамында шұбатты торсықта немесе ағаш күбіде ашытқан. Ол бір тәулікте өз бабына келеді. Шұбатқа арналған торсықты түйе мойнағынан жасайды. Шұбат ашытқаннан...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Құрастыру. Объектілерді жасау. (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Оқыту ойындары
Сабақтың тақырыбы: Құрастыру. Объектілерді жасау.
Бұл сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.2 Ойын құрастыруға қолданылатын объектілердің сүретін құрастыру
Сабақтың мақсаты: Ойын құрастыруға қолданылатын объектілердің сүретін құрастыру...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда жасалған 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда жасалған 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: тұтынуға қажетті өнімдерді біледі
Көптеген оқушылар: тұтынуға қажетті өнімдердің қайдан және қалай келетінін түсінеді
Кейбір оқушылар: Қазақстанда жасалатын өнімдерді, Отандық фабрика, зауыттардың қандай өнімдерін күнделікті өмірде қолданатынын біледі, зерттейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика
Сабақ тақырыбы: №4 Зертханалық жұмыс «Бір-біріне бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу» 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ОМ: параллель және параллель емес векторларды қосу және азайту
Сабақ мақсаттары: Бұрыш жасай бағытталған күштерді қосу әдісін тәжірибе жүзінде тексеріп қарау........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дененің гравитациялық өрістегі қозғалысы: Вертикаль лақтырылғандағы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғандағы. (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақтың тақырыбы: Дененің гравитациялық өрістегі қозғалысы: Вертикаль лақтырылғандағы. Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылғандағы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.6 – көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы кезіндегі кинематикалық шамаларды анықтау;
10.2.1.7 – көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын зерттеу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренуі тиіс:
Көкжиекке бұрыш жасай/вертикаль тасталған дене қозғалысын сипаттау
Оқушылардың көбісі үйренуі тиіс:
Ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін есептеу
Кейбіреулер оқушылар үйренуі тиіс:
Өз бетінше ұшу уақытын, қашықтығын және биіктігін анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жастардың қуаты – білім білігінде

Мен білімді болғым келеді. Болашақта өзімді жан-жақты, көзі ашық, білікті азаматтардың қатарынан көремін. Бұл менің ғана қалауым емес, ұстаздарымның және ата-анамның да қалауы. Сабақтан бос уақытымда ғаламтордан, теледидардан елімізде болып жатқан кей жаңалықтарды оқып, тыңдап отырамын. Ара-тұра шәй үстінде әкем екеуміз мемлекетімізде болып жатқан оқиғаларды талқылайтынымыз да бар.

Жуырда мен Қазақстаннан өткен жылы 300 мың адамның шетелге тұрақты түрде жұмыс істеуге кеткені туралы ақпарат оқыдым. Елімізден көптеген жастардың Корея, Түркия, Америка, Ресей секілді шет мемлекеттерге жоғары жалақы үшін кетіп жатқанын білемін. Бірақ бір жылда 300 мың жастың бірден шетел тұрғынына айналып кетуі мені біраз ойландырды. «Сонда барлық жастар, аға-әпкелеріміз басқа елге жұмыс істеуге, сонда өмір сүруге осылай ағылып кете берер болса, Қазақстанда кім қалады? Үлкендер болашақ жастардың қолында дейді. Олай болса болашағымыз не болмақ?» деген ойға қалдым.

Өз басым, мен мұны қолдамаймын. Шетелге кетпей-ақ, Қазақстанда да жайлы әрі жақсы өмір сүруге болады. Ол үшін елімізде барлық мүмкіндік бар. Жоғары білім алғысы келетіндер үшін жақсы деңгейлі оқу орындары жетерлік. Жыл сайын талапкерлерге сан мыңдаған гранттар бөлінеді. Әр жақсы оқыған студент шәкіртақы алады, жатақханамен қамтамасыз етіледі. Кәсіп бастап, табыс тапқысы келетіндер үшін де жеңілдіктер бар. Түрлі мемлекеттік бағдарламалар негізінде өз ісін бастағысы келетін жастарға қаржылық қолдау жасалады, бизнес бастауды үйретіп, оны оқытатын курстар да аз емес. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға көп көңіл бөліп келді. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы да осының дәлелі. Ол кісінің сындарлы саясатын жалғастырып жатқан қазіргі Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та жастардың рухын көтеріп, оларды білімге, еңбекке шақыруда. Яғни, еңбек еткісі келетіндерге елде ешкім кедергі емес. Елімізде бейбіт, мамыражай заман орнап тұр. Соғыс, қырғын-жойқындардан аулақпыз......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0