Шығарма: Жаса мәңгі, тәуелсіздік

Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман
Н.Ә. Назарбаев

Бағзы замандарда бабаларымыз алдағысын байырқалап, келер күннің еншісін қашанда көңіліне түйе жүріп тұрмыс кешкен ғой. Алып аумақта атқа қонып, жұртына жайлы қоныс іздеп жортқанының өзі де елдің ертеңін ойлағандық, келешектің тереңіне бойлағандық емес пе. Ойламаса, Асан қайғы бабамыз Желмаясымен желіп жүріп жер жәннаты Жерұйықты іздеп, әрлі-берлі сабылар ма еді. Құдайға шүкір, сол “күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған” бабалардың тілеуі шығар, тынымсыз тірлігінің арқасы болар, алаш жұрты бүгінде әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын алып аумаққа тамырын жайып, Жерұйыққа бергісіз жерде өрісін кеңейтіп, түтінін түтетіп отыр. Ол бүгін солай. Ал оның ар жағында, бұл қазақ жұртының көрмегені жоқ-ты. “Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылған” кезі де аз болмады. Бодандықтың бұғауы жанына қатты батқан кезде ғой Махамбет сынды ақиық ақынның ақыра отырып, көкейдегі күйкіге толы арман-тілегін еріксіз ақтарғаны. “Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім…”, - деген Махамбет сынды өр тұлғалы бабалардың азаттық үшін арпалысының жақсылығын араға ғасырлар салып үрім-бұтағы, ұрпағы көрді. Осыдан ширек ғасыр бұрын ғана Қазақ елі бодандық бұғауынан құтылды. Қазақ елі......
Шығармалар
Толық
0 0

Эссе: Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,

Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Эсселер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жасанды магниттер. Соленоид 3-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақтың тақырыбы: Жасанды магниттер. Соленоид 3-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.4.1.4 – жасанды магнитті эксперимент түрінде жинау және оның қолданысын түсіндіру.
10.4.1.5 –соленоидтың магнит өрісіне әрекет ететін факторларды түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: - оқушылар топта бірін-бірі бағалай алады;
- жасанды магниттің неден және қалай жасалатындығын түсінеді және түсіндіре алады;
- жасанды магниттің негізгі бөлігі соленоид екенін түсінеді;
- соленоидтың магнит өрісіне әрекет ететін факторларын түсіндіре алады;
- жасанды магнитті эксперимент түрінде жинайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Мәңгі жас бейнелер

Мені екінші дүниежүзілік соғыс жайлы деректер көп қызықтырады. Дәлірек айтар болсам ел басына күн туған шақта бес қаруын асынып, қан майданда жаумен бетпе-бет келіп,нағыз қаһармандықтың үлгісін көрсетіп,еліміз тарихында аттарын аңызға айналдырған батыр апаларымыздың бейнелері үнемі көз алдыма келеді. Кешегі өткен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың-қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерліктері туралы біздер көркем шығармалардан, оқулықтардан, кинотуындылардан білеміз.
Айдаһар болып майдан жұтып жатты
Ата мен немеренің аралығын- деп ақын атамыз Қадыр Мырза Әли суреттегендей соғыс зардабы қазақ қыздарының да тағдырын айналып өтпеген екен. Ұлы Отан соғысы басталған күннен-ақ мыңдаған қазақ қызы майданға сұрана бастаған. Тарихи деректерді ақтара отырып төмендегідей мәліметтермен таныстым: 1941-1945 соғыс жылдарында бір миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған .Мұның елеулі бөлігі қыздар болған. Ақтөбе облысынан 1941-1942 жылдары әскерге алынған 80226 адамның 950-і әйелдер мен қыздар болған. Атырау қаласынан 23,Доссор кентінен 4, Қызылорда облысы Арал ауданынынан бірнеше ондаған қыздар мен әйелдер майданға аттанғанын дәйекті деректер анықтайды. Әскерге алынған қыздар соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгеріп алды.Шайқастарда ерлік көрсетті.Халқының абыройын асырды,елінің даңқын шығарды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Мүсиді он жеті жастағы қызының жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Туғаннан соң анадан-ой!
Адамзаттың бәрі өлген-ой!

Жетім бала дегізген.
Жетім қалдым жасымнан,
Кетер ме қайғы басымнан.
Біз жыламай, кім жылар,
Айрылған соң асылдан?!
Дүние пәни жалған-ай,
Көңілде қайғы-мұңымды
Таусылмас, айтсам арман-ай!
Арманым қатты, дертім зор,
Қасірет ойлап болдым қор.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 2-сабақ (Информатика, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оқыту ойындары
Сабақ тақырыбы: Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 2-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.4.2.3. Спрайттарды басқару үшін скрипттар жазу
Сабақ мақсаты: Ұтқыр қосымшаны жасау ортасында объекттерді басқару ерекшеліктерін зерттеу...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Гравитациялық өріс
Сабақ тақырыбы: Көкжиекке бұрыш жасай қозғалған дененің қозғалысын зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын модельдеу: Оқушылар Жер бетіне жақын жерлерде вертикаль үдеу тұрақты болатынын және ауаның кедергісіз горизонталь үдеу де тұрақты болатындығын білулері қажет.
Сабақ мақсаттары: Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысын сипаттау.
• Қозғалыстың тәуелсіздігін ажырата алу.
• Уақыттың тәуелсіз шама екендігін сипаттау.
• Тәжірибе жүзінде орын ауыстырудың орын анықтай алуы..........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 1

Сабақ жоспары (ұмж): Электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтары 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақтың тақырыбы: Электронды микроскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): электронды микоскоп арқылы көрінетін жасуша органоидтарының құрылыс ерекшеліктерін және қызметін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: электронды және жарық микроскопы арқылы көрсетілген суреттерден жасуша органоидтарын анықтау;
көргенді салыстыру;
«өз органоидын» туралы ойдан карта құрастыру;
электронды микроскоп арқылы көрінетін органоидтардың құрылыс ерекшеліктерін және қызметтерін түсіндіру........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстанда жасалған 2-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған 2-сабақ
Сабақтың оқу мақсаты: 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Ойлау дағдыларының деңгейі. Білу, түсіну.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Тұтыну заттарына деген өз қажеттіктерін және олардың қайдан келетінін анықтай алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Өсімдік және мал өнімдерінің түрлерін ажырата алады;
Кейбір оқушылар:
Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді тауып, нені өндіретіндерін жазып көрсетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Халел Досмұхамедовтың халқы үшін жасаған қызметі нені көздеді?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады;
Бір немесе бірнеше деректерге сүйене отырып, өзінің ой-пікірін білдіреді.
Сабақтың мақсаты: Атырау өңірінен шыққан қоғам қайраткері, ұлт зиялысы, алаш азаматы, дарынды ғалым, тұңғыш дәрігер маманы, өлкетанушы Халел Досмұхамедовты танып білу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0