Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Жас жүзгіштердің бастапқы оқыту кезеңіндегі мүмкіндіктерін бағалау

Өзектілігі. Қазіргі заманғы балалар жас өспірім спорты спорт педагогтарының, морфологтарының және физиологтарының жете назарындағы объект болып табылады. Спортты анатомиялық-физиологиялық қамтамассыз етудің негізгі мәселелерінің бірі болып жас спортшылардың морфофункционалды құрылымы туралы білімнің жетіспеушілігі болып табылады. Жаттықтырушылар өсіп келе жатқан ағзаның өсуі мен дамуын табиғи заңдылықтар ретінде қабылдай бермейді, бұл көп жылғы жаттығулардың сәттілігін төмендетеді және кей кездері жас жеткіншектің спорттан кетуіне алып келеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабағында өз бетімен жұмыс жасауға үйрету жолдары

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керек. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Паламер÷ук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Жас күніммен сырласу)

Бәрі жақсы болса деппін мен баста,
Жанымды ашып жалбақтаппын жолдасқа.
Бәрі жақсы болса деумен шаршаппын,
Бәлкім, енді бәрі жақсы болмас та.
Жұртқа ұнадым,
Өз көңілім пәс бүгін.
Тасқа барып соғылғандай тасқыным.
Бауырларды,
Жақынды ойлап,
Жасыппын,
Жарқ-жұрқ етіп жайнамапты жастығым.......
Өлеңдер
Толық
0 0

Ертегі: Түс көрген патша

Ескі заманда бір патша «түс көрдім, түсімде не көрдім?» деп, өзіне қарасты жұртын жинап, қинай береді. «Не көрдіңіз?» десе, айтпайды. «Көргенімді табасың» деп ашуланып, ақыры қырық күн мерзім қояды.
«Осы күнге дейін табасың, таппасаң бәріңнің басыңды аламын. Маған қарасты бірің аман қалмайсың, – деп уағда берген. Бұның жұрты күңіренеді, жылайды, теңселеді, тебіренеді. Құмырсқадай қара қалың ел біреуі де таба алмайды, сонда мерзімді күнде патша бәрін жиып, сұрап, таппаған соң, қыратын болып: «Маған қарасты жаннан есін білген, ақылын таныған, қартайып алжығаннан бөлек адам, ішкері-тыскері жолаушы жүрген, шажау-шайғы келмей қалған адам бар ма?» – деп сұратады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Есекмерген

Бір кісі өлер алдында артында қалып бара жатқан жалғыз баласы Есекмергенге өзінің басынан өткендерін айта келіп:
«Балам, сен аң аулап жүріп жалғыз орманға барма. Бара қалсаң, тақыр жердегі молаға түнеуші болма», – дейді.
Баласы: «Мақұл» дейді. Бірақ бала есейген сайын: «Әкем маған неге орманға барма деді? Осы орманға барып моланы, тақырды бір көрейінші», – деген ойға келеді де бір күні садағын асынып орманға келеді. Бала жас болса да батыр, құралайды көзге ататын мерген екен. Өзіне-өзі сенімді, орманды емін-еркін аралап, құс атып алады, оларды пісіріп жейді. Ақырында, орманда түнейді. Түнде үш ағаштың басын құрастырып от жағып, жол қазанына ет асып отырғанда, қасына ұзын бойлы бір жезтырнақ келеді......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | 12 жастағы волейболшылардың арнайы физикалық сапаларын дамыту әдістемесі

Волейбол (volleyball, volley — «қалқып ұру», ball — «доп») - ойын спорты.
1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1985 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған.
Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс. Алаң аумағы: 25х50 фут (7,6х15,1 метр). Себеттің көлемі 2х27 фут (0,61х8,2 метр). Биіктігі: 6,5 фут (198 сантиметр). Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 грамм
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да біздің заманға дейін III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таимға созылған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Суға батып кеткен ғибадатхана

Нейенкирхтың маңында, қалың орманның ортасында жасырынған жалғыз ашық жер бар; онда кішкентай ғана қол бар; ол араға жан баласы аяғын сирек басады, ол араны тіпті әркім біле де бермейді. Көгал мен көлді қоршап тұрған қап-қара шыршалардың тұрқында адамның өне бойын еріксіз тітіркендіретін әлдеқандай бір жабырқаңқылық бар. Сол шыршалар бұл араны жұмбақ жамылғымен тұмшалап тастағандай......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім білік дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып, оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады.
-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады;
- жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр. Бұл көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру ерекшеліктері жөнінде болып отыр.
Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға түсуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0