Курстық жұмыс: Педагогика | ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНДЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден жастар тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы және жоғарғы оқу қабырғасындағы жастарымыздың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда жастардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет – ғұрпын, салт – санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Ізбасты

Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қыран қарақшы

Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.

Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жасөспірімдердің өзін-өзі тану ерекшеліктерін қалыптастырудағы психологтың ролі

Кіріспе
Қазіргі таңда психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының
бағдарламаларын анықтайды. Еңбек өнімінің дамуы, техника мен технологияның дамуына білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, осының барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді. Жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру мемлекеттің ең басты міндеттердің бірі.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері, осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
Ж ұ м ы с ы м ы з д ы ң ө з е к т і л і г і :
Әлеуметтік, экономикалық дамуды жылдамдатуда болашақ мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының жауапкершілігі артып отыр. Біздің қоғамның болашағы болашақ педагоктарды, психологтарды, өндіріс және ғылым басшыларын тағы басқа мамандарды тек сауаттылыққа ғана емес, сонымен қатар белсенділікке, алдына қойған міндеттерге қызығушылықтарын қарауға байланысты.Соның негізінде позицияны белсенді, өз күшіне сенімді, орынды іс-әрекетке шығарылуын қарайтын тұлға қалыптастырады. Әрине қарым-қатынаста зейін қасиеттерінің деңгейі қалыпты болмаған жағдайда осындай сапалардың көрініс беруі қиындайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Аспап жасау | Сандық тахометрді интегралдық микросұлбада жобалау

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Сандық тахометрдің интегралды
микро сұлбада жобалау». Соңғы уақыттарда автокөліктердің
қозғалтқыштарының айнымалы контроллерлері өте маңызды мәселе болып
келеді. Буынды қозғалтқыштардың айналу жиілігі кезінде іштей жануын
өлшейтін біраз аспаптар бар, олардың аналогтыда,сандықта түрлері бар.
Дипломдық жұмыстың мақсаты санау жүйесін жеңілдету, іштен
жанатын қозғалтқыштың иінді білігіндегі сезгіш құралдан (датчик) түскен
ақпаратты өңдеу және жіберу, сонымен қатар тахометрдің көрсеткіш
тақтасына түскен ақпараттарды бейнелі түрде көрсету.
Импульстің бағдарламалық өңдеуін қолдану жиілік құрылғысының
айналуының жайлылылығын және жоғары дәлдікте болуын көрсетеді,
индикатор жиілік құрылғысының айналуын қарастыратын нағыз өлшеуші
аспап. Бұл мақсаттарды орындауға шет елдің бағдарламалық
микроконтроллерлі фирмасы Mісrосhіp Tесhnоlоgy Іnс. (АҚШ) мүмкіндік
береді, тез әсер ететін, жоғары дәрежелі және жүктемелі тәсілдерінің порттарына ие.
Бұл дипломдық жұмыста цифрлі тахометр Pіс-контроллерімен
қолданылады, басқа ұқсас схемаларға қарағанда анық сипаттама беру
мүмкіндігіне ие. Механикалық шкала мұндай мүмкіндік бермейді, сондықтан
электронды құрастыруды қолданамыз. Қазіргі кезде электронды шкалалар
және жиілік өлшемдері үлкен мөлшерде өңделуде, микросхемаларды қолдану
кезінде әртүрлі деңгейлер бірлестіріліп, жасалады. Бұлар көбінесе қиын
құрылғылар, ондаған микросхемаларды есептеп шығару керек. Бұл құрылыс
жеткілікті түрде қиын, қайталанып орындалады, қиын схемалар әлдеқайда
жоғары мүмкіндіктердің барлық этаптарында қателікке жол беріледі-
жариялаудан бастап монтажға дейін.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Ертегі: Боз айғыр

Ертеде тау бөктерінде жайылып жатқан жылқыға жау тиіп, айдай жөнеліпті. Жылқының ішінде топ бастаған айбарлы бір боз айғыр бар екен. Боз айғыр үйірін күзеткендей шеттеп, ұзамастан жағалай жайылып жүріпті. Ұрылар жылқыны айдай жөнелгенде, боз айғыр да үйірімен бірге кетіпті.
Ұрылар үш күн бойы талмай жол жүреді. Төртінші күні жердің, айдап келе жатқан адамдардың түр-тұрпатына қадағалай қараған боз айғыр жер ауғанын сезеді. Содан пысқырынып-пысқырынып жіберіп, аулына кері қашады. Ұрылардың қуғынына шаңын да көрсетпей кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қырыққанбас батыр

Қырыққанбас пен Назар ағайынды екеуі де батыр екен. Қырыққанбас батырдың ер кеуде ерлігімен де, қайыспас кайсарлығымен де, шалдырмас шешендігімен де аты алты Алашқа кең жайылыпты. Сол батыр ерегеспен ұрлық істеп, калмақ пен найманға маза бермепті. Бір сәті келгенде Қырыққанбасты наймандар ұстап алып, қалмақтарға байлап беріпті.

Олардың қолында байлауда бір жыл жатады. Қапысын тауып қашып шыққан батыр тұтқында көп жатып әбден әлсірегендіктен ұзап кете алмай, жазыққа жатып қалады. Таңертең қуғыншылар қиналмай-ақ тауып алады. Қалмақтар қашқынды атқа сүйретіп өлтіруге үкім қылады. Мойнына қайыс арқанды салып жіберіп, кең жазықта түс ауғанша сүйретіпті. Әлден уақытта өлді-ау деп жендеттер тоқтайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жетім Ғаббас

Баяғыда Тоқтар деген саудагер Ғаббас атты жетім баланы асырап алып, оған сауда-саттық үйретпек болыпты. Бір жылы қолына он ділдә ұстатып, Ғаббасты жәрмеңкеге жіберіпті. Бала он ділдәға бір мысық сатып әкеліпті.

Тоқтар қанша қапаланса да, «бала ғой, бір жолға кешірейін» деп үндемепті. Келесі жылы жиырма ділдә беріп, тағы жіберіпті. Жәрмеңкедегі елдің бәрі қу, жаманын жақсы деп, керексізді керекті деп бірін-бірі алдайтыны белгілі емес пе. Ғаббасқа тағы да еш нәрсе кезікпейді. Ақыры, қайтарында жиырма ділдәға бір күшік сатып алады. Оның мына ісі Тоқтар саудагерге тағы да ұнамайды. Сөйтіп, ол баланы қуып жібермек болады.

Сонда бәйбішесі:

— Ана боламын деп бауырыма басып едім. Ер кезегі үшке дейін деген, тағы бір рет кешір, – деп жалынады. Тоқтар әйелінен аса алмай, тағы да кешіреді. Бала мысығымен, күшігімен ойнап жүре береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы психодиагностика

Мектепке келген бастап , баланың психологиялық даму деңгейі жекелік ерекшеліктерінің дамуы ұлғая бастайды. Бұл ерекшеліктер ең алдымен олардың ақыл-ой, моральдық даму деңгейлерінің көріністерінен байқалады. Олар ортақ нұсқаулар және психодиагностикалық жағдайларға түрліше әсерлене алады. Кейбір балалардың көзқарастары өз деңгейінде қалыптасқан, психодиагностика тапсырмаларын қиналмастан орындайды, ал кейбір 4-6 жастағы әлсіз дамып келе жатқан балалар мектепке дейінгі тапсырмаларды ғана орындайды.
Сондықтан да кіші мектеп жасындағы балаларға қандай да бір психодиагностикалық әдістемені пайдаланбас бұрын, психологиялық даму деңгейін шынайы бағалау үшін, баланың ақыл-ой деңгейіне сәйкестігін, тіпті жеңіл болып кетпеуін қадағалау қажет.
6-7 жастағы балалардың мектепте оқуға даярлығын қарастыратын болсақ, орта есеппен алғанда олардың 50-80% қандай да бір ерекшелігі және кіші мектеп бағдарламасы бойынша материалдарды толық игеруге, жалпы мектепте оқуға әлі дайын болмайды. Көпшілігі дене бітімі бойынша оқуға дайын болса, психологиялық даму деңгейі бойынша мектепке дейінгі баланың (5-6 жас) деңгейіне сәйкес болып тұрады. Егер мұндай балаға жеткілікті күрделі, жас ерекшелігіне сәйкес ырықты, ырықсыз зейін, есте сақтау және қиялға арналған психологиялық тест ұсынсақ, бала оны орындай алмайды.
Мұндай қиындық ақыл-ой қабілетінің жетіспеуінен емес, тұлғалық-психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігі себебінен туындайды. Егер, керісінше, тура сол тест тапсырмаларын ойын түрінде ұсынатын болсақ, тестілеу нәтижелері жоғары болуы ықтимал.
Бұл жағдайды мектепке келген, әсіресе бірінші және екінші сынып балаларын диагностикалауда міндетті түрде ескеру қажет.
Үшінші және төртінші сынып оқушыларына қатысты айтатын болса, оларды психодиагностикалау үшін ересек адамдарға арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ тест тапсырмалары оларға түсінікті болуы керек. Түсінікті дегеніміз ол тапсырмалардың бала қабілеттеріне сәйкес болуы. Ескеретін жайт, күшті мотивация, қызығушылық, тестілеуге белсенді ұмтылыс болса, оның нәтижелері жоғары болады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістемелер. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0