Ертегі: Елеместің адамгершілігі

Ертеде бір кедейдің үш баласы болыпты. Үшеуінің мінезі үш түрлі екен. Үлкені қатыгез, қу, тек қана өзін ойлайтын, ал ортаншысы жігерсіз, елдің айтқанымен жүретін адам болып өседі. Ең кішісінің аты Елемес екен. Ол ағаларына қарағанда мейірімді, адал, еңбекқор еді. Күні жетіп әкелері ауыр науқастан қайтыс болады. Бар жиған-тергенін балалары әкесін жерлеуге жұмсап, өздері панасыз қалады. Басқа амалдары қалмаған жетім балалар күн көру үшін алыс жолға аттанады. Ұзақ жүрген үшеуінің алдынан екі айрық жол шығады. Осы жерде таста қашалған сөздер бар екен. Онда екі бағыт көрсетілген: біреуі – барса келмес, екіншісі – барса қайтар. Ағалары.....
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс жасауға үйретудің теориялық мәселелері

Оқу мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті.
Бланың жалпы психикалық дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Мектептегі баланың оқу әрекеті күрделі, жан-жақты үрдіс, Ол баланың барлық әрекетін, рухани күштерін, өздігінен білім алуын қажет етеді. Мектеп жасындағы баланың ақыл-ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады. Балданың ақыл-ой әрекеті оның қажеттері мен қызығулары, сезімі мен еркі сияқты үрдістермен, іске асады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларждың ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы мәдениетін өздігінен әрекетін қалыптастырып отыру керке. Ең алдымен мектепке келген баланың алдына қойған мақсат міндеттерін түсінуге баули отырып оқыту, тәрбиелеу қажет. Тәрбие өмір бойы үздіксіз жүретінүрдіс болса, қазақ халқы жетілген, өз бетінше жұмыс атқара алатын тулғаның сипатын “Сегіз қырлы бір сырлы” деген бір ауыз сөзбен түйіндеген.
“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осчы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бьетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білімс алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігін П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Палакмерчук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаев т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жас өнертапқыштар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Жас өнертапқыштар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.6.1.оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Мәтіннен ақпаратты іріктеп, комментарий жасап оқиды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қиярдан жасалатын маска түрлері

✅ Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

✅ Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

✅ Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Ертегі: Алтынасық және Құрмерген

Ерте заманда Қашақ деген ел болыпты. Бұл елдің Ғайып деген ханы болған екен. Ғайып хан асқан балуан және оған сай айлаға шебер батыр болыпты.

Осындай дәуірлеп тұрған заманында артыма атағымды қалдыратын іс істеуім керек — деп ойлап, осы ойын жаушылыққа тиянақтап, маңайындағы хандармеи соғыс ашып ел-жерін жаулап алып, атағы барған сайын аса берген екен.

Қалман деген ханның елін де шауыпты. Ғайып ханның өз тұсындағы жаугершіліктің соңғысы да осы Қалман соғысы болыпты.

Ғайып ханның жасы ұлғайып, бұрынғы күш-қайраты қайтып босағанын біліп, осыдан кейін ешбір ханның елін іздеп барып соғыс ашпапты. Ал жеңілген хандар тегіндегі дүмпу айбарынан қорқып, Ғайып ханды іздеп келіп соғыс ашып кек қайтаруға келмеген екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Мамай батырдың арманы

Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып:
— Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып:
— Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы:
— Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап:
— Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылсыз берілген жаза

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді.
Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Ертегілер
Толық
0 0