Реферат: Биология | Жасанды төзімділік

Жасанды төзімділік

Төзімділікті тек эмбрионалды кезеңде ғана емес, ересек организмде де қалыптастыруға болады. Төзімділікті қалыптастыру (немесе табиғи төзімділікті қалпына келтіру) аутоиммундық және аллергиялық ауруларды емдеуде, сондай-ақ трансплантаттың кері қайтуының алдын алу үшін өте қолайлы. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Хан мен құмырсқалар

Баяғы заманда бір хан өтіпті. Өзін-өзі әлемдегі асқан ақыл-парасатты, ділмар адам санайды екен.
Бір күні хан қалың нөкерін шұбыртып, саятқа шығуға әзірленіпті. Жан-жаққа жаршы, хабаршылар шаптырыпты. «Құрт-құмырсқаға, кішкене жәндіктерге айтыңдар, он күнге дейін індерінен шықпасын. Әйтпесе, біздің аттарымыз таптап өлтіреді!» – деген хабар таратыпты.
Бұл хабарды естіген соң ұсақ жәндіктер індеріне тығылыпты. Ал құмырсқалар болса, әлгі ханды өз ауылдарына бір қондырып, сый-сыяпат көрсетпек болады.
Хан қалың қолмен аңға шығады. Келе жатып, құмырсқалардың жол тосып, топтасып тұрғанын көреді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі балаларда еңбекке тәрбиелеу

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр.
Қазақстан Республикасының Презедиенті Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша қазақстандықтарға қуат беруде.
Өндірістік орындары қайта түлеп, жаңа әлемдік технолгиялармен жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсаруда. Бүгінгі таңда ағымдық ақпараттық құралдар мен компютерлік технология қуатты дамып отырған кезде қоғам талабына сай білім берудің озық технологияларын пайдалана білуі қажет. Осы орайда әлемдік білім берудің озық үлгісін қолдана отырып білім беру деңгейін көтеру, балаларға кәсіби бағдар беруді іс жүзінде қуаттандыра біліп, балабақша шеберханаларын қажетті материалдармен, құрал жабдықтармен сұраныссыз жабдықтап отыру, ең негізгісі – жеке тұлғаны жауаптырақ тәрбиелеуді талап етіп отыр.
Демек, бүгінгі күні балабақшаларда айналамен танысу сабағын оқытуда балаларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін көтеру мақсатында баланың дүниетанымын тәжірибе үлескісінде еңбекті ұйымдастыру арқылы болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде көп үлесін қосуда.
Зерттеудің мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Постер жасау«Э» дыбысы мен әрпі №1 (1 сынып,4 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем»
Сабақтыңтақырыбы: Постер жасау«Э» дыбысы мен әрпі №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж4 Өз ойынан мәтін жазу Ж6
Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу Ж11 Грамматикалық нормаларды сақтау Ж12
Пунктуациялық нормаларды сақтау
Сабақ мақсаттары:
Берілген сөздердің көмегімен қарапайым постерлер құрастырады.
Сөздерді, сөз тіркестерін,қысқа сөйлемдерді суреттермен, белгілермен толықтыра отырып ұқыпты жазады/тереді.
Жай сөйлемдерде сөздерді дұрыс байланыстырып жазады, көптік жалғауларды дұрыс қолданады
(Мұғалімнің көмегімен сөйлем ішінде және соңында қойылатын тыныс белгілерін ажыратады.).....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бала патша

Бұрынғы заманда бір шәрінің жас балалары жиналып ойын ойнайды екен. Балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір, бек, жендет болып ойнайды. Енді біреулері қазы, сұрақшы болады, кейбіреулері тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алди- яр патшаның шәрісі деп атапты. Барлық балалар Алдияр патшаның өмір-пәрменіне риза болып, бас иіп тұрады екен. Сөйтіп, балалар күн сайын Алдияр патшаның шәрісі өздерінің ойнайтын жеріне жиналады, патшаның берген өмірін орындап, ұйлеріне кеш қайтып жүреді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жастар арасындағы Абай оқуларының маңызы неде


PS: Бүгінде интернет желісін ашып қалсаңыз болғаны, неше түрлі жаңалықтарға тап боласыз. Дүбірлі дүниенің дүркіреген даусы алдыңызда айдан анық шыға келеді. Приоритетті, толғандыратын, талқыға көп салынатын жастар мәселесі өріп жүр. Небір сұмдық, суық хабарлар жағаңды ұстатады. Мысалы, жастардың мейірімсіздігі, зұлымдық әрекеттері, суицид, т.б.

Жақында ғана Астана қаласында бірге тұрған дос құрбысын өлтіріп, денесін 26 жерден пышақтап, кілемге орап, кіреберіске шығарып тастаған жағдай Қазақстанның БАҚ беттерін «Азапты өлім» айдарымен шулатты. Күн сайын елімізде осы тақылеттес қатыгездікпен жасалып жатқан түрлі жағдайлар орын алуда.

Енді интернеттің жаңа бетін ашып, іздеу жолағына «Человек из очереди» деп теріңіз. Кореялықтардың түсірген бұл ролик-видеосы әлеуметтік парақшаларда ең көп дауыс жинаған туынды. Әлеуметтік желі тұтынушылары осы видеомен бөлісу арқылы барша әлемді мейірімді болуға, қайырымды істер жасауға, адамдардың бір-біріне адамгершілік, ізгілік, мейірбандылық, бауырмалдылық, жақсылық танытуға шақырады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ол неден жасалған

Тақырыбы: «Ол неден жасалған»
Мақсаты: «Ол неден жасалған» сұрақтар қоя отырып, ойыншықтардың түрлерімен, олардың сапасымен ойнау тәртібімен жолдарымен таныстыру.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу.
Шаттық шеңбері:
-Сәлем, саған күн ,
- Сәлем саған, күн шуағы.
- Сәлем, достар, сәлем достар.
Мотивациялық кезеңі:
Есікті біреу тарсылдатып қоржын әкеледі. Қоржынның ішінде түрлі ойыншықтар болады.
-Оны мақта қыз әкеледі, ойыншықтар неден жасалғанын айтып берулерін сұрайды.
Іздену кезеңі: 1-орталық Экология .Әр баланың көзін жауып үстел үстінде жатқан затты сылап-сипау әдісімен қандай ойыншық, неден жасалғанын айтқызу, ойыншықтарды сындырмауға баулу. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0