Ертегі: Қарахан

Қарахан деген қадірлі хан болыпты. Қырық уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Әлгі сейілге шыққанда, қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Сейілге шығып жолда келе жатқанда, Қараханның қамшысы түсіп кетеді. Сол арада көп кісі – қырық уәзір, қырық кісі, тегісімен атынан түсе қалып, ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны ұстап, тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап: «Япыр-ау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп, құрмет істегендей, мен сонша қадірлімін бе? Халық жақсы құрметтейді екен ғой»,— дейді. Мен бұған шүкіршілік қылайын, халықтың маған істеген сол құрметіне......
Ертегілер
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жүрек сыртына массаж жасау

Зардап шегушінің тек тыныс алуы ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырлары арқылы қан айналымын қамтамасыз етпеген кезде оның қан айналымы да тоқтауы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету кезінде бір ғана қолмен дем алдыру жеткіліксіз болады. Себебі оттегі өкпеден қан арқылы басқа мүшелер мен ұлпаларға өтпейді, қан айналымын жасанды түрде қалпына келтіреді.



Егер төс сүйекті басса, жүрек көкірек қуысы мен омыртқа ортасында қысылады да оның қуысынан қан тамырларға сығылады. Бұл жасанды түрде қан айналымын қалыпқа келтіретін жүрек сыртына (тікелей, жабық түрде емес) массаж жасау деп аталады. Осылайша қолмен дем алдыруды жүрек сыртына массаж жасаумен үйлестіру кезінде тыныс алу, қан айналу қызметтері жасанды түрде жүргізіледі.



Осы шаралардың жиынтығы реанимация (яғни ағзаны тірілту) деп, ал шараларды – реанимациялық деп атайды .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекеттерінің дамуын зерттеу

Кіріспе.
Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құрады.
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Қарахан ертегісі

Қарахан қырык уәзірімен бір жерге сейілге шығыпты. Сейілге шыққанда қырық уәзірдің қасында қырық кісі бар екен. Көп кісі сейілге шығып жолда келе жатқанда Қараханның қамшысы қолынан түсіп кетеді. Сол арада көп кісі бөгеліп, қырық уәзір мен қырық кісі аттан түсе қалып ханның қамшысын әпермекші болады. Тигені қамшыны әпереді. Тимегені тек ұмтылып, бәрі де ханға құрмет қылады. Сол кезде Қарахан ат үстінде тұрып ойлап:

— Апырау, бір қамшы үшін қырық уәзірім мен қырық кісі бірдей түсіп құрмет істегеніндей мен сонша қадірлімін бе, мені халық жақсы құрметтейді екен ғой, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Жас жұбайлардың анасы


Ана ауыр науқасқа шалдыққан еді. Төсек тартып жатып қалған. Осы кезде оның жалғыз ұлы үйленді. Ана өз өмірінде бұл тойды асыға күткен еді. Онда үнемі өзін тойдың ортасында мәре-сәре боп жүгіріп жүрген қалпында елестететін. Бірақ анаға қазіргі сәтте ауыр науқасы бұған мүмкіндік бермеді. Оның орнына тойда сіңлілері жүгіріп жүрді ғой. Сонда да ана төсегінде жатып алып, ұлының үйленіп жатқандығына қуанып жатты.

Той да өтті. Адамдар тарап кетті. Тек ананың жанында кеше ғана үйленген жас жұбайлар қалды. Жастар үнемі ас ішетін мезгіл болғанда, ананы да өздерімен бірге ас ішуге шақыратын еді. Бірақ ана оған жарамайды ғой. Дегенмен үнемі: "Мені өздеріңнің ас ішкелі жатқан бөлмелеріңе апарып жатқызыңдаршы, - дейтін ана. - Мен сендердің қатар отырып ас ішіп отырғандарыңды көріп жатқым келеді".
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Қайсар Гүл жайлы ертегі

Мұнда қашан түскенін білмейді. Жер бауыры жылынғалы өзінің бас көтергісі келіп, ерекше бір сезім өн бойында тулап жатқанын сезді. Бірақ, еңсесін қанша көтерейін десе де, бойын тіктей алар емес. Әсіресе соңғы кездері жаңбыр көп жауып, топырақпен бойына нәр жүгіргелі асау сезім тіпті бұлқынып кетті. Бұрынғыдай емес, денесіне жылу да көп келетін болды. Ол өзін құрсауынан шығармай тұрған асфальттан сұрады:

— Білесіз бе, маған бұл жерден басқа бір керемет......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жаһанша

Бар екен де, жоқ екен, аш екен де, тоқ екен. Ертегім ертек екен, ешкілері бөрте екен, қырғауылы қызыл екен, құйрық жүні ұзын екен, мұзға мінген екен, бұты тоңған екен. Өткен заманда бір патша болыпты. Оның баласы болмаған екен.

Бір күні уайымдап отырғанда уәзірі келіп:

— Ей, патша, неге қапа боласыз? – депті.

Сонда патша айтыпты:

— Балам жоқ, оны өзің де білесің. Мен өліп кетсем менің орныма әлдекім ие болады, – дегенде уәзірі бір кітапқа қарап айтыпты:

— Сіздің қатыныңыз жүкті, тоғыз ай, тоғыз күн дегенде бір ұл туады. Ол ұлыңыздың атын Жаһанша қоясыз, – депті. Айтқанындай......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Зерделі бала

Ерте заманда бір ауылдың апта сайын бір тайыншасы зым-зия жоғала беріпті. Бұл ауылдың адамдары жабыла іздесе де ешбір із-түзін біле алмапты. Тіпті көрген-білген, сезік алған бірде-бір адам болмапты.

Сол ауылдың басы қазандай, сәлдесі дағарадай Жақып деген молдасы болыпты. Молда күн сайын ұзақ намаз оқып, оның соңынан көзін жұмып алып, жарты құлаш қара ала таспиғын тартып отырып:

Айналайын, таспиғым сенен,

Ешкім күмән қылмас менен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой», – дейді. Әуелі таң қалған Жүсіп аз ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар», – деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!» – дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ», – дейді.
Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:
— Сен арқама мін, орманға апарайын, – дейді де Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп құстың арқасына отырып, қалың тоғайға келеді......
Ертегілер
Толық
0 0