Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 6-сабақ Оқу мақсаты: А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау Сабақ мақсаты: Оқушылар: Шығарманың тілдік ерекшелігін талдап, автор стилін анықтайды.....
Ерте заманда Сырлыбек дейтіннің бір бөлек ауылы Қызылқұмңың бір алқабына келіп қонып жатады. Әркім өздерінің баспаналарын тігіп, азды-көпті азықтарын пісірісіп, кешкі астарын даярлайды.
Сырлыбек басшының өз үйі осы топтың дәл орталығында болады екен. Кешкі тамақтарын алдарына ала бергенде, Сырлыбек үйінің сыртынан біреу дауыстап үй иесінің шығып жолығуын сұрайды. Сырлыбек шықса, жалғыз атты жолаушы екен, қонуға рұқсат сұрайды. Үй иесі қарсылық етпейді, қош алады.......
КІРІСПЕ Жұмыстың өзектілігі Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты кейбір ғалымдар сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде қарастырады, сөзжасамдық ұяның, сатының, тізбектің бірлігі ретінде қарастырады. Бірқатар ғалымдар, атап айтсақ, А.И.Моисеев, Л.К.Жаналина, т.б. өздерінің еңбектерінде сөзжасам жүйесінің негізгі бірлігі ретінде сөзжасамдық жұпты көрсетеді. А.И.Моисеев ғылыми еңбектерінде «основная единица словообразования происходит в пределах словообразовательных пар; почти все ... явления словообразования можно обнаружить в этих пределах: производное слово, производящее слово, средство и способ словообразования, словообразовательное значение; а словообразовательные гнезда и типы сводимы к словообразовательной паре, т.е. могут быть равны ей ... словообразовательные в миниатюре» - деген ой тұжырым жасайды. Ал, ғалым Л.К.Жаналина өзінің ғылыми еңбектерінде сөзжасамдық жұпты сөзжасамның негізгі бірлігі деп танып, оған мынадай сипаттама береді: Словообразовательной парой называется объединение мотивированного слова на основе отношения формально-семантической выводимости, т.е. словообразовательной ммотивации, с мотивирующим. Именно словообразова-тельная пара является основной единицей словообразовательной системы, так как она отвечает всем требованиям языковой единицы. Сомнение сожет вызвать ее элементарность. Осы мәндес тұжырымды З.Бейсембайқызының «Қазақ тілін модуль негізінде оқыту» деген еңбегінен кездестіруге болады. Онда: «Негізгі сөзжасамдық құбылыстардың бәрі осы сөзжасамдық қосақтан тарайды. Сондықтан, сөзжасамдық қосақты «шағын сөзжасам» деп те атайды. Осыған орай, сөзжасамдық талдаудың да негізгі единицасы – сөзжасамдық қосақ болып табылады» - делінген. А.Салқынбай «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбегінде сөзжасамдық жұпқа мынадай анықтама береді: «Сөзжасамдық жұп – сөзжасамдық ұяның ең кіші бірлігі. Сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады. Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы. Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық, тұлғалық және мағыналық байланыста болады» /1, 119/. Б.Есімсейітов «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектердің құрылысын синхронды тұрғыдан сипатау» деген еңбегінде сөзжасамдық жұпты: «Сөзжасамдық тізбектегі синтагматикалық қатынас негізінде сөзжасамдық жұп жасалады. Сөзжасамдық жұп – негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратын екі құрамды сөзжасамдық құбылыс» - деп түсіндіреді. Яғни ғалымның еңбегінде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық тізбектің құрылымдық бірлігі ретінде қарастырылады. Сөзжасамдық жұп өз алдына жеке зерттеу нысаны ретінде қаралмаған, десек те кейбір еңбектерде сөзжасамдық жұпқа анықтамалар беріліп, сипаттама жасалған. Бұл ретте Н.О.Оралбаеваның, А.Салқынбайдың, Б.Есімсейітовтың, З.Бейсембайқызының еңбектері мен мақалаларын көрсетуге болады. Сөзжасамдық жұп негізінен сөзжасамдық ұя, сөзжасамдық тарам, сөзжасамдық тізбек мәселелеріне арналған еңбектерінде сөз болады. Бұл еңбектерде сөзжасамдық жұп сөзжасамдық ұя, тарам, тізбектердің қарапайым бірлігі ретінде қарастырылады....
Бір күні түлкі жортып жүріп, қақпан үстінде өліп жатқан бір балықты көреді. Түлкі балықты құйрығымен сипап, тартып қарайды, бірақ қақпаннан шығара алмайды. Балық үлкенірек екен, түлкінің құйрығының қуаты келмейді. Балықты алып жей алмай, ызаланып, жолмен жортып келе жатса, түлкінің алдынан бір маймыл ұшырайды. Түлкі маймылды көріп, басын төмен салып, құйрығын бұлаңдатып, еркелеп, ыржаңдай күліп, сәлем береді. Маймыл сәлемін алып......
Бұрынғы өткен заманда көденің көгерген жасыл кезінде, жерге қар жаумай, жердің түрі кілемнің түріндей жайқалып түрленіп тұрған уақытта, өзендердің сулары орта түспей, Жайсаңның көлі мұхит дариясындай үлкен көл болған мезгілде, бір Итбай деген хан болыпты. Итбайды шешесі тапқанда, күндіз екені де, түн екені де белгісіз болыпты. Егерде мұны тапқаны күндіз болса, күн сәулесі көрінбеген қараңғы болса керек. Күннің сәулесі көкте де көрінбейді, жерге де түспейді, жақын тұрған тауларды да қыздырмапты. Алыстағы даланы да жарық қылмапты. Күннің бір сәулесі тым болмаса Итбай ханның туған үйіне де түспепті.
Егерде туған мезгіл түн болса, көкте ай, жұлдыздар да көрінбеген шығар, бұлардың біреуі де Итбайға қарай......
Қасиетіңнен айналайын қазақ жері, сенің әрбір тауың мен тасыңда, суың мен нуыңда бабамыздың шоқ басып, шөңге қадалған табанының ізі қалған. Қызыл қаны мен маңдай терінің кермек иісі сақталған. Өз жерінде өгей болып өскен халқымның шемен боп қатқан қасіреті бара-бара қара тасқа айналып, шерлі жүректің шежіресінен сыр шерткендей. Азат өмірді аңсап өскен ата-бабаларымыз өз жерінде отырса да, басына үйі, бауырына қазаны бұйырмай, қаншама жылдар қайғы жұтып, қасірет тартпады дейсің. Алайда бұл жылдар ерен ерлікке, қайыспас қаһармандыққа толы болғанын біз бүгін сүйсіне еске аламыз да, аталар аруағына басымызды иіп тағзым етеміз. Тағзым жасай отырып, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Сырым, Амангелділер мінген тұлпарлардың тұяғының ізі қалмады ма екен деп, шақпақ тас пен шағыл құмға еріксіз үңілеміз.......
Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек деген екен.
Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз сиыры болыпты. Ермек шешесін калдырып өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал бір сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда»,– депті. Ермек келе жатып:
Ертеде бір асқан бай болыпты. Оның бір бәйбіше әйелі болыпты. Әлгі бәйбішеден бес ұл туыпты. Бес ұлы ер жетіп, бай қартайып қайтыс болыпты. Бәйбіше әйелі отыз екі жасында жесір қалыпты. Сонан бір жылдары ел жайлаудан етекке түскен кезде, жайланып жылдағы бір отыратын тау етегіндегі қонысында отырады.
Сөйтіп отырғанда, бір күні іңірде далаға шықса, бір нәрсе көтеріп алып қашып кетеді. Бәйбіше қорыққандығынан даусы да шықпайды. Сөйтсе аю екен дейді. Сол апарғанынан аю үңгіріне апарады. Бәйбіше үңгірде қамалып жатады. Жейтін тамағы алма, шикі ет, түрлі жемістер болады. Аю күндіз кетіп, түнде келіп түнеп тұрады. Түрлі жеміс, етті әкеп тұрады екен. Сонан бәйбіше үйреніп, аюмен бірге күнелткізіп тұра береді.......
Бұрын бір жалғыз басты Туыс деген жігіт болыпты. Ойдан орады, қырдан қырады, артып-тартып үйіне екі-үш айда бір келіп, үйіп тастап тұрады. Бірақ та дүниесі артпайды, кеми береді, берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен, оның ешқандай табары жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Бірақ тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Туыс «бұл қалай?» деп сұрап Ақылға барып сынатады......
Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қылжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ер жетіпті, өсіпті. Айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған бар ма: «Баласының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау», – дейтін болыпты.
Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды.......