Ертегі: Түлкі мен қасқырдың достығы

Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Екеуі біріне-бірі барыс-келіс жасап тұрады.
Бір күні түлкі қыдырып, қасқыр досының үйіне келсе, жейтін түгі жоқ, аштан бұралып отыр екен.
Түлкінің осындай қысылтаяң кезде келгеніне қуанған қасқыр:
– О, досым, келгенің қандай жақсы болды. Тіске басар түгім жоқ, қарным ашып, ішім шұрылдап отыр. Сен епшіл, амалшылсың ғой, айлаң да көп. Бір амалын ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Молда мен сиқыршы әйел

Ертеде бір молда болыпты. Молданың бір оқыған сиқыршы әйелі болыпты. Әйелі үйінде тамақ ішпейді, молданы сиқырлап ұйықтатып тастайды да, өзі ылғи басқа бір жаққа барып қайтып жүреді.
Бір күні молда әйелін аңдиды. Тамақ дайындап беріп, әйелі үйден кетісімен молда жалма-жан киімін өзгертіп, қараңғы түнде әйелінің соңынан ереді де отырады. Әйел бір молаға барады. Моладан жаңа көмілген адамньң етін алып жейді. Мұны өз көзімен көрген молда әйелінен бұрын үйіне келіп жатып қалады. Артынан көп кешікпей әйелі де келіп жатады.
Таңсртең тұрып молда тамаққа отырғанда, әйел күндегісіндей тамақ жемей қарап отырады. Оған молда ашуланып......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Сегіз жаста ұлы октябрь)

Жаудың қанын судай шашқан күн.
Қара пейіл арам жұрттар жеңіліп,
Езілгендер қуанып үн қосқан күн.
Тұтқындағы өзгерістің ұлдары,
He заманғы бұғауларын шешкен күн.
Қызыл әскер тасты жүндей қопарып,
Жаңа дүние жайлауына......
Өлеңдер
Толық
0 0

Бата-тілек: Жас жұбайларға бата

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы отбастарыңа
Сәбидің шаттық үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,
Есіктерің жабылмасын,
Шаршап - шалдыққандар
Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау - жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!....
Баталар
Толық
0 0

Ертегі: Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті......
Ертегілер
Толық
0 0

Шығарма: Мен - тәуелсіз елдің жас ұланымын

Тәуелсіздік қасиетті сөз. Осынау қасиетті ұғымды аңсап күткен қазақ баласы екі жарым ғасыр бойы дұғадай жаттап, ұрпақтан-ұрпаққа найзаның ұшы, қылыштың жүзімен, ата-баба қанымен аманат етті, намыс жігерін болат кездіктей жаныған батыр бабаларымыздың азаттық жолындағы күрестері – осының жемісі.

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Бұгінгі ұрпақ егемендіктің ғасырлар бойғы күрестің, «Елім, жерім» деп қасық қандарын қиып, елі үшін жанын пида еткен аға-апаларымыздың қанымен келгендігін есте сақтағанымыз жөн.

«Ерлік-ұрпаққа ұран, елге мұра» деген бабалар өсиетін бойына дарытқан халқымыз бүгінде жас ұрпақтың бойындағы патриотизмді дамыту үшін зор көңіл бөлуде. Соның бірі жалпылай бірдей мектептерімізде өзін-өзі тану пәні енгізеді. Бұл пәнде біз шығармашылық жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Пәннің ерекшелігі, біз еркіндікті сезіне отырып, жан жақты білім аламыз. Елбасының бастауымен ұйымдастырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған «Жас Ұлан» ұйымы-соның айқын көрінісі. Біз, жастар, «Бір жеңнен қол, бір жеңнен бас шығарып», бір қозғалысқа бірігіп, биік асуларды бағындыруымыз қажет, «Жас Ұлан» ұйымы осы игі істердің бастауы деп ойлаймын. Осы орайда жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы Қ.Ж. Тоқаев ағамыз бен еліміздегі белсенді жастардың ойы ұштасып жатқандай. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Ертегі: Ханның үш ұлы

Бір ханның үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы болыпты. Үшеуі де отау иесі жасына жеткенімен, бірде-бірі үйленбепті. Хан бір күні уәзірін шақырып алып:

— Балаларым ер жетті, енді үшеуін де үйлендіремін, кімнің қызын алады екен, таңдаған, сүйген қыздарын өздері айтсын, қалың малы қанша болса да беремін, дәулетім жетеді, үшеуінің тойын бір күні жасаймын, сен балаларымды жеке-жеке шақыр, ақылдасайық, – деді. Уәзір алдымен үлкен ұлын шақырып келеді.

— Балам, – дейді хан, — жасың жетті, сені үйлендіремін, жасау-жабдығың дайын, қалыңмалға беретін мал-мүлік, алтын қазынам да жетеді, осы шаһардан таңдаған қызың болса айт, дереу құда түсемін де іле-шала той жасаймын.

— Сіз кімнің қызын ұйғарсаңыз, соны алайын, – дейді үлкен ұлы.......
Ертегілер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Жылжымайтын мүлікпен байланысты жасалатын мәмілелер

Қазіргі кезде жылжымайтын мүліктермен мәміле жасау шаруашылық айналымының үлкен бөлігін құрайды және азаматтық айналымда, азаматтар мен заңды тұлғалардың қызметтік өмірлерінде маңызды орын алады.
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақстанда рыноктық қатынастың гүлдену кезінде жылжымайтын мүліктерге қатысты құқықтық қарым – қатынасты реттеу және жылжымайтын мүлікпен мәміле жасау қазіргі уақытта өте жақсы дамыған. Сондай-ақ жылжымайтын мүлікті пайдалану аумағы үнемі ұлғайып отыр, ал мәдениетті рынок әлі өз мәресіне жеткен емес және өз заңды формасына ие болған жоқ. Сондықтан, өзімнің дипломдық жұмысымда жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелерді құқықтық реттеу сұрағының арнайы аспектілерін қарастырғым келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

Мектеп жасына дейінгі балалардың еске сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
Игры и упражнение для развития памяти у детей дошкольного возраста

Кіріспе
Қазіргі уақытта оқу - ағарту саласында мектепке дейінгі мекемелерде баланың жеке басының дамуына, оның қабілеттерін дамытуға аса көңіл аударылуда.
Адамның тал бойындағы барлық қабілет - мүмкіндіктерінің арасындағы ең бірегейі — оның еске сақтау қабілеті. Алайда бүгінгі технология ғасырындағы басты індеттің бірі – жастың да, жасамыстың да күннен - күнге еске сақтау қабілетінің нашарлауы.
Бұл тек жасы егде тартқан жандар үшін ғана емес, сонымен қатар балалардың арасында да белең алып бара жатыр. Қазіргі жаңа заман уақытында ІТ технологиялардың дамуы баланың жеке қасиеттеріне, қабілеттеріне, психологиялық үдерістеріне кері әсер еткізіп жатыр. Балалардың еске сақтау қабілеті жылдан – жылға төмендеп бара жатыр, олардың барлық назары интернет, смартфон, гаджеттар мен планшеттерде. Берілген материалды еске сақтауының төмендеуі, баланың, ес үдерісінің жоғалуына әкеліп тұр. Мұның өзі мектепке дейінгі жаңа .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0