Реферат: Биология | Жарық

Жарық (hernіa) — іш қуысында жатқан органдардың немесе олардың бөліктерінің әдеттегі орнынан іш пердесімен бірге тері астына шығуы. Ж. кезінде Ж. қақпасы, Ж. қабы (іш пердесі), Ж. қабаттары пайда болады. Ж. шыққан (орналасқан) жеріне қарай шап Ж-ғы, сан Ж-ғы, кіндік Ж-ғы және кіндік тұсы Ж-ғы, т.б. деп ажыратылады. Ж., көбінесе, жүдегенде, қатты күш түскенде, күшенгенде, әйелдің жүкті кезінде, т.б. пайда болады. Сонымен қатар Ж. туа пайда болған және жүре пайда болған деп бөлінеді. Жас балалар мен орта жастағы адамдарда, көбінесе, ер адамдарда жиі кездеседі. Ішкі органдардың жарақаты асқынып ұзаққа созылса, тыртықтанып бітіп, кейіннен сол жер Ж-қа айналады. Ж-тың салынатын, салынбайтын, қысылған түрлері бар. Салынатын Ж. шыққан тінді қолмен сипап түзеткенде орнына түседі. Егер тін қабаттары бір-бірімен жабысып, бұратылып, түйінге айналса, салынбайтын Ж. деп аталады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалы
Сабақ тақырыбы: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсері 1-сабақ
Оқу мақсаты: Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар орындай алады:
«транслокация»ұғымының анықтамасын білу;
флоэманың құрылысын білу;
ксилема мен флоэманың құрылыс ерекшеліктерін салыстыру;
флоэма бойымен заттардың тасымалдану үрдісін түсіндіру;
Флоэмадағы зат тасымалына сыртқы орта факторларының (температура, ылғалдылық, жарық) әсерін зерттейді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Физика | ЖАРЫҚТЫҢ ДИСПЕРСИЯСЫ

Сыну керсеткіші жарық шоғының түсу бұрышына тәуелді емес, алай-да, шоқтың түсіне тәуелді1. Мұны ашқан Ньютон болатын.
Ньютон телескоптарды жетілдіру жұмысымен шұғылдана отырып, объ-ективтен шыққан кескіннің шеттері боялғанша көңіл аударады. "Ол бұл құбылысты тамашалады да, тұңғыш рет — жарық сәулелерінің алуан түрлі екендігін және бұған дейін ешкім ойламаған, жарық түстерінің ерекшелігін зерттеді" (Ньютон қабірінің басына жазылған сөз). Линзадаи шыққан кескіннің кемпірқосақ түсіне боялатыны әрине, Ньютонға дейін де байқалған. Призма арқылы қараған нәрселердің шеттері де кемпірқосақ түсті болатыны байқаған. Призма арқылы өткен жарық сәулелері шоғының шеттері боялған болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Жарықтың әсерінен элодей өсімдігі жапырағында хлоропласт санының өзгеруі

Фотосинтезге әсер ететін сыртқы жағдайлардың ішінде ең маңыздысы жарық болып есептеледі. Жарық өте нашар, болар - болмас жағдайда да өсімдікте фотосинтез жүзеге аса береді. Мысалы, күн батар кездегі күн сәулесінің өзі – ақ жеткілікті деуге болады. А. С. Фаминцын 1880 жылы фотосинтез қарқындылығын жарықтың әр түрлі деңгейінде анықтап, оның басталуы және жапырақта крахмалдың синтезделуі үшін жермай шамының жарығы да жеткілікті болатынын дәлелдеген. Жарық деңгейі тал түстегі күн сәулесінің 1/3 - не жеткенше фотосинтез қарқындылығы арта береді. Жер бетіне түсетін күн сәулесі одан әрі күшейгенде фотосинтез қарқындылығы шамалы жоғарылайды да, сол қалпында тоқтап қалады. Осы кездегі жарық деңгейін фотосинтездің жарықтық қанығуы, немесе қарқындылық шегі деп қаралады. Жарықтың қанығу деңгейінен жоғарылауы фотосинтездік аппаратты зақымдауы мүмкін. Себебі, мұндай жағдайда фотосинтездік тотығудың зиянды әсерінен ферменттер ырықсызданады. Жарықпен қаныққан кезде хлорофилдің қозған молекулалары шамадан тыс көбейіп, олардың энергиясы фотосинтезге толық жұмсалмай, басқа қажетсіз реакцияларға - ферменттердің тотығуына (карбоксилаза), т. б бағытта жұмсалады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу

Это важно!
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Өлеңдер
Толық
3 -2

Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары тақырыбына есептер шығару (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары тақырыбына есептер шығару.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жарықтың сыну құбылысын сипаттау;
• Жарықтың сыну заңын тұжырымдау;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары. (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жарықтың шағылуы, шағылу заңдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.2 – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау;
8.5.1.3 – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс:
- жарық сәулесі және екі орта шекарасы ұғымын;
- диффузиялық және айналық шашырауды;
- шашыратқыш бетке түсірілген нормаль ұғымын;
- түсу бұрышы мен шағылу бұрышын сипаттау;
- жарықтың шағылу заңын қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жарықтың түзу сызықты таралу заңы 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жарық құбылыстары.
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі тиіс:
- жарық көздерініӊ түрлерін;
- жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын;
- жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын;
- көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын;
- Күн және Айдыӊ тұтылуын......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Фотосинтездің жарық сатысы

Фотосинтездің жарык сатысы фотоеинтездік жүйелер құрамындағы пигменттердің жарық квантын (фотон) сіңіруінен басталады. Жоғарыда көрсетілгендей жеке пигменттердің сіңіретін сәулелері спектрдің әр түрлі аймақтарына тура келеді. Бұл ерекшеліктер олардың молекулаларындағы электрондардың орналасу реттеріне байланысты.
Пигменттің фотонды сініруінен оның молекуласындағы электрондардың орналасуы өзгеріл "ырықтанған" күйге ауысады. Мысалы, қызыл сәуле квантын сіңірген хлорофилл молекуласы қозған синтгменттік - S* күйге көшеді. Энергиясы молырақ көк сәуле кванты сіңгенде электрон одан да жоғары қозған деңгейге (орбиталь) — S,* көтеріледі. Хлорофилдің қозған — энергетикалық деңгейі жоғарылаған молекуласы бірнеше жолмен бұрынғы қалпына қайтып келеді. Осы күйдегі энергияның біраз бөлігін жылу түрінде бөліп шығарып хлорофилл молекуласы ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіруі мүмкін. Бұл құбылыс флуоресценсия деп аталады. Энергияның ендігі бөлігі молекула синглеттік қозған күйден тұрақтылау трипеттік — Т күйге ауысқанда бөлінеді. Осы күйдегі молекула одан да ұзын толқынды жарық квантын сәулелендіріп (фосфоресцвисия) негізгі күйіне қайтып келеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0