Әңгіме: Бердібек Соқпақбаев | Жалғыз қолды биллиардшы


Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.

Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.

— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...

Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.

Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.

Амандасып болысымен:

— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.

Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:

— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.

— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?

— Еркің білсін.

Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.

Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Эссе: Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.......
Эсселер
Толық
0 0

Өлең: Кенен Әзірбаев (Жалғыз қаз)

[quote]Хан отыр ханымымен ішіп шайын,
Күтуші күң мен құлы бәрі дайын.
Қасында қырық уәзір қошеметтеп,
Дайындап қазы-қарта, бал мен майын.
Бұл ханның дастарқаны күнде топыр;
Шаш балау, алуа, шекер түрленіп тұр.
Әйелі сұлу екен көз тартқандай,
Көрнекті көркем жігіт бас уәзір.
Хан отыр шарап ішіп, көңілі мәз,
Қасында қырық жолдас пен әнші, өнерпаз.......[quote]
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жалғыз арша (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қарқаралы басында жалғыз арша,
Хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша.
Кішкенеден бірге өскен сәулем едің,
Өмірің аз ба, көп пе, әлде қанша?

Қайырмасы:
Өтті жалған,
кештім сайран.
Уа,шіркін, бозбала!
Жастықтың әсерімен
Еттім сайран.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Махаббат хикаясы: Мен үшін ол бұл өмірдегі жалғыз жан

Бәрі 9 сыныптан басталған .Ол паралель сыныпта оқитын .Оны бұрын мүлдем байқамайтынмын ,тағдыр шығар ...Бір күні мектепте ол 1-ші этажға мен 2-ші этажға көтеріліп баратқанда бір-бірімізге қарағандағы көзқарасымыз тым ерекше болатын .Оның көздерінен қандай да бір жылулық сезініп тұрды. Оның сол кездегі маған қараған көздерін ешқашан ұмытпаспын .Бұның бәрі бекер болмапты .Сөйтіп екеуміз жақсы араласа бастадық. Басында ол маған ұнаған жоқ .

Ол звондағанда да суық сөйлесетін едім .Менім қандайда болмасын мінезіме шыдайтын еді. Сол кезде оны бағалай алмағаныма өкінемін .Бірақ өкінгенмен не пайда ?!Артынан екеуміз мүлде сөйлеспей қалдық .Күндер өте оған деген сезім пайда бола бастады .Оны іздейтінді шығардым .Басқа қызбен жүріп жатқанын біле тұра ,қайтадан сөйлесіп ,бәрін басынан бастағым келді. Сөйтіп қайтадан сөйлесе бастадық .Екеуміз екі жақта жүрсекте жүре бастадық .Мен 1 курс ,ол 10 оқып жатты .Айлап жылдап кездесіп тұратын едік .Телефонмен ,смспен ,агентпен оған сағынышымды жеткізе алмайтын едім .Қанша қиналсамда оған білдірмеуге тырысатын едім .Ол мағам шыдамды болуды үйреткен жалғыз жан ,қандай қиындық болсада бәріне шыдадық .Қасымда болмағасын қатты қызғанатын едім .Сол үшін де көп ұрысатын едік .Қанша дегенменде репер жігіт ,достары көп .Әсіресе қыздардан достары көп еді ......
Махаббат хикаялары
Толық
0 0