Тәрбиеші: Нуредилова Н. К.
Білім саласы: «Әлеуметтік орта». «
Денсаулық». «Шығармашылық». «Таным».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Жайлауға саяхат»
Мақсаты: Балаларға жайлау туралы түсінік беру, әңгімелесу арқылы тілін, көркемдік талғамын арттыру, балаларды үй жануарларымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрете отырып, олардың пайдасы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: Киіз үй керегесі, сандық, домбыра, көрпелер, жайлаудағы үй жануарларының үлгісі, мнемотехника кестесі, ат - арба, көрпешек тастармен, карточкалар, такси атрибуты, руль.
Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық - қозғаушылық Шаттық шеңбері.
Арайлап бүгін таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Балалар тәрбиешіден қайталап жасайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік Т: - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Дұрыс айтасыңдар.
- Күз мезгілінің басқа мезгілдерден қандай айырмашылығы бар?
- Жарайсыңдар балалар, дұрыс айтасыңдар.
Ал, қазір балалар мнемотехника арқылы
тақпақ жаттап көрейікші. .....