Желіде дастархандағы тамақты таласа-тармаса сөмкелеріне салып, тәрелкесімен бірге аударып жатқан әжелердің видеосы пайда болды. Ешкімнен қымсынбастан асқа таласқан әжейлер күлкіге қалды деп хабарлайды nur.kz.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын Сабақтың тақырыбы:Кешкі ас мәзірін жазу№2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу 1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. 4.1 Әр түрлі стильде жазу 1.4.1.1 Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Қарапайым тілмен жазады. Мұғалімнің көмегімен білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады Көбі: Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Өздері білетін әріптерді пайдалана отырып, сөздер құрастырып жазады Кейбірі: Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. Білетін әріптерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырып жазады......
Мен бұл тақырыпты таңдау себебім, осыдан 75 жыл бұрын болған, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғысты ұмыту мүмкін емес. Біз Ұлы Жеңісті ұмытпағанымыз секілді, азапқа толы сол бір кезді ұмыту мүмкін бе?! Ол біздің жүрегімізге ұмытылмастай із қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттардың айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтінін белгісі болып қаламақ. Бізді аталарымыз бен бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, сонымен қатар абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізген болатын. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің арасында, 96 жауынгер Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғыс майданы Мәскеуде, Сталинградта, Ленинградта болып жатты. Көрнекті Қазақ ақыны- Жамбыл Жабаев атамыз Ленинградтың ауыр тағдыры туралы «Ленинградтық өренім » өлеңінде: Ленинградтық өренім, Мақтанышым сен едің! Нева өзенің сүйкімді, Бұлағымдай көремін, - деп жырлаған болатын Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды да жер ететін, дәл осы соғыс. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтседе , еш нарсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы – бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне,......
Бөрілі байрағын желбіреткен ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы сайын дала төсін еркін жайлаған ел болатын. Жан-жақтан анталаған дұшпан біздің ұлан байтақ жерімізге көз аларта қарады. Азаттық жолындағы күрес қазақ баласының басын бір тудың астына біріктірді. Түбі бір түркі баласының көксегені – тәуелсіздік еді. Желтоқсан құрбандары ата-баба жолын жалғастырушы, тәуелсіздік жолындағы күрескерлер десек қателеспейміз. Жалған айып тағылған, «Бүлікші» деген жаламен қоғамның қаншама белсенді жастары қуғынға ұшырап, тағдыр тауқыметін тартты.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына белсене қатысқан жастар арасында Қайрат Рысқұлбеков те болды. Қайраттың туыстарына жазған «Бақ түссе – маңдайымнан, тас түссе талайымнан», көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр» деген хат жолдары сот алдындағы зұлымдыққа қарсы тұра білген өр мінезді қазақ жасының батырлық бейнесін айқын көрсетеді. Қайрат «...Жаным – арымның садағасы» деп батыл қадам жасаған жастардың бірі еді.
Желтоқсан құрбанына айналған Қайрат ер мінезді күрескерлігімен қатар ақын да болатын. Қайраттың шындық деп шырқыраған үні түрмедегі өлі тыныштықты бұзғандай еді. Қайрат Рысқұлбековтың «Еменнің иір бұтағы» атты өлеңдер жинағындағы «Ақтық сөз» өлеңінде:......
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын Сабақтың тақырыбы:Кешкі ас мәзірін жазу№1 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу 1.4.2.1 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады. 2.4 Диалогке қатысу 1.2.4.1 Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Қарапайым тілмен жазады. Анық сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Көбі: Қарапайым, түсінікті тілмен мұғалімнің көмегімен жазады. Анық әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді. Кейбірі: Қарапайым, түсінікті тілмен өзі жазады. Нақты әрі айқын сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсетеді.......
Кешке макияждан тазарту да бет күтімінің маңызды бір бөлігі. Өкінішке орай бетті тазартуға мән бермейтін не сабындап жуа салатын құрбыларымыз кездесіп қалады. Бетті дұрыс тазалау – әжімнің ерте түспеуінің бір кепілі болып табылады.
Кейбір бикештер «боянған жоқпын, сондықтан бетімді тазалаудың да қажеті жоқ» деп есептейді. Бұл – қате түсінік, себебі ауадағы шаң-тозаң тері бездерін бітеп, уақыт өте келе бет ажарының бүлінуіне әкеп соғады.
Ертеректе сабыннан басқа лосьонмен тазартқан болса, қазір сүт, тоник, гель сияқты түрлері өте көп. Тек дұрыс пайдалана білу қажет......
Бұрынғы заманда болған бір патша. Ол патшаның үш ұлы һәм бір жүдә үлкен бақшасы бар екен. Сондай бақша мақтауға келетін еді. Мұндай бақша ол заманда дүние жүзінде болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кісі кірсе, қайғылы кісінің қайғысы кетіп, ауру кісі ауруынан саламат болып шығатын еді. Бұл бақшада дүние жүзіндегі неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының ішінен биік өскен бір алма ағашын жан-тәнімен жүдә жақсы көреді екен. Ол ағашта өскен бір алманың біреуі алтынға, біреуі күміске, яғни әртүрлі түске айналып тұрады екен. Бір заман бұл бақшаға иеленген бір алтын құс келген. Алтын құстың әрбір жүні алтын секілді жалт-жұлт етіп тұрған һәм көзі гауһар секілді ойнап тұрған. Бұл әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына ұшып келіп қонады екен. Әлгі патшаның сүйікті алма ағашының әр түні бір алмасын шұқып, басқасын қиып түсіріп кетеді екен. Күндерде бір күн патша бақшасына шықса керек. Алма ағашынан алмасын қараса, алтын секілді жақсы алмасы жүдә аз қалған. Патша бұл істі көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бір күні патша өзінің үш ұлын шақырып айтқан......
Бір молда, бір ұста, бір тігінші—үшеуі жолдас болып келе жатып, баратын жеріне жете алмай, түн болып кеткен соң бір жерге қона кетіпті. Артып келе жатқан нәрсесі бар екен, үшеуі де ұйықтаса біреу әкетіп қалар деп, кезекпен қарауыл қойыпты. Ең алдымен ұстаны қарауыл қойыпты. Ұста жалғыз өзі зерігіп, ұйқысы келген соң бір үлкен ағашты кесіп алып, адамның дене (мүсінін) айнытпай жасап шығарыпты. Сосын тігіншіні оятып, өзі ұйқыға кірісіпті. Тігінші ағаштан істеген адамды көріп «менің өнерім бұдан кем бе» деп, дереу әдемі киім тігіп, ағашқа кигізеді. Ағашта тек жан жоқ болғаны болмаса, адамнан айнымайды. Тігінші молданы оятып, өзі ұйқыға кіріседі. Молда ағаш адамды көріп таң қалады. «Бұлар өнерін көрсетіпті, енді мен қайтем» деп қайғырыпты молда.
Сосын «енді осы ағашқа жан бітірсең екен» деп Құдайға жалынып жылапты. Құдай көз жасын қабыл алып, ағашқа жан бітіп, бір сұлу қыз болыпты. Сұлулығы соншалық, бетіне қарасаң көзіңнің жүзі таяды екен.....