Қиял-ғажайып ертегі: Сиқыршының сыйы осы

Бұрынғы заманда бір батыр болыпты. Оның бірінен-бірі өткен екі дүлдүлі бар екен. Батыр дүлдүлін алма-кезек мініп аңға шығып тұрады екен. Батыр күнде таңертең дүлдүлінің біреуі, терлеп тұрғанын көреді. Бұл істің байыбына бара алмай бір күні атшыдан сұрайды:

—Тақсыр, сіз әр күні аңнан шаршап келіп, төсекке басыңыз тиісімен-ақ қатты ұйқыға кетесіз. Ал сіздің бәйбішеңіз ел әбден ұйқыға барды-ау деген мезетте дүлдүліңізге мініп, жай атқа үш күндік жердегі ойнас байына барып, таңға жуық қайтып келеді. Түн бойы қатты жүріс көрген дүлдүлдің таңертең терлеп тұруы осыдан,—дейді атшы. Бұны естіген батыр әйелін аңдымақ болып өтірік ауырып әрлі-берлі дөңбекшиді. Әйелі тыным алмай күтеді. Батыр ел бір ұйықтап оянғанға дейін тыныштана алмайды. Әйел де уағдалы мезгілінің өтіп бара жатқанына қарап қатты шиыршық атады. Сәлден соң батыр әйелінің тізесіне басын қойып «ұйықтап» кетеді. Әйелі жүктен жастық әкеп байының басына жастайды да, далаға шығып, әлгі дүлдүлге міне салып, суыт жүріп кетеді. Мұны білген батыр екінші бір дүлдүлге міне салып, қарасынан қалмай қуа жүріп кетеді. Әйел айдаладағы бір тамға келіп түседі. Ішінен сақалды дәу бір адам шығып:

—Неге кешіктің?—дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Асан батыр

Баяғыда бір Естеміс деген шалдың үш баласы болыпты. Ең кішісі Асан. Асан жас кезінен бастап-ақ көзге көріне берген.

Естеміс бір күні Асанға: «Ал, балам, менің өлер алдындағы өсиетімді тыңда. Сен, осы күндердің өзінен бастап-ақ өз күшіңе сиынып, кім болса сонымен керісіп жүресің. Одан аулақ бол»,—деген екен.

Күні жетіп өліп кеткен Естемістен қалған үш баласы өздері күн көру тәсілін ойлаған. Бір күні аңшылықпен айналысып жүрген Асанның алдынан үш атты кісі шыға келеді де, Асанға дүрсе қоя береді. Асан үшеуіне де тойтарыс беріп аттарын, құралдарын тартып алып, өздерін өлтіреді. Сол ауылдың ханының үш қызы болады. Хан қызын ұзатуға кісі шақырады да: «Осы қыздарымды дәу қара тасты қақ жарған кісіге беремін»,—деген. Кезек күткен жігіттер жара алмай, ақырғы кезек Асанға келеді. Асан ханның шартын мүлтіксіз орындайды. Бірақ хан оңай бергісі келмейді. Қанша Асанды бәлеге жұмсағанмен Асан одан қорықпай тірі келіп, әрі айтқанын түгел орындайды. Амалы құрыған хан қыздарын оған береді. Асан ағаларына екеуін беріп, өзі кіші қызды алады.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Ахметжан

Баяғыда Тоқсанбай деген атқан оғы жерге түспейтін бір мерген болыпты. Оның жасынан бергі кәсібі аңшылық екен. Жұрт оны мерген деп есептесе де, ол өзін шын мерген екендігіне сенбейді екен. Тоқсанбай жетпіс жастан асқанда аңшылықты шорт тоқтатыпты. Мылтығы жиырма жыл ілулі тұрыпты. Тоқсанбай тоқсанға келгенде өзінің мергендігін сынамақ болып, мылтығын сүртіп тазалап, атына мініп, аңға шығыпты. «Егер атқан оғым әлі тиетін болса, онда оғым жерге түспейтін болғаным, үйткені әзір қарауылды көретін көз де қалмады. Әдеттегі мерген болсам, бұл жолы оғым тимейді» деп ойлайды.

Иенде жалғыз келе жатқан Тоқсанбай жайылып тұрған бір маралдың үстінен түседі де, абың-күбің мылтығын серт ұстап, маралды атып қалады. Марал оқпен бірге түседі. Тоқсанбай жантаңдай жүгіре басып маралды бауыздап алады. Жас кезіндегі әдеті бойынша, маралдың ішін де жармастан төсінен іреп жіберіп, төстігін сыпырып алып, қақтайды.

Тоқсанбай төстіктің қанды сары суы әлі әбден тарап болмаған жерінен бір кесіп аузына сала бергенде, әлгі бір жапырақ ет жерге түсіп кетіпті. Тоқсанбай «бісімила» деп етті қайта ала бергенде, ет ыршып барып, кесіп алған орнына жабыса қалыпты. Онымен қоймай марал тұра салып, қаша жөнеліпті. Мұны көрген Тоқсанбай өз көзіне өзі сенбей, аң-таң болыпты....
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.

Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.

—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......
Ертегілер
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Арзы саудагер

Бұрынғы уақытта Қырым қаласында Арзы деген атақты саудагер болыпты. Өзі сауда жасағанымен, қарауындағы жұмсайтын адамдар мен кедейлерге қайырымды болыпты. Соның үшін оны халық жақсы көріп, Арзы мырза деп атаған екен.

Кейіннен соның малын алып, жұмсап байыған адамдар Арзымен санаспай, оған қарсы байлық салыстырып, қарсы болғандар көп болыпты.
Себебі Арзының жалғыз баласы бар екен. Ол да жас болған. Осыны пайдаланып Арзының саудасын жасап жүрген сатушылар үш жыл бойына Арзыға зияннан басқа пайда бермепті. Арзының өзі керуен тартып сауда жасауға үйіндегі арғы-бергісін басқаратын адамы болмапты.

Содан кейін он екі жасар Махмуд деген жалғыз баласын шақырып алып: «Балам, мен болсам қартайдым және өзім кетсем, үйдің ішінде жұмысты тындыратын адам жоқ, сондықтан, балам, басқа адамдардың маған келтірген зиянын өзің-ақ келтір. Сөйтіп, жүріп үйренерсің. Өстіп жүргенде мен өліп қалсам, сен бәрінен де құр қаларсың»,—депті......
Ертегілер
Толық
0 0