Алакөл сапары: артықшылықтары мен кемшіліктері

Алакөл сапары туралы ұсынысты Daniyar Zhanys ұсынғанда, еш ойланғам жоқ. Көрмеген жерім, аңсарым ауды. Бірден “барам” дедім. Дәкең өз ісінің маманы, адалы ғой. Белгіленген күн келгенше екі рет қоңырау шалып, анық келетінімді қадағалады. Оның себебін кейін білдім, жақындағанда белгілі себептермен келе алмайтындар болса, орнын басқа....
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Есіл өзені бассейнінде су тасқынының

Биосферадағы тіршілік иелерінің бәрі де табиғаттағы ен асыл да бағалы зат – судың қатынасыуымен өтіп отырады. Су барлық тірі ағзалардың құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі үрдістерге қатысады.
Су қорғау аймағы өзен, көл, су қойма және тағы басқа жер беті су көздер акваториясына қосылатын ауданға арнайы шаруашылық режим немесе басқа қызмет түрлері белгіленеді. Соған байланысты су қорғау аймағы бөлінеді. Ені 20-ден кем емес бұл аймақ су нысанына және су шаруашылық құралымына шектеулі шаруашылық қызмет режимі орнатылады.
Су қорғау аумағындағы арнайы режимді сақтау табиғатты қорғау кешенінің құрама бөлігі су нысанының және жағалық аймағының абаттану жағдайы гидрологиялық, гидрохимиялық, гидробиологиялық, санитарлық және экологиялық шараларын жақсартады. Сонымен қатар су қорғау аймағы және жолақтары Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы 19.03.04 ж. №451 шараларының бірі «республика аумағындағы апат жағдайларынын алдын алу шаралары» су қорғау аймақтарында нысандар тұрғызуға тыйым салу салалары [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Есіл)

Есіл, сен қиялымсың бала күннен,
Тасығыш мінезіңмен, танабыңмен,
Атынды жарқ-жұрқ еткен естуші едім
Қазақтың қайырып салған бар әнінен.
Ойлаушы ем ару ма, әлде ән бе екен деп ......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қалижан Бекқожин (Есілге)

Көкше мұзды суық сұр
Құрсап қатқан Есілге,
Мұңмен қарап сұлу тұр,
Кім түсті екен есіне?
Сүйенгені — сары ағаш.
Солқылдайды суылдап,
Сүймек боран есуас
Құшағына сұлуды ап. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Есіл)

Жағасы жасыл барқыттай
Жайраңдап Есіл ағады.
Жайраңдап Есіл ағады
Ағысы қайда барады?
Күміс су ерке сәуледей
Күнде сылқ-сылқ күледі.
Күнде сылқ-сылқ күледі
Күнде ойнақшып жүреді.
Жағасы Есіл жапырақ
Жапырақ емес ерім тал.
Жапырақ емес өрім тал
Өрім талда жеміс бар.
Айдынында аққудай
Жүзем күнде келемін.......
Өлеңдер
Толық
0 0