Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегілер – қысқа фильмдерді көру (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т 3 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды
Оқушылардың көпшілігі:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды
Кейбір оқушылар:
Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды, өз сөзімен түсінік бере алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ізбасты

Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын жетіп түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қыран қарақшы

Ертеде бір хан болыпты, оның жалғыз баласы бар еді. Ол баласының туғанда мандайына басқан қанатты қара бедеу түйесі болыпты. Ханның баласы ылғи тазысын ертіп, құсын қолына қондырып алып, жанына 40-50 адам нөкер ертіп, аңға шығып жүретін еді. Аңға шыққандағы кәсібі жолдастарын бір жерге үйіп қойып, құсын ұшырып жібереді де соңынан бедеуменен бірге ұшатын.

Күндерде бір күні күндегі аңға шығатын бетімен аңға шығып келе жатып, ханның баласы құсын ұшырады да соңынан бірге ұшып жөнелді. Құсы аспанға шырқап шығып келеді. Аспанның алты қабат үстіне шығып, құсы бір ақ күмбез үйдің төбесіне барып қонды. Жігіт те бедеуін белдігіне байлай салып......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Құламойын Құлеке

Ертеде Садық деген қаһарлы, жемқор хан болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Тағы бір перзент көрсем деген ойы көкейінен кетпепті. Әйелі баласы Құлекеден кейін, жиырма бес жыл өткен соң, жүкті болады. Айы-күні жақындағанда хан екі жігітті шақырып алып, бұйрық береді: «Әйелім ұл туса, Құлекемнің серігі, қыз туса, өлтіріңдер!» – дейді. Екі жігіт ханның әйеліне келсе, қыз туған екен. Туған қызды Құлеке өлтіртпепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Шалқан» ертегісін жазу (3-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті «Шалқан» ертегісін жазу. (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Т 4 Сөздерді тыңдайды және дыбыстық құрамын ажырата алады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Сөздегі дыбыстарды таниды.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздегі дыбыстарды таниды және ажырата алады.
Кейбір оқушылар:
Сөздегі дыбыстар мен әріптердің санын ажырата алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Боз айғыр

Ертеде тау бөктерінде жайылып жатқан жылқыға жау тиіп, айдай жөнеліпті. Жылқының ішінде топ бастаған айбарлы бір боз айғыр бар екен. Боз айғыр үйірін күзеткендей шеттеп, ұзамастан жағалай жайылып жүріпті. Ұрылар жылқыны айдай жөнелгенде, боз айғыр да үйірімен бірге кетіпті.
Ұрылар үш күн бойы талмай жол жүреді. Төртінші күні жердің, айдап келе жатқан адамдардың түр-тұрпатына қадағалай қараған боз айғыр жер ауғанын сезеді. Содан пысқырынып-пысқырынып жіберіп, аулына кері қашады. Ұрылардың қуғынына шаңын да көрсетпей кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қырыққанбас батыр

Қырыққанбас пен Назар ағайынды екеуі де батыр екен. Қырыққанбас батырдың ер кеуде ерлігімен де, қайыспас кайсарлығымен де, шалдырмас шешендігімен де аты алты Алашқа кең жайылыпты. Сол батыр ерегеспен ұрлық істеп, калмақ пен найманға маза бермепті. Бір сәті келгенде Қырыққанбасты наймандар ұстап алып, қалмақтарға байлап беріпті.

Олардың қолында байлауда бір жыл жатады. Қапысын тауып қашып шыққан батыр тұтқында көп жатып әбден әлсірегендіктен ұзап кете алмай, жазыққа жатып қалады. Таңертең қуғыншылар қиналмай-ақ тауып алады. Қалмақтар қашқынды атқа сүйретіп өлтіруге үкім қылады. Мойнына қайыс арқанды салып жіберіп, кең жазықта түс ауғанша сүйретіпті. Әлден уақытта өлді-ау деп жендеттер тоқтайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Аңыз-ертегілерді оқу (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (ОБ сілтеме)2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды
Сабақ мақсаттары: Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Жетім Ғаббас

Баяғыда Тоқтар деген саудагер Ғаббас атты жетім баланы асырап алып, оған сауда-саттық үйретпек болыпты. Бір жылы қолына он ділдә ұстатып, Ғаббасты жәрмеңкеге жіберіпті. Бала он ділдәға бір мысық сатып әкеліпті.

Тоқтар қанша қапаланса да, «бала ғой, бір жолға кешірейін» деп үндемепті. Келесі жылы жиырма ділдә беріп, тағы жіберіпті. Жәрмеңкедегі елдің бәрі қу, жаманын жақсы деп, керексізді керекті деп бірін-бірі алдайтыны белгілі емес пе. Ғаббасқа тағы да еш нәрсе кезікпейді. Ақыры, қайтарында жиырма ділдәға бір күшік сатып алады. Оның мына ісі Тоқтар саудагерге тағы да ұнамайды. Сөйтіп, ол баланы қуып жібермек болады.

Сонда бәйбішесі:

— Ана боламын деп бауырыма басып едім. Ер кезегі үшке дейін деген, тағы бір рет кешір, – деп жалынады. Тоқтар әйелінен аса алмай, тағы да кешіреді. Бала мысығымен, күшігімен ойнап жүре береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Бозінген

Бұрынғы заманда Бағланбай деген кісінің Бозінген деген бір жақсы түйесі болған екен. Бозінген өмірінде боталамаған екен. Бір күні Бағланбай аулының адамдарына:

— Менің жақсы көретін Бозінгенім боталамады. Бұған не ақыл бересіңдер? — депті.

Бұған жиналған жұрттың бірде-біреуі ақыл бере алмапты. Сонда босағада тұрған бір жетім бала былай депті:

– Айналайын, ағайлар,

Мендей жетім балалар

Босағадан сығалар!

Ақсақалдар, қақпасаң,

Мен бір сөзді айтайын,

Құлақ салып тыңдасаң,

Ашу, жанжал қылмасаң,

Тойыңды жеп қайтамын......
Ертегілер
Толық
0 0