Ертегі: Ақылсыз берілген жаза

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді.
Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ертегілер еліне саяхат

«Жазира» ортаңғы тобының ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: Ортаңғы топ
Білім беру саласы: Әлеумет, коммуникация, таным, шығармашылық, денсаулық
Бөлімі: Кіріктірілген, Қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, ҚМҰҚ, сурет салу, дене шынықтыру.
Тақырыбы:«Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
БМ: Балаларды қоршаған ортаға бейімдеу, ертегілер туралы түсініктерін қалыптастырып, ертегілерге қызығушылығын арттыру, нұсқау бойынша тапсырмаларды орындауға үйрету.
ДМ: Танымдылық қабілетін дамыту
ТМ: қарым - қатынасқа түсу мен топпен жұмыс жасауға үйрету.
Алдын – ала жүргізілетін жұмыстар: ертегі туралы әңгімелеу.
Әдіс – тәсілдері: дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістер, ролик арқылы түсіндіру, сұрақ – жауап.
Қажетті құралдар: боялмаған әтештің суреті, бояу, бас киім, гуаш, қыл қалам, сүрткіш.
Көрнекілік: Pinnacle бағдарламасы арқылы жасалған интерактивті тақта, этеш және бояулар ертегісі мен ғажайыпстанға саяхат ертегілері біріктірілген ролик, flash бағдарламасында жасалған дид. ойын: «Тығылған сандарды тап», Ару мен құбыжық ертегісі - пазласы, қорытынды презентация «Ой мен ойын».
Билингвизм компоненті: әтеш - петух - cock, бір - один - one, екі - два - two,
үш - три - three, төрт - four, бес - пять – five .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Түс сатып алған тазша


Ертеде бір бай болыпты. Байдың үйінде жүрген бір күң болыпты. Күң жатса, түс көріпті; басынан ай туыпты, аяғынан күн шығыпты, жүрегінің басынан екі жұлдыз туыпты. Ертең ерте тұрыпты. Бір байдың сиырын баққан тазша балаға келіпті.

Бала айтыпты:

— Е, жеңеше, қайда барасың?

Күң айтыпты:

— Сенің байыңа жалданғалы келдім.

Сиыр баққан бала айтты:

— Сен өтірік айтасың, сен бірдеме іздей барасың.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жалайыр хан мен Сағат

Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таянған уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сүйінші сұрай келген адамның басынан төмен алтын құятын болып уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі малшының әйелі де толғатыпты. Екеуі де ұл табады. Бір жеті өткеннен кейін ханның баласын өз бесігіне, малшының баласын өз бесігіне салады.

Ханның баласының аты Жалайырхан, малшынын баласының аты Сағат болады. Жалайырхан да, Сағат та жетіге толады. Екеуін де мектепке береді. Жалайырханнан кейін Сағатты да хан жақсы көреді. Хан бір күн қиял құшып отырады да, екеуін де шақырып алады. Екеуінің де бетінен сүйіп, екеуін де жақсы атқа мінгізіп, қаншама нөкер ертіп, аң аулауға шығады. Әр күн осылай етіп, хан сонымен қызықтап жүреді......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі кейіпкерлері (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Қазақ тілі (екінші)
Бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті.
ТАҚЫРЫБЫ: Ертегі кейіпкерлері.
ОҚУ МАҚСАТТАРЫ: А 2 Қарапайым әңгімелерді (мәтіндерді) мазмұндайды.
Т 5 Тыңдалған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
Ж 2 Қарапайым, түсінікті тілмен жазады.
САБАҚ МАҚСАТЫ:Барлық оқушылар:
Сурет бойынша кейіпкерлерді атай алады. Мұғалімнің көмегі арқылы кейбір бөліктерін айта алады.
Оқушылардың көбі:
Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап бере алады. Кейіпкерлерді атай алады. Әрекеттерін болжамдай алады. Кейіпкерлердің атауларын жаза алады.
Оқушылардың кейбірі:
Ертегіні сурет бойынша реттілікпен айта алады. Тірек сөздерді қолдана алады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттерін айта алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Бай мен диуана

Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш әйелі болса да, баласы жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкі үзілмейді...

Бір күні бай да, жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «Сендер күнде үй ішіңмен шулап жатасыңдар, өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған күлеміз де жатамыз депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып, үш қатынымен кезек-кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай:

«Ақымақ жарлы, иірген сақаға несіне күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылын жоқ-ау, менің айтқаным сақа емес еді, әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сыбызғышы

Ертеде бір кедейдің жалғыз баласы болыпты. Аты Асан екен. Күндердің күнінде әкесі дүние салып, бала жетім қалыпты. Шешесі ұлын жетелеп жүріп, ел қыдырып, күнін көріпті.
Бір күні бұлар Тайыр деген ханға келіп, мұңын шағып, жәрдем сұрапты. Сонда хан Асанның шешесі Жаңылға:
— Сен менің тазыларымның күтушісі бол, иттермен бірге жатып, бірге тамақтанасың. Ал мына балаң қозы бақсын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Баубек Бұлқышев | Паровоз туралы ертегі


Құланиектеніп таң білінген кезде Мекке - Мәдинеден дүлдүліне мініп, зұлпықарын асынып, атағы бүкіл әлемге кеткен Ғазретғали пайғамбар жолға шығыпты.

Оның ойына бірнеше қырғын соғыстардағы, тіпті өзі таң қаларлық болған жеңістері, «аллалап ап» дегенде, көлденеңінен пайда бола кететін күші, керемет майдандардың шаңы бұрқырап, қызыл қандар су болып аққан суреттері елестеді.

Бірақ бір ұзын аяқ сары маса ызылдап көзінің алдында, мұрнына қанатымен сырып өтіп быж-быж етіп мазасын кетірді. «Ер мұрынды келеді, ат ерінді келеді» дегендей, жарықтық Ғазретғалидің мұрыны қоқырайған үлкен болатын. Ал танауының тесігі анау-мынау шелектей бар. Ызылдаған сары маса енді мазасыздығын бұрынғыдан да гөрі ұлғайта түсті. Тіпті даңдайсып кетті. Бір кезде быж-быж етіп ән салып келді де Ғазретғалидың танауына зып берді.

Ғазретғали пысқырынды да қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Екі қаз бен бақа» ертегісі (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Екі қаз бен бақа» ертегісі
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау
3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...)/ өлең (төрт жолды)/ әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіндегі кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, кейіпкерге хат жазады.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен мінез-құлқына баға береді, өз ойын жеткізуде көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып хат жазады.
Кейбір оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Қайтпас қайсар қалайы солдат

Жиырма бес қалайы солдат болыпты. Бәрінің де анасы бір қалайы қасық, ағалы-інілі бауырлар еді. Бәрі де қараса көз тойматын сымбатты сұлу болатын: бәрінің де қызыл әдіпті мундирі, иығына асқан мылтығы болатын және бәрі де алға қарап көз тігіп қатып қалған!

Өздері жатқан қорапшаның қақпағы ашылған кезде олардың алғашқы естігені «қалайы солдаттар!» деген сөз еді. Оны айтқан кішкентай бала санын шапалақтап қуанып қалды, өйткені ойыншық солдаттар оның туған күніне әкелінген тарту еді.......
Ертегілер
Толық
0 0