Сауат ашудан сабақ жоспары: Ертегі әңгіме жазамын (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Ертегі,әңгіме жазамын
Оқу мақсаты: 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер , сызбалар суреттер,белгілерін қолдана отырып,жай сөйлемдер жазу
1.3.7.1 мұғалім қолдауымен сөз,сөйлемді тексеру,қателерін түзету
Сабақ мақсаттары: Тақырыпқа байланысты керекті сөздер , сызбалар суреттер,белгілерін қолдана отырып,жай сөйлемдер жазады.
Мұғалім қолдауымен сөз,сөйлемді тексереді,қателерін түзетеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ермек

Ертеде бір кемпір болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласының аты Ермек деген екен.

Кемпір кедей екен, мал дегенде жалғыз сиыры болыпты. Ермек шешесін калдырып өзі оқуға кетеді. Айлардан ай, жылдардан жыл өткенде бір қалаға келіп жетеді. Сонда жүріп әлдеқалай базарға шыға қалса, бір шал бір сандық көтеріп жүріп: «Осы сандықты алған да арманда, алмаған да арманда»,– депті. Ермек келе жатып:

— Бұл сандыққа не сұрайсың? – депті. Шал:

— Сандығыма мың ділда сұраймын, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аюбала

Ертеде бір асқан бай болыпты. Оның бір бәйбіше әйелі болыпты. Әлгі бәйбішеден бес ұл туыпты. Бес ұлы ер жетіп, бай қартайып қайтыс болыпты. Бәйбіше әйелі отыз екі жасында жесір қалыпты. Сонан бір жылдары ел жайлаудан етекке түскен кезде, жайланып жылдағы бір отыратын тау етегіндегі қонысында отырады.

Сөйтіп отырғанда, бір күні іңірде далаға шықса, бір нәрсе көтеріп алып қашып кетеді. Бәйбіше қорыққандығынан даусы да шықпайды. Сөйтсе аю екен дейді. Сол апарғанынан аю үңгіріне апарады. Бәйбіше үңгірде қамалып жатады. Жейтін тамағы алма, шикі ет, түрлі жемістер болады. Аю күндіз кетіп, түнде келіп түнеп тұрады. Түрлі жеміс, етті әкеп тұрады екен. Сонан бәйбіше үйреніп, аюмен бірге күнелткізіп тұра береді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: «Бір үзім нан» ертегісін оқу (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: «Бір үзім нан» ертегісін оқу.
Оқу мақсаттары:
Т/А4 Түрлі мазмұнда қарым-қатынас жасау үшін жаңа сөздер үйренеді.
О 6 Қарапайым сөздер мен сөйлемдерді буындап, тұтас, дауыстап оқиды.
Ж4 Өз мәтінін жазу
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• қарым-қатынас жасау үшін бір-бірімен диалог құра алады.
• қарапайым сөз тіркестерін жаза алады
Оқушылардың көпшілігі
• сыныптағы өзгелерді тыңдайды, бір-біріне сұрақтар қояды және жауаптарын толықтырады.
• тақырып бойынша тірек сөздерден сөйлемдер құрап жаза алады.
Кейбір оқушылар
• түрлі мәтіндерді тұтас дауыстап оқып, түсінгенін өз ойымен жеткізіп айта алады.
• тағамдар мен сусындар жайында өз мәтінін жаза алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ырыс қашса туыс қоймайды

Бұрын бір жалғыз басты Туыс деген жігіт болыпты. Ойдан орады, қырдан қырады, артып-тартып үйіне екі-үш айда бір келіп, үйіп тастап тұрады. Бірақ та дүниесі артпайды, кеми береді, берекесі болмайды. Қасында жақын отырған бала-шағалы бір әйел көршісі бар екен, оның ешқандай табары жоқ, үй айналасынан алысқа бара алмайды. Бірақ тұрмысы күннен күнге гүлдене береді. Туыс «бұл қалай?» деп сұрап Ақылға барып сынатады......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақылды әйел

Бұрынғы өткен заманда Қожанай деген бай болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен, өзі қылжақбас, мылжың екен. Бай осы баласы туғанда бір молданы әкеліп атын қойдырыпты. Молдасы құрғыр жақсырақ ат таппаған ба, яки бай орамалды жақсы бермесіне көзі жеткен бе, әйтеуір баланың атын Тесікбай дей салыпты. Тесікбай ер жетіпті, өсіпті. Айтқанды ұқпайтын ақпа құлақ болыпты. Ел аузына қақпақ қойған бар ма: «Баласының басы тесік болғандықтан, миы да ағып түсіп қалған-ау», – дейтін болыпты.

Қожанай мұны естіп намыстанады, осының басын түзейтін ақылды келін іздеп табуды ойлайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Ертегі еліне саяхат

Мақсаты:
- оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой - өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру;
- ертегі арқылы оқушылардың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, жақсылық пен жамандықты айыра білуге үйрету, баулу;
- Бір - бірлерімізбен тату болу, ұжымшыл болу;

1. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім: Балалар, ертегі - сөзін естігенде қандай ой келеді, көз алдарына не елестетесіңдер? Қандай ертегілер білесіңдер?
(балалар пікірін тыңдау). .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Тебен ине

Ертеде бір тебен ине өмір сүріпті, ол өзін жіп-жіңішке қылдырықтаймын деп есептеп, шебер тігіншілер ғана пайдаланатын тігін ине санайды екен.

Әй, байқаңдар, мені мықтап ұстаңдар! – деді ол бірде өзін қораптан суырып алып жатқан саусақтарға. – Мені жерге түсіріп ала көрмеңдер! Еденге түссем, жаман айтпай жақсы жоқ, жоғалып қалармын: өйткені мен қылдырықтай ғанамын ғой!

- Ой, пәлі-ай! – деп саусақтар оны мықынынан қапсыра қысты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Хан Шалқан

Баяғы бір өткен заманда елге қатал Шалқан деген хан болыпты. Ол бір күні ерігіп отырып, іші пысқаннан кейін, жанына тазысын ертіп, сауыт-сайманын киіп, боз жорға атқа мініп, серуен құрып, саяхатқа шықты. Жолда келе жатып, бір дөңнің астынан жұмыртқадай аппақ, әдемі бір жалғыз үйді көреді. Бұрын бұл жерде ешқандай қоныс орналаспаған, мидай жазық, жапан далада жалғыз үйдің тұруы өте бір керемет нәрсе екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жеті өнерпаз

Баяғыда байлығы жұрттан асқан бір хан болыпты. Бұл ханның жалғыз ай десе аузы, күн десе көзі бар Қаншайым деген қызы бар екен. Қыздың сұлулығына қараған адам есінен танып қалады екен.
Күндердің күнінде Қаншайым қырық қыз нөкерімен сейіл құрып, суға түсуге барады. Суға түсіп бола берген кезінде, Қаншайымды көктен бір қарақұс келіп, көтеріп кетеді. Қырық қыз төменде шулап қала береді. Жылап-сықтап, кешке үйлеріне оралады.
Бірнеше күнге дейін олар ханға болған жайды айта алмай қатты қиналады. Ел-жұрты жиналып, ақылдасып, сол арадағы бір дана қарияны хан алдына жібереді. Болған оқиғаны естіген хан есінен......
Ертегілер
Толық
0 0