Бір бай өлер уакытында ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке....
Бұрынғы заманда бір үлкен шаһар бар екен. Бұл шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей......
Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты......
Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды. Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды. Енді түлкі құмырадан басын......
Ерте заманда бір патша болыпты. Патшаның үш баласы бар екен. Ең үлкенінің аты - Асан, ортаншысының аты - Үсен, ал ең кенже баласының аты - Хасан екен. Хасан өте сұлу, ақылды, әрі батыр, ақ көңілді бала болып өседі. Патша ұйықтап жатып түс көреді, түсінде бір ғажайып құс көреді. Құстың күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түседі, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Міне, патша осы құсқа ынтық болады. Дереу орнынан тұрысымен Асан мен Үсенді шақырып алып айтады: «Мен түсімде бір тамаша, өмірімде көрмеген құсты көрдім, өзі өте сұлу, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түседі. Осы құсты қайдан да болса маған тауып әкеп бересіңдер. Егерде тауып әкеп бермесеңдер, бастарыңды аламын», - дейді.
Асан мен Үсен әкесінен корыққанынан: «Қайдан да болса тауып әкеп береміз», - деп уәде береді де, жол жүріп кетеді. Бұл уақиғаны Хасан білмейді. Хасан әкесінің Асан мен Үсенді күлсе, аузынан будақ-будақ гүл......