Балабақша сабақ жоспары: МАТЕМАТИКА ЕРТЕГІ ӘЛЕМІНДЕ

Мақсаты: Заттарды санау,салыстыру,іскерліктерін дамыту. Балаларға 1-ден 5 –ке дейінгі сандарды кері және тура санауға жаттықтыру,геометриялық фигураларды ажырату. Шығармашылық,логикалық ойлау қабілеттерін,қиялын,танымдық процестерін,саусақ маторикасын дамыту. Ақыл ой әрекетінің тәсілдерін меңгеру. Театр түрлері арқылы кейіпкерлерді ажыратуға үйретіп,белсенділігін,қызығушылығын арттыру. Көрнекілігі: сандар,театр қуыршақтары,үйшік, дидактикалық материалдар,таяқшалар,сиқырлы сандықша т.б. Билингвалды сыңары: Бір-один-one, Екі-два-two,Үш-три-three Салематсызба-здравсвуите hello,Сау бол-досвидание-good bye,Үйшік-домик-houseӘдіс-тәсілдер: тапсырмалар,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап. Сөздік жұмысы: театрИнклюзивті әлеумет: Ұяң баламен жеке жумыс .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Мұрагер

Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:
— Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлықтарың мен ақылдылықтарыңды көрсетулерің керек,— дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Эссе: Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық
0 0

Ертегі: Бұрқасын ханым

Бір жесір әйелдің туған қызы және өгей қызы болыпты. Өгей қызы көрер көзге көрікті, биязы екен де, өз қызының сырт пішіні ұсқынсыз, оның үстіне кержалқау болса керек. Жесір әйел туған қызын жанындай жақсы көріп, тамақтың тәтті-дәмдісін соның аузына тосып, сөкет қылықтарын да елемейді екен, ал өгей қызына күндіз-түні жұмыс істетіп, жарытып тамақ та бермепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Байғыз

Сүлеймен патшаның нақсүйері томсарып отыр екен. — Сен, бүгін неге кейіп отырсың? – деп сұрапты одан әрі. — Мен кейімей қайтейін, осында жұрт патшаның нақсүйерін көреміз деп келген екен. Ойым – жұрттың ойынан артық, өзім сендей жер-дүниені билейтін патшаның зайыбымын. Ал дәрежем өзге жұрттан артық болмады, – деді. Сонда Сүлеймен патша:

— Ендеше сенің дәрежең қайтсе артық болады? – депті.

— Түзге отыратын жерім алтыннан болса, үйімнің іші-сырты шаңқан болса, сонда менің дәрежем де асар еді, – депті әйелі.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілер оқимын. Еліктеймін жаңалық енгіземін және оқиғаны ойдан шығара аламын
Оқу мақсаттары: 2.2.10.1 мұғалімнің көмегімен белгілі бір тақырыпта жазылған мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу
Сабақ мақсаттары: Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табу .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Ертегі ішіндегі ғажап уақиға

Грейс, Клара және кішкентай Софидің әкесі таңертең өзінің тәтті балалық шағы өткен ескі үйіне жол тартады. Үйге кіре сала лезде өзінің жастық шағында өткен барлық еркелігі есіне түседі. Әр бір ескіріп, өңі кеткен бөлмелерді қарап жүріп әжесінің жерасты қоймасына тап болады. Қатты таң қалады, себебі осы үйде қанша жыл тұрса да әжесінің бұл қоймасын көрмеген екен. Ішінде әрдайым өзіне оқып беретін ертегі кітаптары мен көне заттар толы. Асықпастан ішін ақтарып балалық шағында естіген ертегілерін қайта оқып, беймәлім заттарды ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сандық самолет

Ертеде бір көпес болыпты, оның байлығы сондай, ұзыннан-ұзақ бір көшені, оған қоса тағы бір шолақ көшені күміс ақшамен тұтас төсеп, көмкеріп тастауға дәулеті әбден жетеді екен. Бірақ ол мұны істеген жоқ, өз ақшасын басқадай жолмен жұмсады, егер ол бір скиллинг шығара қалса, одан тұтас бір дале пайда түсіріп отырды. Міне, ол осындай көпес еді. Сөйтіп жүргенде ол кенет қайтыс болып, әкесінің бар байлығы баласына қалды.

Баласы, шіркін, дүниенің қызығын көрді ғой: түн баласын......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аламан мен Жоламан

Бұрынғы уақытта ерлігі жаннан асқан Аламан деген бір мерген болыпты. Сұлулығы хор қызындай оның Қарашаш атты әйелі болыпты. Қарашаш атануы, шашы алтындай жалтырап, беліне түседі екен. Бір ұл, бір қызы болыпты.

Бір күні Аламан аңға шығып кетсе, әйелі мен қызы суға түседі. Сонда бір тал шашы үзіліп суға кетеді. Шашын аламын дейді, ала алмайды, қайтып үйіне келеді. Бұл мұнымен тұрсын. Енді ханнан сөйлейік.

Бір күні Сұлтан хан уәзірін ертіп, қырық жігітімен тауға шығып келе жатса, алыстан жылтыраған бір нәрсені көреді. Олар: «Бұл қалай, айдаһар ма, жылан ба?» – деп, дағдарып тұрады да: «Не де болса баралық», – дейді. Келсе, бір тал шаш бір үлкен қоғаға бөгеліп қалыпты да үстінен су сарылдап асып төгіліп жатыр екен. Хан шашты көріп, бұл шаштың иесіне ғашық болады. Хан үйіне келеді. Бүкіл қол астындағы білімпаздарын жиып: «Шаштың иесін табыңдар» – деп бұйырады. Олар таба алмайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ақ тас

Орманның шетіндегі кішігірім кішкентай үй бар. Сол үйде ұлы мен ағаш кесуші қария тұрады. Қария қартайған сайын оның жұмысы қиындай түседі. Ұлы Хуан мейірімді, қайрымды, батыр болса да, əкесіне көмектеспейді.

Бір күні қария Хуанға:

— Ағаш азайып қалды. Орманға барып ағаш кес.

— Мен қазір барамын, – деп уəде етті Хуан, бірақ тіпті қозғалмады.

Əкесі біраз күтті тағы сұрады.

— Ағаш кесуге қашан барасың?......
Ертегілер
Толық
0 0