Қазақ тілінен сабақ жоспары: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ертегі кейіпкерлері (1-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6
Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегі кейіпкерлері. (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады.
Кейбір оқушылар:
Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданып, сөйлемнің аражігін басқа да тыныс белгілермен белгілей алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Уақыт жайлы ертегі

Сабағын оқи сала кешегі ойында кеткен есесін қайтару үшін Батыр компьютерге шүйлікті. Ата-анасы баласының сабағына керек болар деп жинаған ақшаларына осы компьютерді алып бергелі Батыр үйден шықпайтын болды. Сабақтан келе сала алдына қонжиа кетеді. Демалыс күндері тіпті күні ұзақ отырады. Кейде тіпті түннің жарымын болғанын да білмей ойнай береді. Ойыннан қалған уақытын әлеуметтік......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Мейірімді аяз жайлы ертегі

Екі қызым мектептен келе сала:

— Мама, мұздап кеттік,
— Даланың суығын-ай!-деп шағымдарын айта кірді. Биыл дала аппақ көрпесін ерте жамылды. Сары шұнақ аяз да балаларды үйге ерте қамап қойды.
— Мама, аяз жаман ғой,- деп бұртиды кішісі.
— Иә, қатып қалдым,- деп қостай кетті үлкен.
— Қой, аязды жаман демеңдер. Ауа-райын сөгуге болмайды. Аяздың да пайдасы бар, - деп пешке көмір салып жатқан мен оларға басу айттым.
......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жалғасы бар ертегі

Адамзат мекен ететін 5 құрлықтың барлығына қанатын кең жайған алып бір патшалық болыпты. Ол патшалықтың ерекшелігі адамдардың жасына, жынысына, тіліне, дініне, ұлтына қарамай барлығын да өз патшалығына қабылдай беретін, ешқандай шекарасы жоқ мекен екен. Сол Бүкіл Әлемдік Желілер Патшалығы деп аталатын патшалықтың билеушісі Ғаламтор патша өте ақылды, білімді, жан-жақты болыпты. Ең алғаш......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Түлкі мен қасқырдың достығы

Күндердің күнінде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Екеуі біріне-бірі барыс-келіс жасап тұрады.
Бір күні түлкі қыдырып, қасқыр досының үйіне келсе, жейтін түгі жоқ, аштан бұралып отыр екен.
Түлкінің осындай қысылтаяң кезде келгеніне қуанған қасқыр:
– О, досым, келгенің қандай жақсы болды. Тіске басар түгім жоқ, қарным ашып, ішім шұрылдап отыр. Сен епшіл, амалшылсың ғой, айлаң да көп. Бір амалын ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Молда мен сиқыршы әйел

Ертеде бір молда болыпты. Молданың бір оқыған сиқыршы әйелі болыпты. Әйелі үйінде тамақ ішпейді, молданы сиқырлап ұйықтатып тастайды да, өзі ылғи басқа бір жаққа барып қайтып жүреді.
Бір күні молда әйелін аңдиды. Тамақ дайындап беріп, әйелі үйден кетісімен молда жалма-жан киімін өзгертіп, қараңғы түнде әйелінің соңынан ереді де отырады. Әйел бір молаға барады. Моладан жаңа көмілген адамньң етін алып жейді. Мұны өз көзімен көрген молда әйелінен бұрын үйіне келіп жатып қалады. Артынан көп кешікпей әйелі де келіп жатады.
Таңсртең тұрып молда тамаққа отырғанда, әйел күндегісіндей тамақ жемей қарап отырады. Оған молда ашуланып......
Ертегілер
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Тарау: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Алтын балта ертегісі (жалғасы 2-сағаты)
Оқу мақсаттары: 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау;
3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың жанрын біледі, ертегінің құрылымдық бөліктерін табады.
Көптеген оқушылар: шығарманың жанрлық ерекшілкітерін ажырата алады, шығарманы логикалық бөліктерге бөледі, ат қояды.
Кейбір оқушылар: өз ойын дәлелдейді, қорытынды жасайды, шығарма бойынша жоспар құрады. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Керқұла атты Кендебай

Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде, Қаратаудың ойында, Қарасудың бойында Қазанқап деген бір кедей болыпты. Қазанқап құс атып күн көреді екен, әйелі ау тоқып, жамау жамайды екен, осылай өз күндерін өздері көріп, жүре беріпті. Күндерде бір күн Қазанқаптың әйелі жүкті болыпты, ай-күні жақындап, күн өткен сайын әйелдің аяғы ауырлай беріпті. Тоғыз ай, тоғыз күн болғанда, әйел толғатып, босаныпты. Торсық шеке, аппақ ұл тауыпты. Ата-анасы қуанып, төбелері көкке жетіпті, баласына Кендебай деп ат қойыпты. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра беріпті, күрескенін жыға беріпті, шыңырау құдыққа құлаған атандарды жалғыз тартып шығара беріпті. Аң аулап, әкесіне жәрдемдесіпті......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ханның үш ұлы

Бір ханның үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы болыпты. Үшеуі де отау иесі жасына жеткенімен, бірде-бірі үйленбепті. Хан бір күні уәзірін шақырып алып:

— Балаларым ер жетті, енді үшеуін де үйлендіремін, кімнің қызын алады екен, таңдаған, сүйген қыздарын өздері айтсын, қалың малы қанша болса да беремін, дәулетім жетеді, үшеуінің тойын бір күні жасаймын, сен балаларымды жеке-жеке шақыр, ақылдасайық, – деді. Уәзір алдымен үлкен ұлын шақырып келеді.

— Балам, – дейді хан, — жасың жетті, сені үйлендіремін, жасау-жабдығың дайын, қалыңмалға беретін мал-мүлік, алтын қазынам да жетеді, осы шаһардан таңдаған қызың болса айт, дереу құда түсемін де іле-шала той жасаймын.

— Сіз кімнің қызын ұйғарсаңыз, соны алайын, – дейді үлкен ұлы.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ағаш ат

Баяғы заманда атақты бір патша болыпты. Оның күндей сұлу үш қызы, айдан аппақ бір ұлы болыпты. Күндердің күнінде патшаға өнерпаз үш жігіт келіпті, оның біреуі қолына тауыс (көркем түкті құс), біреуі мыстан істелген қоңырау, біреуі ағаштан соққан ат ұстап кіріпті. Оларға патша:

— Бұл көтеріп жүргендерің немене? – деп сауал қойыпты. Тауыс ұстаған жігіт:

—Тақсыр, сіз атыңыз қатарындағы патшалардан асқан ұлы патша болдыңыз. Біз сіздің заманыңызда оқып, өнер тапқан кісілер едік. Сізге өнерімізбен істеген табысымызды әкеліп отырмыз. Мына менің қолымдағы тауыс - жанды сағат. Ол әр сағат сайын шақырып, өткен мезгілді білдіріп отырады, – деді.......
Ертегілер
Толық
0 0