Ертегі: Бір ашуланғанда сексенді қырған батыр

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Қырғауыл жүні қызылда,
Құйрық жүні ұзында, бір байдың малын баққан қойшы болыпты. Бірде ол жаздың жайма-шуақ күнінде сылдырап аққан өзеннің бойында мал жусатып отырыпты. Қарны ашқан соң торсықтағы айранын ішіп тамақтаныпты. Дәмді қою айранға тойып балқыған қойшы жерге тамған тамшыға жабылған шыбындарды көріп қалады да, жапырақпен ұрып салады. Қырылған шыбындарды санап та үлгереді. Олар сексен екен.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілер оқимын Құмырсқаның қанағаты(ертегі) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілер оқимын. Құмырсқаның қанағаты(ертегі)
Оқу мақсаттары:
2.2.8.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау
2.4.2.1 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату және өзара салыстыру
Сабақ мақсаттары:
Ертегіні оқып, негізгі идеясын және кейіпкерлерін анықтайды. Кейіпкерлеріне сипаттап, іс-әрекеттеріне баға береді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Тау мен қаңбақ және бүркіт

Бір қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетті. Мұны биіктен көріп тұрған тау:
– Е, қаңбағым, қайдан жүрсің, не қып келдің мұнда? – деді. Қаңбақ тұрып:
– Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қардан жасалған гүл

— Анашым, ертегі айтып беріңізші?!

— Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын.

— Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек?

— Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты.

— Жақсы. Онда келістік.

Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, оттың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Аңыз-ертегілерді оқу Аңқау арыстан (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу. Аңқау арыстан
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқубағдарламасынасілтемеу) О1 Ақпаратты түсіну
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгіойдыанықтапоқу
О4 Сұрақтарқоябілужәнебағалау
Сабақ мақсаттары: Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді.
Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Ертегі еліне саяхат

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің конспектісі
Білім беру аймағы: «Коммуникация», «Шығармашылық»
Бөлімі: «Көркем әдебиет»
Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту.
Дамушылық: таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту. [Г], [Ш] дыбыстарды дұрыс артикуляциямен айтуға пысықтау.Саусақпен сурет салуға үйрету, конструктардан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.
Тәрбиелілік: Жануарларға деген қамқорлықпен қарауды қалыптастыру, табиғатқа және жануарларға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Сөздік жұмыс: «Саяхат»
Қос тілділік: Саяхат — путешествие, ертегі – сказка.
Қажетті құрал-жабдықтар: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісі «Бауырсақ» — доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар.
Сабақ барысы:
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Ертегі: Білгір адам

«Балам! Біріншіден – қатыныңа сырыңды айтпа, екінші – ақымақпен дос болма. Үшінші – жаңа байығаннан қарыз алма!» – депті.

Баласы әкесінің бұл айтқан сөздерін мақұлдап көнген. Бірақ, неге айтқанын білмей, талайға дейін түсіне алмай жүріпті. Ойлай-ойлай, ойының түбіне жете алмапты. Бір күндері болғанда, әкесінің айтқандарының бәрін қолымен істеп, көзімен көрмекші болып, бір байдан қасақана қарыз алады. Бір ақымақпен дос болады. Сөйтіп, үйіне келіп бір қойды бауыздап өлтіріп, қолын қандап, үйінің артынан жер қазып көме салып, қатынына келіп:

— Қатын, мынау менің қолымдағы қанды көрдің бе? Мен бір кісі өлтіріп едім, сен ешкімге айта көрме, – дейді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Айлакер қоян

Бір қоян өте айлакер екен. Байқаусызда өзін ұстап алған қасқырға да, түлкіге де айламен құтылып кетіп жүреді.
Бір күні қалың бұталы сайды аралап келе жатады да апанының аузында алқынып, шаршап отырған аюды көреді. Қалқиып қарсы алдына тұра қалады да оны мазақтап, әндете бастайды......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Алтын бала

Барабаншының әйелі шіркеуде болып, әр түрлі сурет және ағаштан жасалған бұйымдармен безендірілген жаңа альтарьға сұқтана, қарады. Олар көздің жауын алардай еді. Басын айналдыра зерлеген кенеп матадағы суреттер де, ағаштан жонылған, сосын боялып, алтын жалатқан бұйымдар да, шынында да, көз қызығарлықтай болатын. Суреттегі адамдардың шаштары күн сәулесімен шағылысып, алтындай сан құбылып, соншалық ғажап болып көрінді. Ал күн сәулесінің сұлулығы одан да ерекше болды......
Ертегілер
Толық
0 0