Сценарий: Бауырсақ ертегісі

Шолпан (сиқыршы): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендерге ертегі ұнай ма? Мен сендерге жай келген жоқпын, өзімен бірге «Бауырсақ» ертегіні алып келдім. Егер сендер қаласаңдар, мен сендерге оны айтып қана қоймай, көрсете де аламын. Ол үшін көздерінді жауып, ертегі әлеміне саяхатқа аттанайық.

Ерте — ерте ертеде, шал мен кемпір өмір сүріпті. Бір күні шал кемпірге былай деді.
Әдлет (шал) : Кемпірім-ау, кемпірім-ау.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Қазақша сценарий: Ертегілер еліне саяхат

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты:
- ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
- ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету;
- ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке және адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
- қиялдау, мәнерлеп сөйлеуге баулу.....
Сценарийлер (ертеңгіліктер)
Толық
0 0

Ертегі: Қарлығаштың құйрығы неге айыр? (сурет, видео)

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:

— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Ұр,тоқпақ!

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болып, тұзақ құрып күнін көреді екен. Бір күні шал тұзағын келіп қараса, бір қаз түсіп қалыпты. Шал қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты:
- Мені сен босат! Менен не сұрасаң соны бір жылдан кейін ал, - дейді. Шал мақұл......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Алма

Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — секіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Керқұла атты Кендебай

Бұрынғы өткен заманда бір жесір кемпір болыпты. Бұл кемпірдің перзент дегенде жалғыз баласы болыпты, мал дегенде он шақты ешкісі болыпты. Бала ешкілерін бағып жүреді. Бір күндердеешкілерін далада жайып жүріп, бір топ киікті көреді, оның ішінде бір алтын мүйізді киік жүреді. Бала бұл киіктерді күнде көріп жүіріп, бір күндері шешесіне келіп:
- Далада бір топ киік көрдім, ішінде алтын мүйізді бір шұбар киік бар. Осы шұбар киікті ұстап алып, ханға тарту қылсам, хан маған сыйлық берер ме еді? - дейді. Шешесі:
- Ұстай алсаң, алып бар, хан сыйлық берер, - дейді. Бір күндері бала далада ешкілерін жайып жүріп, алтын мүйізді шұбар киікті тағы да көреді. Сол арада бала әлгі шұбар киікті ұстап алады. Ханға алып....
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Қарт пен тапқыр жігіт

Бір қарт адам болып, өзі ғалым болыпты. Бір күні шаһарға барып, үйіне қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып жетеді. Ол келе жатып жөн сұрасады да, барар жолы бір болғаннан кейін:
- Ата, жолды қысқартайық, - дейді.
Қарт:
- Жол қалай қысқарады? - дейді.
Жігіт:
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз, кеззек-кезек арқаласақ болғаны, - дейді.
Шал ішінен:
- Япырым-ай, мынау бір кесепатты адам болмаса игі еді? Сөзінің түрі жаман екен. Ат-матыммен мені бұл қалай арқалайды? Өзін қалай арқаламақшымын? - деп ойлап, жауап қайырмай, бетіне ажырайып....
Ертегілер
Толық
0 0