Ертегі: Атайдың қулығы

Мектептен қайтып бара жатқан кіп-кішкентай қыз, пәтер баспалдақтарынан әрең көтеріліп бара жатқан қарт атайды көріп қалады . Қолындағы ауыр жүкті көзі шалып , егде тартқан атайдың жанына келіп

-Ата қолыңыздағы жүктің жартысын маған беріңіз, - деп күлімдейді.

Ақ сақалды , нұр жүзді атай қыздың әдептілігіне қайран қалады. Үйіне жеткенше кішкентай қыздан

-Арманың не қызым? – деп сұрайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Қостаушы табылса өтірік айтушы табылады

Екі өтірікші бірі бастап, бірі қостап ел аралап, өтірік айтпақшы болыпты. Біреуі бір күн ілгері жүріп, ел аралап, қонған, түстенген жеріне, жолыққан адамына өтірік айта бермекші болыпты. Екіншісі бір күн кейін жүріп, сол жөнмен алдыңғы өтірікшінің айтқанын қостап, растап отырмақшы болыпты.

Өтірікті бастаушы бір ауылға келіп қоныпты. Ауыл адамдары:

— Жарқыным, жақсы-жаманнан не тіл бар? – десе, өтірікші:

— Ел аман, жұрт тыныш, жалғыз-ақ көкті көбелей, аспанды аралай көшіп......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Сиқырлы тас

Баяғы өткен заманда бір байдың жалғыз баласы болыпты. Бір күндерде бай баласына бір мың сом беріп, оны алыстағы жәрмеңкеге жіберіпті. Бала бірнеше күн жәрмеңкені аралайды да басқа ұнамды ештеңе таба алмай, әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты.
Ол үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін естіп, не нәрсе сатып алып қайтқанын білуге келіпті.
— Қарағым, жәрмеңкеден не нәрсе сатып алып қайттың?
— Әке! Мен сіздің берген барлық ақшаңызға бір мысық сатып алдым. Мұның қасиеттілігі сондай жер-жүзіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайды, – дейді. Баласының бұл сөзіне ешбір жауап қатпастан, бай үйіне қайтып кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Жолбарыс пен қоян

Бұрынғы өткен заманда бір қара орманға жолбарыс патша болыпты. Зорлықшылдығы сонша - өзіне кездескен аңды тарпа бас салып жей береді екен. Сөйтіп, орман ішін қан қақсатыпты. Содан аң біткен үрейден өлетін халге жетіпті. Ақырында барлық аң бас қосып, кеңес құрыпты.
— Жолбарыс көзі шалған аңды қылғып салып жүр. Тіршілігіміздің берекесі кетті. Соған тыйым салатын бір амал табуымыз керек.
Осылайша ақылдаса келіп, аңдар жолбарысқа елші жіберуді ұйғарысады. Елшілікке кімнің баруы керек екені жөнінде бәрі бір ауыздан:
— Қуа қалса, тасқа шығып кетерсің, тас сенің табаныңа балшықтай жабысады, – деп, тауешкіні жұмсапты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер елінде «Бауырсақ» ертегісі (4-сабақ) (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Ертегілер елінде: «Бауырсақ» ертегісі (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.1 мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/ санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
1.4.4.1 бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/ санын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады, бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазады.
Көптеген оқушылар: заттың атын/ сынын/ санын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады, бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, көркем жазады.
Кейбір оқушылар: заттың атын/ сынын/ санын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолданады, бас әріптер мен кіші әріптерді дұрыс байланыстырып, өздігінен көркем жазады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Иттің сынағы

Бір кісінің Майтабан деген танадай нән қара төбеті болыпты. Өзі асқан сақ ит екен. Қора маңына қасқыр жоламапты. Біреу келе жатса, дыбысын алыстан естіп, абалап жар салады екен. Ал ондай ештеңе сезбесе, қара жолдың үстіне барып, көлденең түсіп, тапжылмай жатып алады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу -2 (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер оқу -2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.2 Мәтін түрі мен стилін анықтау
2.3.2.1 Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: ертегінің мазмұны бойынша сұрақтарға нақты жауап береді
Көбі: кейіпкерлердің әрекетіне баға береді, іс-әрекетті білдіретін сөздерді таба алады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін біледі.
Кейбірі: ертегінің идеясын анықтайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Ертегі: Түлкінің айласы

Бір күні тіміскеленіп жүрген түлкінің тұсынан өтіп бара жатқан қасқыр:
– Оу, туысқан, аман-есен жүрсің бе? – деп, әрі қарай кете барыпты.
Түлкі сонда қасқырдың соңынан қарап тұрып: «Бұның маған қалайша іш-бауыры елжірей қалды?... Ал мен болсам оның жай-жапсарын сұраған да жоқпын. Қой, ұят болар. Одан кешірім сұрайын да достасып алайын. Қауқарлы аусар ғой, сенікі жөн, қайтпас қайсарсың деп жүріп, тапқан аң, жемтігін бөлісіп жейін», – деп ойлайды.
Сонан соң тұра жүгіреді де қасқырдың соңынан қуып жетіп:
– Қасеке, сен ренжіме маған, бір ойға шомып кетіп, сені ......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Ит пен мысық адамға қалай үйренді?

Баяғы заманда бір кемпір мен шал болыпты. Балалары жоқ екен. Шал егін егіп, жинаған астығын қамбаға тығып қояды да үнемдеп, шетінен базарға алып барып сатып, шай-тұзын арылтады екен.
Бір күні шал қамбадағы астығынан алып, базарға апарып сатпақ болады. Қамбаның есігін ашып қалса, тышқандардың өріп жүргенін көреді. Бірде-бір дәні бүтін астық қалмапты. Тышқандар жегенін жеп, жемегенін ортасынан қақ бөліп, шаша беріпті. Мұның зардабынан кемпір мен шал қайғырыпты:
– Осы астықпен күн көруші едік, енді қайтеміз? – деп зар еңірепті.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ертегі: Аңқау шал мен айлалы жігіт

Ерте, ерте, ертеде етек жеңін сүйреткен Есенбай деген шал болыпты. Есенбай, жаңадан алған тоқалы, асқан сұлу қызы-үшеу ғана тұрады екен. Шалдың сұлу қызына жігіттер қызығып, көз салып жүрсе керек.

Бір күні айлалы Асан деген жігіт шалдың үйіне келеді. Шал оны үйіне кіргізбей далада жүріп алады. Сол кезде, өлген біреуді жерлеуге әкетіп бара жатқан адамдарға қарап Асан:

— Анау адам өлген кісі ме? Әлде тірі кісі ме? – деп сұрайды Есенбайдан.

— Тірі адамды көрге апарушы ма еді, – деп ұрсады шал.

Асан тағы да:

— Мына егіннің иесі бар ма, әлде иесіз егін бе? – дейді......
Ертегілер
Толық
0 0