Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап: – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды. Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді. – Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте.......
Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай.....
Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп: – Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті. – Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік. Қасқыр: – Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті. Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап: – Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті. – Сенің екі көзің шоқтай қызарып....
Қарабатыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты: - Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана. Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды. - Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Сауысқан шық-шық етті де....
Қай заманда өткені белгісіз, Сағат есімді үрерге иті, сығарға биті жоқ, сіңірі шыққан қу кедей болыпты. Ол бірде аштықтан көзі қарайып, басы ауған жаққа қаңғалақтап келе жатыпты. Әбден қалжырап, ұйқы мендеген байғұс сәл тынығып алайын деп бір құмайт жерге жантая кетіпті. Арқасына аяздай батқан жоқшылық ұйықтаса да қыр соңынан қалмаса керек. Түсінде де осы азаптан бас сауғалап, қашып келе жатса, алдынан сақалы белуарына түскен аппақ қудай қария шығады. Жарлының жолын кес-кестеп: – Оян! – депті. – Өзің жантайған құмайттың оң жағына қарай он қадам жүрсең, ескі жертөленің орны бар. Сол арадағы қираған ошақтың астын сынық сүйемдей қазсаң, Сүлеймен саудагердің былғары сақтияны.....
Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Матау толған түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт болып, ел малын алысқа, отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы соның ішінде кетіпті. Бір қыстық азығын алып, кемпірі мен Ерназар үйінде қалыпты. Ерназардың сегіз ұлы сол кеткеннен хабарсыз кетеді, айлар өтеді - келмейді, жылдар өтеді - келмейді. Ерназардың азығы таусылады, ашықты, жейтін тамақ таппады. Кемпірімен екеуінің орнынан тұруға әлдері әрең-әрең келеді. Бір күні кешке жақын кемпір төсегінен тұрып, үйінің түңдігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, шаңырақтың күлдіреуішінде керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі. Ерназардың қуанып, есі шығады: - Кемпір, сүйінші! Керулі тұрған кер биенің төстігі майлы......