Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға.....
Бұрын, бұрын бұрында Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң.......
Кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне қарап сүйсіне бастайды. — Міне, ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажайып деп осыны айт! Аяғына қараса, алтау екен! Ұп-ұзын, сымбатты! Төрт аяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі: бесіншісі, алтыншысы — қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды. Маса енді өз қанаттарына қарады. Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл, жылдам көтеріп кетеді. Мұртшасы үлпілдек.......
Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні: - Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі. - Жарайды, күлдірейін. Сен менің артымнан ер де отыр. Мен ұшамын да отырамын, - депті бөдене. Сонымен бөдене ұшыпты да отырыпты, түлкі желе жортып, еріпті де отырыпты. Бір жерге келсе, бір кемпір сиыр сауып отыр екен, шалы бұзауды ұстап тұр екен. Бөдене ұшып барып, сиыр сауып отырған кемпірдің басына қона кетіпті. Түлкі анадай......
Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күн екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келеді. Қасқыр қасындағы түлкіге: — Ал, сен жей ғой, достым, – депті жол беріп.......
Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп: - Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, - депті. Бала тұрып: - Құп! Берейін, үйретіңіз, - дейді. Әлгі кісі: - Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың төбелес бастаса, сол қолың арашашы болсын, - дейді. Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне.......
Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге: - Әкең Қазақбайды білуші едім. Үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесіне жете туады, енді бір бала бар, ол кері кете туады. Сен соның қайсысы боласың? - деп сұрапты. - Ата, өте туған бала боларымды алдағы өмірім білер, кері кете тудым ғой деп білем, - депті. Қария тағы бір сұрақ беріпті. - Балам, өтірік пен шындықтың арасын өлшедің бе? - депті. - Өлшедім өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, - деп, бала оң қолының төрт саусағымен көз бен кұлақтың аралығын басыпты. Қария: - Балам, ақыл кімнен шығады, асыл неден шығады, қанат неден шығады....
Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты. - Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп......
Баяғы заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде патша өзінің әскерін ертіп аң аулауға шығады. Және шабармандарын жан-жақтағы құмырсқаларға, кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Патша: “Барлық құмырсқаларға, құрттарға.......
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса......