Пән: Қазақ тілі (Т2) Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған өлкем Сабақ тақырыбы:Айналамыздағы әлем туралы жазу (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.5 мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсіну және сақтау Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды. Көптеген оқушылар: үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және сақтайды. Кейбір оқушылар: мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша жай сөйлемдегі сөз тіркестерінің байланысын түсінеді және толықтай сақтайды.....
Осы заң Қазақстан Ресубликасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің, олардың тіршілік тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайды. Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдалынады:арнаулы жүріп – тұру құралдары – мүгедектердің белсенді және баяу жүріп – тұруына арналған техникалық көмек түрі. Әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттары – мүгедектер мен мүгедек балаларға, сондай – ақ қарттарға медициналық - әлеуметтік мекемелерде, үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшілерінде және әлеуметтік қызмет көрсетудің аумақтық орталықтарында берілетін әлеуметтік қызметтердің көлемін және оларды ұсынудың тәртібін белгілейтін ережелер. Кәсіптік бағдарлау – мүгедектің еңбек қызметі түрлерін таңдауына көмек көрсетуге бағытталған шаралар жүйесі;қайта жасау хирургиясы – организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге немесе олардың орнын толтыруға бағытталған хирургиялық емдеу әдісі. Медициналық - әлеуметтік сараптама – организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік – тынысын бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шарларына деген қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен анықтау. Медициналық оңалту – аурулар мен мүгедектер организмнің бұзылған немесе жоғалтқан функцияларын және денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған емдік ықпал ету шараларының кешені. Мүгедек – тіршілік – тынысының шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан , олардың салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып , денсаулығы бұзылған адамң. Мүгедек бала –тіршілік – тынысының шектелүіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын аурулардан , жарақаттардан , олардын салдарынан , кемістіктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, он сегіз жасқа толмаған адам; мүгедектерді әлеуметтік оңалту – мүгедектердің тіршілік – тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға , олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге , әлеуметтік- тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектеді әлеуметтік корғау – мүгедектеге әлеуметтік көмек көрсету , оңалту , сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөніндегі шаралар кешені; Мүгедектерді жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектің жеке мүмкіндітері ескеріле отырып жабдықталған жұмыс орындары; Мүгедектерді кәсіптік оңалту – мүгедектердің бұзылған не жоғалтқан кәсіптік дағдыларын, білімі мен машықтарын алуын немесе қалпына келтіруіне және оларды бейімдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешені; Мүгедектерді оңалтудың кешенді бағдарламасы – мүгедектерді медициналық, әлеуметтік , кәсіптік оңалту жөніндегі іс – шаралардың кепілдік берілген тізбесі; мүгедектердің әлеуметтік – тұрмыстық және ортаға бейімделуі – мүгедектердің өзін - өзі қарап – күту, өз бетімен өміп сүру мүмкіндігіне қол жеткізу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмірдің үйреншікті жағдайларына қайта оралу процесі; мүгедектік – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тіршілік – тынысының шектелу дәрежесі; мүгедекті оңалтудан өткізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін белгілейтін құжат; міндетті гигиеналық құралдар – табиғи физиологиялықмұқтаждықтарды және қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған құралдар. Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік - құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелері белгіленсе, онда ол халықаралық шарттың ережелері қолданылады, бұған халықаралық шарттан оның қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының заңнын шығару талап етілетін жағдайлар қосылмайды. Осы заңнын күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жеке және заңды тұлғалар, сондай – ақ мемлекеттік органдар мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы қатынастардың субъектілері болып табылады.....
Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптаскан. Римнің негізін қалаған әттен бастап б.э. 509 жылға дейін римдіктерде рулық құрылым болған, алайда ол ыдырау кезеңінде болған. Рулық ұғымының негізі әлеуметтік бірлігі ретінде экзогамды әкелік ру табылган. Рулар отбасыларына бөлінген, оларға тән сипат болып отбасы иесінің жанұя мүшелеріне үстінен шексіз билігі табылған. Қоғамдық құрылым. Римде жалпы алғанда 300 ру болған. Он ру әскери және діни бірлік болып табылатын курияны құраган. Курияның басында қурион тұрған. Он қурия трибуды тайпаны кұраған. Рим халқы үш тайпадан құралған. Халық патрицийлерге, клиенттерге және плебпийлерге бөлінген. Патрицийлар - бұл қалалық қауымның толық құқылы азаматтары, клиенттер патрицийлерге жеке және мұрагерлік тәуелділікте болған, плебейлердің жеқе бостандығы болғанымен, саяси құқықтарға иеленбеген. Мемлекеттік құрылым. Римдік қауымның басында патша Рекс тұрған. Ол әскер басы, жоғарғы абыз болған және ерекше маңызды істер бойынша сотты жүзеге асырған. Рекстің лауазымы сайланбалы болған. Патшаның жанындаы кеңесуші орган сенат болған, ол үш жүз рудың ақсақалдарынан құралған. Сенат коғамдық істерге басшылық жасаған, маңызды мәселелерді талқылаған, мұндай мәселелерге байланысты шешімдерді халық жиналысы қабылдаған. Сонымен қатар, сенат патшаны сайлауға да әсер еткен. Аса маңызды органдардың бірі халық жиналысы болған, ал рим руларының толық құқылы мүшелері — әскери қызметті орындай алатын ер адамдардан құралған; ал сенаттың ұсыныстарын қабылдаған немесе олардан бас тартқан, барлық лауазымды тұлғаларды, соның ішінде патшаны да сайлаған. Римдік қауымдағы тағы да бір орган - бұл абыздық алқалар олардың ішіндегі ең ежелгілері болып авгурлар, понтификтер және фициалдар алқалары табылған (авгурлар тұлғалардың әрекеттері туралы өз қорытындыларын әртүрлі белгілер мен жорамалдардың негізінде берген, понти¬фиктер әдет-ғұрыптарды сақтаушы және түсіндіруші болған, фециалдар соғыс жариялау актісін жүзеге асырған). ....
Пән:Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4A Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам Сабақтың тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің басты идеялары неде? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарлама-сына сілтеме): 9.1.2.1 ¬ құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау Сабақ мақсаттары: • мелекетке сипаттама беру үшін әр түрлі дерек көздерінен алынған ақпараттар бойынша қорытынды жасайды; • оқушыларды қоғамдық – саяси өмір дамуының кезеңдерімен, тарихи өзгерістердің қоғамдық қатынастардың дамуына тигізген әсерімен танысу және тарихи оқиғаға баға бере алу; • ұлттық бірлік, ұлттық тұтастық хақындағы оқушылардың отаншылдық сезімін ояту;.......
Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері , алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М.И.Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш.Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай – ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә.Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады. Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни , 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай – ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: «... Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться , ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1,86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В.Булгаковтың «Л.Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз.Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние , мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақтың тақырыбы:Демалыс туралы әңгіме жазу №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)4.2 Көркемдегіш құралдарды пайдаланып жазу 2.4.2.1 Сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін пайдаланып, жай сөйлемдерді жазады. 4.5 Тыныс белгілерін және сөйлем құрылымын нормаға сай қолдану 2.4.5.1 Үлкендердің көмегімен сөйлемдерде үтір, нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісін қолданады. Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сипаттау сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып жай сөйлемдер жазады. Әңгімелеуде көмекші сөздерді қолданады. Көбі: Оқиға реттілігін сақтап, тақырыпқа сәйкес әңгіме жазады және әңгімелейді. Кейбірі: Кез-келген әңгімені, ертегіні жүйелі жаза алады және әңгімелей алады...
Қайранмын, қайдан оқыдым екен? Әлде Ахмад Сайдттен бе, әлде жай әншейін бір жиын топта айтыла салған анекдот па? Әйтеуір, мына бір әңгіме есімде: Бір кісі базардан самса сатып алып жеп отырса, ішінен майға қуырылған баданадай қара шегіртке шығады. Әлгі кісі сатушыға: «Мұныңыз не?»— деп ожырайған екен, сатушы аспай-саспай: «Е, бұл біздің жақтың мейізі ғой»,— депті де, кәдімгі шегірткені жиіркенбестен аузына сүңгітеді де, қылқ еткізіп жұта салады.
Бұл болған мәселе ме немесе бір қаламгердің еңбегі ме, әлде қызықшылық үшін айтыла салған қысыр әңгіме ме, о жағы беймәлім. Тіпті, онда менің шатағым да жоқ. Ал дәл осындай оқиғаға тап болғаным ақиқат.
Бір күні тамақтанайыншы деп, өзіміздің үлкен мейманхананың астыңғы қабатындағы кафеге кірдім. Ет араластырылған макарон мен айран алдым. Ашығыңқырап қалсам керек, екі-үш қасық асты өңешке үстін-үстін сүңгіттім. Несін айтасыз, бәленің бәрі төртінші қасықтан шықты. Төртінші қасықты асап салған замат-ақ шәймеңдеп кеп тұрып қалдым. Оған себеп, қатқылдау бір зат тісіммен қақтығыса берді. «Сүйек болар» деген оймен о затты стол үстіне қойып, алдымдағы дәмді асқа қайта оңтайлана беруім мұң екен, қасымда тамақ жеп тұрған екі әйелдің көздері ажырайып, бет-әлпеттері тыржиып, лоқси бастады. Әлгі келіншектің бір жасаураған көзін сүртіп жатып: .....
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б.з.д. II ғ. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір бөлігі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы « гуньмо » ( Күн бағы-Күн бегі ) деп аталатын иеліктің негізін салды. Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, Қаңлылармен ( Кангуй ) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен ( Дуанмен ) ұштасып жатты. Үйсіндердің астанасы Чигучен ( Қызылалқап қаласы ) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді. Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі князь Чжанцянь үйсіндердің иелігінде 630 мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған. Деректерде б.з. III- ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси- тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым- қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары- билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды. Үйсіндердің этниклық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған. Зерттеушілердің біразы үйсіндерд шығыс иран тайпаларынан шыққан десе, екінші біреулері үйсіндер- түріктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының бірі « үйсін » деп аталады. Үйсіндер қоғамы біртекті болмаған. Ол байларға, ру және тайпа ақсүйектеріне, әскери және діни адамдар, жрецдер болып, сондай-ақ жәй мал шаруашылығы және егіншілікпен айналысатын қарапайым топтарға бөлінген. Үйсіндердің тапқа бөлінуін олардың қалдырып кеткен қорғандары көрсетеді. Жалпы Жетісу жеріндегі үйсін заманынан қалған мыңдаған обалар үш түрге бөлінеді. Олардың біріншісі- диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-10-12 м үлкен жер обалар. Мұнда атақты адамдар әскери басшылар, ру-тайпа көсемдері, ірі меншік иелері мен олардың әйелдері қойылған деп айтуға болады. Бұл обалардан сәндік заттар, ьай мүсінді алтын қаптырмалар, лак бұымдарының қалдықтары, аң стиліндегі әшекей бұйымдар, қару, қыш және ағаш ыдыстар табылған. Екінші үлгідегі обалардың көлемі 15-20 м шамасында, биіктігі 1 м дейін болған. Үйінді астында бір-екі мола, кейде бір молада кездескен. ....
Тірі ағзалар үнемі қозғалыста және тепе теңдікте болад, яғни ағзаға сырттан қоректік заттар еніп тұрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бұл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудыі қалыпты жүруін орталық жүйке жүйесі және эндокрин бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері өз әсерін ферменттер арқылы іске асады. Ағзаның барлық клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер қатыспаса, ағзадағы химиялық реакциялар өте баяу да тәртіпсіз жүретін еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерінің негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әр түрлі жайсыз құбылыстарға әсер етеді.
Біздің мұндағы негізгі қарастыратынымыз, тақырыптың негізгі ашпақ болған мәні-ол ферменттердің жалпы ерекшеліктері, қасиеттері , медицина саласындағы әсіресе медициналық диагноз қоюдағы маңызын түсіну және қолдана білу, сондай-ақ ферменттердің синтезінің бұзылуы немесе жетіспеуінен туындайтын ферментопатиялардың не энзимопатиялардың түрлері жайлы, олардың клиникалық белгілері жайында мәлімет ала отырып, түрлі ауруларды бір бірінен айыра білу жөніндегі ақпараттар болып табылады.
Демек, фермент биологиялық катализатор болғандықтан, термодинамиканың негізгі ережелеріне бағытталады.Атап айтқанда, бейорганикалық катализаторлардың көптеген ерекшеліктерін ферменттік реакцияларда байқауға болады, яғни олар бірнеше ортақ қасиеттерге ие:біріншіден, энергетикалық мүмкіншілігі бар реакцияларды ғана катализдей алады; екіншіден, реакция тепе-теңдігін өзгертпейді, тек осы тепе-теңдікке жету уақытын ғана қысқартады; үшіншіден, реакция бағытын өзгертпейді; төртіншіден, реакцияның соңғы өніміне айналмайды.Алайда, ферменттер биологиялық катализатор болғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері болады ,оны ферменттердің жалпы қасиеті деп атаймыз.....
Кіріспе Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қоғамдық құрылымның өзгеруі, еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі, өндірістің күрделенуі, қиындауы, жұмыс жағдайының түбегейлі өзгеруі, ескі кәсіптік құрылымның күйреуі, ғылыми-техникалық ақпараттың бұрын соңды болып көрмеген қарқынмен көбеюі, басқа да саяси-әлеуметтік жағдайлар жастардың білімін және кәсіптік шеберлігін арттыруды күн тәртібіне қояды. Өйткені білім мен тәжірибенің экономиканы дамытудағы рөлі күн санап өсіп келеді. Жеке адам бағыттылығының проблемасы қазіргі кездегі психологиялық педагогикалық ғылымның негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі Демократиялық қоғам құру кезеңінде экокномика саласында нарықтық қатынастарға көшу, қоғамда гуманизация үрдістері жүріп жатқан кезде, демократиялық қоғамда өмір сүретін және шығармашылық еңбекке адамгершілік, психологиялық және практикалық тұрғыдан дайын- біртұтас, жан-жақты дамыған жеке адамды тәрбиелеу – біздің қоғамның негізгі мақсаты.....