Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар.Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранының сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.«Рәміз» деген сөз грек тілінде «символ» деп аталынады. Рәміз – философия мен психология өнерінің ең басты дәрежелерінің бірі.......
Пән: География Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері Сабақтың тақырыбы: Экологиялық проблемаларды шешуде ғылыми-техникалық прогресс №2 Оқу мақсаттары: 10.3.2.8 Экологиялық проблемаларды шешуде ғылыми-техникалық прогрестің рөлін анықтау Сабақтың мақсаты: Оқушылар ҒТП кезінде экологиялық инновациялық технологияның жұмыс жасау жолдарын түсіндіредіжәне маңыздылығына баға береді....
Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология деп аталады. (грек – ethos - әдет, мінез) деген мағананы береді. Этология ғылымы 20 ғасырда пайда бола бастады. Бұл жаңалықты Нобелъ сыйлығының иегері академик И.П.Павлов ашқан. Ол жануарлардың мінез – құлқын жана-жақтылы зерттеді. Қазыргі уақытта этология ғылымымен биология факулътетіндегі Сарбонде, Аксфорде, Англия, Голландия мемлекеттері қатты көңіл бөліп оқытады. Павлов жануарлардың мінез-құлқына генетикалық талдау жүргізген және оның талдау жүргізген бірден-бір жаңалығы осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемде жануарлардың мінез-құлқы үйретімді, жуас, тыңдағыш болған екен. “Жануарлар адам секілді бәлкім рахаттылық, қуаныш-қайғы, күйзелу, бақыттылық және бақытсыздықты сезінуге қабілетті” деп Чарлиз Дарвинның еңбектерінде жазылған. Ағылшын биологі Д. Гексил адам тәрізді маймылдар денемен, сезім ағзаларымен ған қамтамасыз етілген, яғни, адамдарға ұқсас, сонымен қатар қызығушылықтың, ашудың, қауыпсіздіктің, жақындылық, ауырсыну, рахаттылықтың көрсеткіштері бар. Бұл құбылысты кез-келген адам зоопаркте көруі мүмкін, бұл басқада сұтқоректілерге қатысы бар екенін қортындылайды. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті зерттеуде жануарлардың мінез-құлқын бақылау әдісі кең қолданылады. ....
Философия пәнін оқытуды талдау барысында соңғы кезде академиялық сабақтардың (әсіресе практикалық) мазмұнында эмпирикалық білімдерге басты назар аудару тенденциясының орын алғаны байқалды. Біздің мұнымен не айтқымыз келеді? Философия пәні бойынша сабақтардың мазмұны негізінен нақты мысалдармен, өзекті оқиғалармен, практикалық сұрақтармен және тарихи деректерге бай материалдармен берілуде. .....
Ислам діні балаға мағынасы дұрыс, естір құлаққа жағымды, көркем ат қоюға шақырады. Сондықтан балаға есім беру – аса жауапкершілікті іс. Тіпті, Ибн Аббас (оған Алла разы болсын) айтқандай, баланың әкесіндегі үш хақысының бірі саналады.
Жақсы есім – баланың болмысына, тұлға болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған өзінің есімінің артықшылықтарын айтып, өзімен аттас тұлғалардың өмірі, жеке қасиеттері туралы жиі айтып отырған жөн. Сонда ізгі қасиеттер баланың бойына да даритын болады.......
КІРІСПЕ Құрылымы мен мазмұны жағынан күрделі синтаксистік категорияға жататын құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу тілтанушылар үшін оңай болмағандығы рас. Оның айқын дәлелі өткен ғасырдан бастау алатын сан салалы зерттеулер мен күні бүгінге дейін жарық көріп жатқан еңбектердің барлығында да сөйлемнің осы түріне қатысты күрмеуі қиын мәселелер мен табиғаты тылсымдау бір проблеманың шығып тұратындығында. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы пікір, тұжырымдар П.М. Мелиоранский [5], Н.И. Ильминский [6]және т.б. түркітанушылар еңбектерінде көрініс табады. Авторлардың құрмалас деп көреткен сөйлемдері бүгінгі таным тұрғысынан алғанда жай сөйлемге жататындығына қарамастан, бұл еңбектердің сөйлем табиғатын танытудағы ролін жоққа шығаруға болмайды. Түркі тілдес халықтар ғалымдары да құрмалас сөйлемдерді арнайы зерттеу нысаны етіп алып қарастырды. Олардың қатарында М.З. Закиевтің «Синтаксический строй татарского языка», А. Жапаровтың «Синтаксический строй киргизского языка», Н. З. Гаджиева, Б.А. Серебренниковтардың авторлығымен жарық көрген «Сравнительно-историческая грамматика тюркских языков. Синтаксис», Г.Г. Саитбатталовтың «Синтаксис сложного предложения в башкирском языке», К. Чонбашиевтың «Сложные предложения в русском и киргизском языке», Н. Нартыевтің «Строй сложного предложения в современном туркменском языке», сондай-ақ «Грамматика хакасского языка», «Грамматика татарского языка» т. т. еңбектерді атап өтуге болады. Аталған мәселе төл ғалымдарымыздың да назарынан тыс қалмады. Қазақ тіл білімінің қалыптасып, даму тарихында оның негізін салушылар А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Жиенбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев есімдері ерекше аталатыны сөзсіз. Аталған ғалымдар жалпы қазақ тіл ғылымының дамуына зор үлес қосты дейтін болсақ, соның ішінде синтаксис саласына қалдырған мұралары күні бүгінге дейін маңызын жоймағандығын атап өтуіміз керек. Синтаксистің аса күрделі де күрмеуі мол нысаны құрмалас сөйлемдерді зерттеп, зерделеу, оның тілдік табиғатын таныту мен құрылымдық-семантикалық белгілерін айқындау ісінде белгілі ғалымдар Н. Сауранбаев, М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р. Әмір, М. Серғалиев, Б. Шалабай еңбектерінің мәні зор. Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі қазақ тілін мектепте, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқытудың өзіндік қиыншылықтары бар. Оның басты себебі, біріншіден, іс жүзінде бір-бірімен сабақтас, белгілі бір жүйемен оқытылуға тиіс білім беру сатыларының бағдарламалары арасында байланыстың жоқтығы болса, екіншіден, оған сәйкес жазылатын оқулықтарда берілетін материалдардың мазмұнының арасындағы елеулі айырмашылықтар. Аталған сәйкессіздік тіл білімінің барлық салаларында да орын алатындығын мойындауымыз керек. Айталық, қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша, оған қай дыбыстар жатады деген мәселеге қатысты әр автордың оқулығынан әр түрлі жауап алуға болады. Бұл жайт бағдарламалар мен оқулықтарда берілген құрмалас сөйлемнің түрлеріне де қатысты. Сондықтан оны айқындау ісі жұмыстың өзектілігін танытады. Диплом жұмысының мақсат-міндеттері Диплом жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдерді топтастыру. Осыған орай төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді: - құрмалас сөйлемнің зерттелу тарихына шолу жасау; - құрмалас сөйлемдерді топтастыруда қолданылатын ұстанымдарды нақтылау; - әр ұстаным бойынша құрмаластарды жіктеу; - аталған жайттарды нақты тілдік фактілермен дәлеледеу.....
Көктем келді. Күн жылына бастады. Бүкіл табиғат оянды. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Адамдар қылың киімдерін тастап, жеңіл киімдерін кие бастады. Мал төлдеп, ақ молая түсті. Жерге көк шығыап, төлдер асыр салып ойнауда.......