Пән:Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдени мұра Сабақ тақырыбы:Шығарманың композициясын анықтау Серік Нұғыман «Сәлемдеме» Оқу мақсаттары: 4.2.8.1 эпизодтар мен оқиғаларадың негізінде жатқан маңызды тұстарын талдау және салыстыру 4.2.5.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың композициялық құрылымын (сюжеттің басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі) анықтау 4.3.1.1 оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен шығармадағы маңызды тұстарды анықтайды, композициялық құрылымын өрсете алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтай алады; Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады, шығарманың композициялық құрылымын сұрақтар арқылы анықтай алады, оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөле алады; Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар арқылы талдайды, салыстырады, шығарманың композициялық құрылымын өздігінен анықтай алады, оқылған шығарманы бөліктерге бөліп ат қояды. .....
Міндеті мен мақсаты.Жұмысты жазудағы мақсатымыз - Ақтөбе облысының шаруашылығы мен әлеуметтік – мәдени салалары бойынша мұрағат қорларын жинақтап топтастыру, оны ғылыми айналымға енгізу. Мақсатымызға жету үшін мынадай бірнеше міндеттерді алға қойдық. - Мұрағаттағы облыстың шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни көзбен талдай отырып, салаларына қарай топтастыру; - Өлкенің әлеуметтік – мәдени дамуына байланысты оқу – ағарту, мәдени және спорт салаларына қатысты қорларды бір жүйеге келтіріп, жинақтау; - Ақтөбе облысының шаруашылық, мәдени – ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттар мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау; - Мұрағаттағы қорлардың Ақтөбе тарихындағы орнын анықтау. .....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын Сабақ тақырыбы:Жемістер мен көгөністер (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/ не туралы екенін түсіну 1.3.1.1 жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқу Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын қарапайым сөздерді тұтас оқиды. Көптеген оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді тұтас оқиды. Кейбір оқушылар: тыңдаған материалдың не туралы екенін түсінеді, жиі қолданылатын сөздерді еркін оқиды.......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы: Ұшу аппараттары туралы не білемін? Оқу мақсаттары: 2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы/пайдасыз болды, себебі ... т.б.) білдіру Сабақ мақсаттары: Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша өз ойын білдіруге дағдылану.....
КІРІСПЕ Бірыңғай мүшелі сөйлемдер мен олардың қызметі жай сөйлем синтаксисінің обьектісі болып табылады. Жұмысымызда бірыңғай мүшелер туралы түсінік, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірыңғай мүше болуындағы ерекшеліктері, мүмкіншіліктері, жай сөйлем құрамында бірыңғай мүшелердің байланысу түрлері мен оларды байланыстыратын жалғаулықтар, интонация, орын тәртібі және бірыңғай мүшелі сөйлемдерде қолданылатын жалпылауыш сөздер кеңінен қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі. Синтаксис термині грек тілінен алынған. Онда sintaksis – қоспа, біріктіру деген мағына болатын. Бұл сөз о баста сөзбен сөздің бірігу, қосақталуы деген ұғымда жұмсала жүріп, кейін екі түрлі терминдік ұғымға ие болып кетті: біріншісі – тілдегі сөздердің тіркесуінен сөйлем құраудың жүйесі деген мағынада да, екіншісі – тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада. Синтаксис ғылым деген ұғымда жұмсағанда, оны, әдетте, граматика ғылымының морфология сияқты, үлкен саласы деп білеміз. Оның өзі үш бөлімнен құралады: 1. Сөз тіркесінің синтаксисі; 2. Жай сөйлемнің синтаксисі; 3. құрмалас сөйлемнің синтаксисі. Синтаксис ғылымының зерттейтін обьектілері – тілдің синтаксистік құрылысы. Синтаксистік құрылыс сөздердің әр алуан тұлғаларда жұмсалуы арқылы өз ара тіркесіп барып. Сөйлем құрауының жүйелі ережелері мен заңдарының жиынтығы болып табылады. Синтаксис – сөз тіркесінің, жай және құрмалас сөйлемдердің сыр – сипатын, қалыптасқан ережелері мен жұмсалу заңдылықтарын айқындайтын ғылым. Синтаксис сөз тіркестерін, сөйлемдерді, олардың бөлшектері мен әр алуан синтаксистік категорияларын кісінің ойын білдірудің грамматикалық амалдары ретінде, оларды өз ара және морфологиямен байланыста қарастырады. Синтаксистің басты арнаулы обьектісі екеу: бірі – сөз тіркесі, екіншісі – сөйлем. Сөз тіркесі мен сөйлем екі бөлек синтаксистік единиуалар: сөйлем қарым – қатынас жасауды пікір алысуды қамтамасыз етудің – ал сөз тіркесі сөйлем құралдың шоғырланған материалы болу. Сол үшін сөздер өзара тіркесіп, белгілі синтаксистік қарым – қатынасқа түсіп, сөйлем құрамында жұмсалады. Тілдің ең басты ,бір тұтас ұйысқан бөлшегі –сөйлем. Сөйлем- тілдің қоғамдық қызметі. Пікір алысудың ойды білдірудің, негізгі тұлғасы. Ол қашанан бері синтаксистик зертеудің басты объектісі болып есептеледі. Сөйлем кісінің ойын айту мақсатына лайық құралатындықтан, сөз, сөз тіркестері ойдың бөлшекті элеметтері есебінде сөйлем құрамына енеді. Олар сөйлем құраудың синтаксистік материалы болатындықтан, синтаксис зерттеудің де басты объектісінің бірі болып табылады.....
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды. Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. ....