Курстық жұмыс: Бухгалтерлік есеп | Материалдық емес активтердің есебі

Кіріспе
Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құр- дық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның ақын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылар- дың өзі мойындап отыр.Экономикамыздың тұрақты стратегияны жүргізуінің нәтижесінде бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына,заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жолында.Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді,яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Алматы шетіндегі студент пен зейнеткер «Оңайға» жете алмай отыр

Алматыда қоғамдық көлікке енгізілген «Оңай» электрондық төлем жүйесі Алматы облысының кей тұрғындарына қолайсыздық тудырды. Мегаполис маңында тұратын зейнеткерлер мен студенттер жеңілдігі бар «Оңай» картасын ала алмай жүр деп хабарлайды Азаттық.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Баяндама: Математиканы оқыту арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу жолдары

Қазіргі заманғы білім беру тұжырымдамасының бағыты-ізгілікті жеке тұлғаны қалыптастыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты-ұлттық жеке адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасай отырып,оның шығармашылық қабілетін дамыту» деп атап көрсетілген. Осыған орай мектеп мұғалімдерінің алдында оқушыға білім-білік дағдыларын игертіп қана қоймай,қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, ерік-жігерін,яғни оқушыны жан-жақты дамыту міндеттері.......
Баяндамалар
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністері (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақтың тақырыбы: Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністері
Оқыту мақсаты: 10.7.1.4 ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтау
10.1.1.1 зерттеу тақырыбына сәйкес салыстыру әдістерін қолдану
10.1.1.2 зерттеу тақырыбына сәйкес сандық әдістерді қолдану
10.1.1.3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады
Сабақтың мақсаты: Оқушылар ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін анықтай алады. Ғаламдық проблемалар бойынша дүниежүзінде аумақтық көріністерін анықтауда салыстыру, аудандастыру әдістерін қолданатын болады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілі

КІРІСПЕ
Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Стилистика тілдің көркемдегіш амал тәсілдерін, тілдің жұмсалу аясының түрлі қоғамдық салаларда қолдануын, қатысымдық әрекетінің функциясын атқарады. Стилистика мәселесі өте күрделі, өзінің функционалдығымен қарым-қатынас әрекетіндегі тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тәсілдерді қолдану принциптерін ретке келтіретін сала. Стилистика сөйлеу, коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейді. Стилистика түрлі қоғамдық салаларда тілдік амал-тәсілдер мен стилистикалық мүмкіндіктер арқылы коммуникативті-прагматикалық, эстетикалық қызметті қарастырады. Стилистика көптеген ғылыми-практикалық мәселелерді қамтиды. Ол тілдегі стилистикалық амал-тәсілдерді ғана қарастырмайды, стилистикалық мүмкіндіктердің барлық базасын қамтуды көздейді, сондай-ақ ұлттық әдеби тілдің нормасын сақтап, стилистикалық норманы қалыптастырады. Стилистика ғылымы стилистикалық ұғымдар мен белгілердің межесін өзіне тірек ете отырып, теориялық проблемаларды шешеді [1,6].
Қазіргі стилистика ғылымының проблемалары өте кең: тілдік пәндері кешенді түрде зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірліктерді пайдаланудың тәсілдерін үйретеді әрі стилистикалық тәсілдерді коммуникативтік мақсатқа сай іріктеу ұстанымын негізгі меже етіп алады. Адамдық фактордың сөзді саналы түрде ұйымдастыруын есепке алып отырады, тілдік емес ситуациялар мен контекстің тікелей ықпалы арқылы дискурс пен мәтіндегі стилистикалық мүмкіндіктердің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Стилистика – тілдің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық принциптерін ғана ретке келтіріп қоймайды, прагматикалық әлеуметтік ықпалы ерекше стилистикалық әсер ететін тілдік бірліктердің қызметін толық есепке ала отырып, оны жүзеге асырушы экстралингвистикалық және басқа факторлармен бірлесіп стилистикалық мүмкіндіктерді қарастыратын тіл ғылымының күрделі саласы.
Қазіргі стилистиканың жалпы филологиялық, тілдік немесе әдебиеттік тұрғыдан бөлінуі де оның мазмұны мен бағыттарының әр түрлілігін көрсетеді. Қазіргі тіл білімінде стилистиканың даму бағыттарының бірнеше түрі өте маңызды орын алады. Олардың қатарына функционалдық стилистика, көркемдік тәсілдердің стилистикасы, прагмастилистика жатады. Жалпы тіл ғылымында стилистиканың даму бағыттарының жоғарыдай түрлерінің пайда болуы, стилистика мәселесінің өте күрделі ғылым саласы екенін көрсетеді. Жалпы тіл ғылымында функционалдық стильдерді былайша топтастырады:
– ауызекі сөйлеу тілі;
– ғылыми стиль;
– ресми стиль;
– публицистикалық стиль;
– көркем әдебиет стилі [2,8].
Стилистикалық фигуралар жоғарыда аталған функционалдық стильдердің барлығында бірдей қолданыла бермейді. Стилистикалық фигуралар көркем әдебиет стиліне тән стилистикалық тәсілдер болып табылады.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше. Көркем әдебиет тілінде сол тілдің барлық байлығы еркін қолданылады. Көркем әдебиет стилі – стилистикада әдеби шығарманың көркемдік формасын құрайтын ерекше стиль түрі. Көркем әдебиет стилінің сыртқы құрылымдық жағы туралы әдебиетшілер мен тілшілер арасында ортақ пікірлер бар, сондай-ақ тілдік-стильдік тұрғыдан бөлектенетін тұстары да бар. Көркем әдебиет стилі тіл аясының негізін құрайды. Жалпы алғанда олардың арақатынасы ортақ болғанмен, соған қарамастан „көркем әдебиет тілі” бір-біріне ұқсас емес. Көркем әдебиет стилі өзінің әдеби тілмен ішкі бірлігі жағынан қаралатын объективті шындығын ешуақытта жоғалтпайды, керісінше қазақ ұлттық әдеби тілінің барлық тілдік-стильдік ерекшеліктері көркем әдебиет стилінде көрсетіліп отырады [3,36].
Көркем әдебиет стиліне әдеби тілдің нормасы да кіреді, сондықтан көркем әдебиет тілі арқылы әдеби тілге қатысты ізденістен көркемдік-эстетикалық топпен бірге стилистикалық категориялары өрбіп шығады. Көркем әдеби стилі жалпы әдеби тілдің ұлттық нормаларына, көркем сөздің нормаларына иек артады. Жалпы халықтық тілден, ауызша әдеби тілден, ауызекі сөйлеу тілінен, ұлттық әдеби тілден негізі қаланған көркем әдебиет стилі көркемдік, құрылымдық, эстетикалық өрісін беруде өзгеше стильдік мәнер түзе алады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жемістер мен көкөністер– оқылым №2 (1 сынып, 7 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тамақ және сусын
Сабақтың тақырыбы:Жемістер мен көкөністер– оқылым №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
2.3 Мәтіннің негізгі қырларын анықтау және талқылау
1.2.3.1 Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады
Көбі: Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады
Кейбірі: Естіген/тыңдаған мәтіндегі таныс сөздерді табады және диалогте қолдана алады.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0