Курстық жұмыс: Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУДІҢ ДАМУЫ

Кiрiспе.
Ипотекалық несиелеу – банктiк iс-әрекеттiң ең перспективалық бағыттарының бiрi. Қазақстанда ипотекалық несиелеу жүйесiн құру кайлы мәселе бiраз уақыттан берi талқылануда. Бұл саладағы алғашқы қадамдар 90 жылдардың басында жасалған. Бұл мақсатта арнайы мемлекеттiк қор құрылған, бiрақ ол сол күйi жұмыс iстемей-ақ жабылып қалған. Басты мәселе Үкiметте ақшаның жоқтығы, дегенмен бұл тек нәтиже, ал мәселе бұдан да терең. Үкiметте, дәлiрек айтқанда қығығушылық танытқан ведомостваларда ипотекалық несиелендiру жүйесiн құру үшiн не iстеу қажеттiгi жөнiнде және бұл жүйенiң жалпы неге қажет екендiгi туралы нақты көзқарасы болған жоқ.
Бүгiнде тұрғын үй жағдайын қарастыра отырып бiз өз азаматтарымызды тұрғын үймен қамту мәселелесін қозғап қоямыз. Өзiне тұрғын үй алу – әрбiр отбасының бiрiншi кезектi қажеттiлiгi. Бұл қажеттiлiктi қанағаттандырмай, қоғамның ешбiр әлеуметтiк басымдықтар туралы айтудың қажетi жоқ.Осыдан барып азаматтардың қажеттi деңгейдегi үй алу жөнiндегi конституциялық құқықтарын iске асыру маңызды әлеуметтiк – саяси және экономикалық мәселе ретiнде қарастырылады. Бұл мәселенің шешiмiн таңдаудан тұрғын үй құрылысының жалпы қарқыны мен масштабы, адамдардың нақты тұрмыс жағдайы, олардың моральдық және физикалық сезiмi өзгередi.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Отты жылдардан естелік

Биыл Ұлы Отан соғысының басталғанына 71 жыл толып отыр.Осыдан 71 жыл бұрын фашистік германия КСРО еліне шабуыл жасады.Осы соғыс жолында қаншама қазақ азаматы елі,жері үшін барын салды.Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдары болған.Бұл кез ешбір адамның есінен кетпейтіні анық. Соғыс басталысымен Қазақстан алғашқы күндерден бастап бір жұдырықтай жұмылды.Осынау жер-ананы шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған.Бейбіт өмірді тарту еткен қан майданда от кешкен ер жүрек жауынгерлер бүгінгі ақсақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар.Олар әрқашанда құрметке лайық.Сондықтан оларға деген алғыс еш толастамасы анық.Сол кездерде қазақ ұлдарының жеңіске қосқан үлесі зор.Халқымыз осының бәріне ерекше төзімділік пен шыдамдылық танытты.Ұлы Отан соғысы жылдарында бірнеше Қазақстандық аталарымыз Кеңес Одағының батыры атағын алды.Олар өз Отанын қасық қаны қалғанша қорғады.Осы бейбіт күнді ата әжелеріміз бес жыл бойы минуттап, сағаттап күтті.Осы қиын кездерден бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе ұмытылған жоқ.Сол кездегі халқымыздың ер жүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгі қалатын күн.Біз Ұлы Отан соғысында жеңіске ештеңеге тең келмейтін ғажап күшпен жеттік.Ол күш әрине бірліктің арқасында қаншама халық бір тудың астында бірігіп күштерін бір арнаға салды. Қаншама аналар боздақтарын айырылып ,қаншама бала жетім өсті. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат теңсіздік 2-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңсіздік 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): квадрат теңсіздіктерді шешу
Сабақтың мақсаты: Квадраттық функцияның графигін қолданып квадрат теңсіздіктерді шешеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік экономикалық тұрғыдан қарастыру

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таңыды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.
Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.
Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұңы жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілгенжүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18,7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте). Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.
1 кесте
Жылдар Желі Контингент
2000 1144 135287
2001 1167 146375
2002 1162 153965
2003 1156 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16,3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38,7%-ының жоғары білімі, 52,8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6,4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31,2%-ының санаты жоқ. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Мектепке дейінгі кезеңде психодиагностиканы жүргізу ерекшелігі

Психологияда психодиагностика термині кеңінен пайдаланылады. Диагностика ұғымы медецинада ежелден пайдаланылып келе жатыр. Ол аурудың түрін анықта және медицинада қалыптасқан терминдермен белгілеу процесі болып табылады, ал психологияда бұл термин он тоғызыншы ғасырдан бері кеңінен пайдалануда. Психодиагностика (грекше - жан, - тануға қабілетті, танып білу) психологиялық диагноз қою немесе жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерінің, күй-жағдайларының ерекшеліктерін сандық және сапалық жағынан бағалау. Психология ғылымының бір саласы ретінде психодиагностика екі бағытта дамуда.
Психодиагностикаға екі анықтама беруге болады. Біріншісі – психодиагностика адамның дамуындағы оның жеке тұлғалық даралық ерекшеліктері мен болашағын анықтауға арналған әдістерді құрастыратын психологияның ғылыми саласы. Психологиялық диагноз қою – бұл бір-бірімен байланысты психологиялық қасиеттер мен күй-жағдайлар комплексін-динамикасын, қабілетін, мотивациясын, тұлғаның тұрақты көрсеткіштерін құрылымдық жағынан талдау жасап бейнелеу. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері –Қола дәуірі (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Ұлы дала өркениетінің қайнар көзі және қалыптасуының ерекшеліктері –Қола дәуірі
Оқу мақсаты: - Ұлы дала өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу ерекшеліктерін түсіндіру
- Қазақстан аумағындағы ежелгі археологиялық мәдениеттердің ерекшеліктерін сипаттау
- Ұлы Дала ежелгі мәдениеттері
нің сабақтастығын және өзара байланысын талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар: Ұлы дала өркениеттерінің пайда болу мен қалыптасу ерекщеліктерін түсіндіреді.
Мәдениеттердің сабақтастығын және өзара байланысын табады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Ежелгі түркілердің дипломатиясы

Кіріспе
Әлeмдe, оның мәдени apнaлapындa тapиxи өлшем бoйыншa aйтapлықтaй маңызды, бipaқ coғaн қapaмacтaн aдaмзaт үшін әлі де жұмбақ болып қалып oтыpғaн, лaйықты дeңгeйдe бaғaлaнбaғaн құнды құбылыcтap көп. Oлap көбiнe-көп тapиx қoйнayының шыpғaлaң қaтпapлapындa шыpмaлып, өpкeниeт дaмyының capaбдaл жoлдapынaн түpлi ceбeптepмeн тыc қaлып қoйды.
Kөшпeлi өpкeниeт – aдaмзaт тapиxындa бoлғaн дeceк, oндa oның өзiндiк epeкшeлiктepiмeн тoлacтaй түcкeн бaйтaқ aймaғы Ұлы Дaлa aтaлaтын, жep шapының Opтaлық-Aзиялық бөлiгi caнaлмaқ. Coл кeздeгi ocы aймaқтaғы eлдepдiң этникaлық құpaмын нeгiзiнeн түpiк тeктec xaлықтap құрады, coндықтaн дa, бұл дaлaны мәдeни-этникaлық мaғынaдa Tұpaн. Tүpкicтaн Түркі елі дап aтaғaн. Қaзaқтың көнe тарихы және дипломатиясы - ұлaн-ғaйыp «epкін» aймaқтa opнaлacқaн, түpкi тiлдi көшпeлi өpкeниeттiң белгісі.
Қaзipгi Қaзaқcтaн ayмaғын мeкeндeгeн xaлықтap өмipiндe көптeгeн ғacыpлap бoйы acтaн-кecтeн oқиғaлap жәнe өзгepicтep бoлды. Ocындaй қилы тapиx шыpмayынaн көнe дәyipдiң мұpacы peтiндe ұpпaқтap үшiн қaзaқтap eкi мәңгi құндылықты caқтaп қaлды — oл Cөз құдipeтi мeн Зaң құдipemi. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Кемеңгер, дана, данышпан, ойшыл

Кемеңгер келістіден шығар,
Қара байыр, желістіден шығар.

Хас кемеңгер қайғырса да, қуанса да, қалт етпес.

Кемеңгердің артынан көп ереді.

Кемеңгер кеңес таппай қоймас.

Ісмердің байлығы қолында,
Кемеңгердің байлығы жолында.

Кемеңгердiң артынан көп ередi.

Дана,
Дананы да туған ана.

Көп ойласаң — дана боласың,
Көп ойнасаң — бала боласың.
Мақал-мәтелдер
Толық
2 0

Сабақ жоспары (ұмж): Интеллектуалды музыка (Музыка, 6 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Музыка - өмір тынысы
Сабақ тақырыбы: Интеллектуалды музыка
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;
6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
Сабақ мақсаттары:
- Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады;
- Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.
Қазақстан экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсуінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр. Капиталдың болуы, иновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамассыз етілуі және тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық практикасы - осы факторлардың бәрі кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін қамтамассыз етуде маңызды рол атқарады және сәйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Бірақ, көп ел инвестиция алғысы келетінін және оған деген бәсекенің жоғары деңгейде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады. “ Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері ” тақырыбын таңдай отырып, курстық жұмысты жазуда келесі мақсат көзделді: шетел инвестициясы, оның ішінде тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасындағы атқаратын орнын және мәнін анықтау.
Осы мақсатқа қол жеткізуде келесі мәселелерді шешу қажет:
• ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және олардың нысандарының рөлін анықтау;
• шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру;
• Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;
• Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;
• шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;
• шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.
Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.
Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі.
Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0