Сабақ жоспары (ұмж): Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ (Геометрия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу
Сабақ тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.1 Үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін білу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар үшбұрыштың қабырғаларына жүргізілген медиана, биссектриса, биіктік пен орта перпендикулярдың қасиеттерін біледі және есеп шығару барысында оларды қолдана алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Жеңіс келді, артта қалды зор қайғы

Соғыс жаңғырығы жылдан-жылға алыстап барады... Бұл соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ ұлы майданға аттанды. Ұлы Отан соғысы адамзат үшін өте көп қасірет әкелген. Соғыс – күйретуші күш. Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жылмап жұтатын тажал. Ұлы Отан соғысы сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлап, қазіргі таңда еліміздің мақтанышына айналған Ұлы тұлғалардың бірі. Сан миллиондаған адамдар төрт жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла түскен соғыстың алғашқы кезінен-ақ Кеңес халқы жантәнімен Отанын қорғады. Кеңес азаматтары аянбай шайқасты, жеңіс жолында Отан үшін азаматтар мерт болды.
Жеңіс күнінің толғағы ащы болса да, туғаны бар жыл үшін қуанышы болған күн. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың үмітін ақтауымыз керек. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске еш нәрсемен тең келмейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – бірлік. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)
Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 5.4.1.2 – көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру
5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
Сабақтың мақсаттары: Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Ш.Уәлихановты «Аққан жұлдыз» деп атайды? (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А XIХ-XX ғ. басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Неліктен Ш.Уәлихановты «Аққан жұлдыз» деп атайды?
Оқу мақсаты: • 8.2.3.1 Ш.Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: Шоқан Уәлихановтың ғылымға қосқан үлесіне баға беру...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің ақ таңы

Қыстың бірінші күні. Желтоқсан айы. Ақ ұлпа қарға бөленген кішкентай ауылымның әсем табиғатына үнсіз ғана көз тастаудамын. Аспан төрінен шуағын шашқан алтын күн нұрымен шағылысқан кең байтақ қазақ сахарасы, ауыл халқының қарбаласқа толы, тыныш тіршілігі – бәрі-бәрі тәуелсіздігіміздің сыйы екенін тағы да бір мәрте есіме салды. Белес-белес созылған тау жоталарына қарап, тарихтың қатулы қатпарларына енгендей боламын. Сонау ақтабан шұбырындыдан бүгінгі күнге дейінгі «Елім-ай» деп еңіреп, аттары ауыздығымен су ішіп, бабаларымыз етігімен су кешкен қиын-қыстау замандардағы халқымыздың зарлы үні, үмітке толы тағдыр жолы елестейді.Иә, бұл -қазақ атты ұлы елдің қиындығы мен қуанышына, жеңілісі мен жеңісіне куә болған Желтоқсан айы. Ал, мен сол жеңісті күндердің, тәуелсіздіктің , бейбіт ұрпағымын! Мен осы таңға жету үшін қаншама тер, қаншма қан төгілгенін көзіммен көрмесем де, жүрегіммен сезініп үлгердім. Осындай тамыры тереңге созылған, 550 жылдық тарихы бар ұлы хандықтың, айбыны асқақ мәңгілік елдің ұрпағы болғаным үшін мен бақыттымын. Тәуелсіздік маған асқақ арман сыйлады, кемел болашағыма деген сенімімді арттырды және парыз бен міндет жүктеді. Ал мен тәуелсіздікке мәңгілік тағдыр сыйлағым келеді. Осы күнді келер ұрпаққа баянды етіп жеткізу де, еліміздің атын әлемге танытып, даңқын шығару да, көсегесін көгертіп, шаңырағын құлатпай, тіктеп ұстау да біздің, бүгінгі ұрпақтың, басты парызы.
Тәуелсіздік демекші, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақуатты заман елімізге орнағаннан бері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әр түрлі бағытта сарабдал саясаттар жүргізіп келеді. Менің бойымдағы Отаныма деген махаббат пен кіршіксіз адал ниет те- осы Елбасы ұстанған саясат пен шешімнің нәтижесі. Себебі, барлығымыз білетіндей тоқсаныншы жылдары тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан кейін Президент шеттегі қазақ диаспораларын жинап құрылтай ашып және сол құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру туралы шешім шығарып, «Көшіп келу туралы» Заң негізінде шеттегі қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалғандығы айтылды. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функция графигінің ойыс-дөңестігі және иілу нүктелері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.31 - функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын және функция графигінің аралықтағы дөңестігінің (ойыстығының) қажетті және жеткілікті шартын білу,
10.4.1.32 - функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын таба білу;
Сабақ мақсаттары: Функция графигінің дөңес (ойыс) аралықтарын табуға есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 0.4.1.28 - функцияның кризистік нүктелерінің және экстремум нүктелерінің анықтамаларын, функция экстремумының бар болу шартын білу;
10.4.1.29 - функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табу;
Сабақ мақсаттары: функцияның кризистік нүктелері мен экстремум нүктелерін табуға есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатысушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Менің таңдаған курстық жұмыс тақырыбым – “Коммерциялық банктің табыстылығы мен рентабельділігі”.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. І Бөлім, коммерциялық банктер және олардың жіктелуі, коммерциялық банктердің қызмет түрлеріне сипаттама бере отырып, олармен экономикалық операциялар жүргізу туралы жаздым.
ІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің табыстары мен шығындарын, активті және пассивті операцияларына мысал келтіре отырып, коммерциялық банктердің активті операцияларын басқаруды дамыту жағын ауқымды етіп ашып көрсеттім.
ІІІ Бөлімде, коммерциялық банктердің рентабельділігі және коммерциялық банктердің шетелдік тәжірибесі жайлы.
Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі қауіптерді азайту болып табылады. Қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең оңтайлысын табуы керек.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛ МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ

КІРІСПЕ
Қаржылар нарықты экономиканы басқарудың ең тиімді нысаны болып табылады. Қаржы негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Қаржы саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына әсер етеді.
Қаржылар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның қаржы жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Қаржылар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Қаржы жүйесін құрайтын міндетті төлем – салық болып табылады.
Қандай да болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі басқарушы қызметі. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды, себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0