Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы 3-сабақ Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 6.2.3.1 – көне түркі жазуының маңызын түсіндіру Сабақтың мақсаттары: Көне түркі ескерткіштерінің ашылу тарихын біледі; Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсінеді.
4 мамырдан бастап Қазақстанда бірқатар рейстер қалпына келеді. Мұндай шешім бүгін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып жатқандығын көреміз. Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын орнының зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып сол діндерді ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін емес. Дінді сипаттау оңай жұмыс емес. Біздің ойымызша, діннің анықтауыш қызметі оның әлеуметтілікті қалыптастыруында, яғни адамдар қарым-қатынасын реттеуде болса керек. Өйткені тіпті «религия», сөзінің этимологиялық бастапқы мәнінің өзі де «біріктіру», «байланыстыру», «қатынасты қалыптастыру» дегенді білдіреді. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы идеологиялық механизм. Діннің мазмұны әлеуметтік мәні бар негізгі құндылықтарды қасиетті деп танудан тұрады. ....
Күн кешке айналса-ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады. Домбыра қоқыр күймен ақырын ғана сарнап ызың қағады да тұрады. Оның даусы серпіліп жоғарыға шырқайды. Баяулап төмен де түспейді, бір қалыппен ырғалып, күңіренеді де тұрады.
Бұл дауыс, бұл күй, бізге көптен таныс, көптен құлағымызға сіңген күй. Оны кім тартып отырғанын біз кісіден сұрамай-ақ білеміз.
Кешке домбыра тартылып қоңыр күй шықса Ырысбай қарт екен дейміз. Домбыра тартылды дегенше-ақ, Ырсекең қасына баралық деп жүгіре жөнелеміз...
...Міне, домбыра даусы шықты. Біз жиналып алып соған қарай жүрдік. Күндегі домбыра, күндегі күнмен талас тартылатын қоңыр күй, күндегі ыңыранып ән салатын Ырысбай қарт, оның тартатын күйінде де, отырған отырысында да өзгеріс жоқ. Кірлеген ақ домбырасы қолында; теңселіп, ыңыранып отыр.
Ағытылып айтылып отырған өлең де жоқ, толықсып көкке өрлеп құйқылжыта салған ән де жоқ. Тек қана ыңыранған өлеңнің, баяуланған әннің жобасы, сарыны ғана.
Осылай отырған Ырсекеңнің қасына келіп сәлем береміз. Ол иек қағады да қояды. Келген бізді көзінің астымен бір шолады да домбырасын тарта береді.
— Беу, Ырысбай-ай, неғып күңірентіп отырсың домбыраңды,— дейді. қасына келіп, Жанақ.
— Еріккеннен тартып отыр дейсің бе, несіне сұрайсың соны,— дейді қарт. Кәрі саусақ пернеден пернеге жүгіріп, қоңыр күйді баяулатып тарта береді. Ол домбыра тартып отырғанда, ыңырсып домбыраға қосылып отырады. Анда-санда көзін жұмып бала тербетіп отырған адамдай-ақ теңселіп, ырғалып қояды.
Ырысбай қарттың қоңыр күйін, біз бала шағымызда тыңдадық қой, сондықтан оның толық мәнісіне түсінбейді екенбіз. Тек қана өзді-өзіміз ойнағанда Ырысбай болайын ба деп, ақ ағашты қолымызға ұстап еу-еу деп ыңырсу үшін, терең ойлы кәрияның қызық мінезін келемеж ету үшін ғана оның қасына жиналады екенбіз. .....
— Бұл — сол әйелдің дәл өзі. Оған менің титтей де күмәнім жоқ!
Капитан Хэйдок досының сабырлы жүзіне бұрылып бір қарады да, күрсініп қойды. Оның «тек өзімдікі дұрыс» деп қасарысатын бірбеткей мінезін іштей ұнатпайтын. Теңізде өткізген көп жылдар кісі ісіне қол сұқпауды жақсы үйреткен еді. Ал қылмысты істерді тергейтін бөлімнің бұрынғы инспекторы, бұл күнде марқұм болып кеткен Эванстың өмірге деген көзқарасы мүлде басқаша болатын.
— «Істі қолға түскен деректерге сүйене отырып, тергеу керек» дейтін қағида — Эванстың жас кезінен бергі ұраны-тын. Келе-келе ол ондай деректерді өзі іздеп табатын дәрежеге де жетті.
Қылмысты істерді тергеу мекемесінің инспекторы Эванс ақылды, көзі ашық офицер болатын. Лауазымы да таза еңбегінің арқасында көтерілген. Тіпті бертінде, инспекторлық қызметтен біржола қол үзіп, ұзақ жылдар бойы армандаған саяжайға қоныс аударғаннан кейін де, сезімталдығы мен кәсіби түйсігі сақталған еді.
Бір көрген адамды жазбай танимын дегенді мақтанышпен, бірнеше дүркін қайталап:
— Иә, бұл сол Энтони ханымның дәл өзі. Сіз Мероудии ханым дегенде-ақ мен оны бірден тани кеттім,— деді.
Капитан Хэйдоктың мазасы кете бастады. Себебі, Мероудиндер оның ең жақын көршілері болатын. Ертеректе болған аты шулы оқиғаның бас кейіпкері мен Мероудин ханымның бір адам болып шығуы оны шынымен қатты толғандырған-ды.
— Ол оқиғадан бері талай жыл өтіп кетпеді ме?— деді бәсең үнмен.
— Тоғыз жыл болды,— деп, іле жауап қатты Эванс.— Тоғыз жыл, үш ай. Оқиға есіңізде ме?
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу; Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2A Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақ тақырыбы: Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде 3 -сабақ Оқыту мақсаты: 5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау; 5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну Сабақ мақсаттары: Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау.
"Тисса" зиратының кәрі директоры бәрі дайын болды ма, жоқ па, көрейін деп, ақырын аяңдап үйден шықты.
Ол өзінің қарауындағы осынау қаралы жердің қойнына талай мәйітті шығарып салған, олардың көпшілігін танымайтын да; бірақ танысын-танымасын, алдынан өткен кімге де болса бас иіп, тағзым етіп тұратын әдетінен бір жаңылған емес. Директор үшін өлім жөнелту күнделікті, үйреншікті жағдай еді, солай бола тұра әрбір жерлеу рәсімі оған мына жалғанның тұрақсыз да тұрлаусыздығын еске салып, неге екені белгісіз, қатты толқытатыны бар.
Оның ең жақын досы дәрігер Септимус Годвиннің дүние салғанына жиырма жылдай уақыт өткен, ол өзі тірлігінде арсыздау, сонымен қатар арманшыл, желөкпелеу адам болатын, оның ақылы нақылға айналғаны, адамды бірден баурап әкететін ерекше қасиеті туралы да әңгіме көп-тұғын. Енді міне, оның баласын жерлегелі жатыр.
Дәрігер Годвин өлгеннен бері директор оның жесірін бірде-бір рет көрмеген, өйткені ол әйел бұл қаладан бірден кетіп қалған, бірақ қою қара шашты, ұшқын атып тұратын қоңыр көзді, ұзын бойлы сол әйел бұның есінде жақсы қалып еді. .....
Бұл күн,яғни,15-16 ақпан күндері мен үшін есте қаларлықтай сәттерге толы болды..Журналистика саласына анық маxаббатымның оянған уақыты деп айта аламын. Көптің назарынан тыс қалмайтын өзіміздің "QazaQstan” телеарнасының 60 жылдығына арналған “Qazaqstan” -еліміздің телеэпопеясы:ұлттық арнаның даму моделі" деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында xалықаралық ғылыми тәжербиелік конференция болып өтті.Конференцияға қазақ тариxында есте қаларлық журналистер мен беделді мүшелер қатысты.Олардың ішінде: ҚР БҰҰ Ақпарат Бюро басшысы Властимил Самек мырза,Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы Жаратылыстану ғылымдары бөлімінің басшысы Кристине Товмасян ,ҚазҰУ ректоры,академик Ғалымқайыр Мұтанов,,Ардагер журналистер Сұлтан Оразалин,Төлеубай Қаймолдин өз құттықтау сөздерін сөйледі,Клара Қабылғазина ханым құттықтау сөзімен қатар,ұстаздар тарапынан ұсыныстарын айтып өтті .Сонымен қатар,ардагерлерге ҚазҰУ мерейтойлық төсбелгіні тапсыру салтанаты да болды.Құттықтау барысында сөз сөйлеушілер Ұлттық арнаның тариxынан сыр шертіп,60 жыл ішіндегі атаулы жетістіктерін айтып кетті. .....