Курстық жұмыс: Экономика | Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару («Альянс Банк» АҚ мысалында)

Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі тұрақты ақша айналымының жақсы қызмет етуі болып табылады.
Банктік жүйе – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды саласы. Оның ролі мемлекетте төлемдер мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және кредиттік операциялар арқылы жүргізуімен анықталады. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді.
Банкілік тәуекелдер экономикалық тәуекелдер санатына жатады. Банкілік кіріс пен капиталға болжанбаған талаптардың салдары болып табылатын қандай да бір өзгерістер тәуекелдің көзі болып табылады. Банкілік операцияларды басқару дегеніміз – іс жүзінде банкілік қоржынға байланысты, яғни банк кірісін қамтамасыз ететін активтер жиынымен байланысты тәуекелді басқару. Ал тәуекелді басқару банктің стратегиялық басқаруының маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Аталған мәселе тәуекелді басқарудың ерекше жүйелерін жасау жолдары арқылы іске асырылуы әрі ол банктің қандай да болмасын бөлімдерінің қызметін қамтуы керек.
Барлық банктік операциялар олардың жүргізілу тәуекелділігімен байланысты болғандықтан, банктік қызметті реттеу және қадағалаудың барлық процесінде коммерциялық банктер тәуекелін қарастыру және оны басқару ең қажетті мәселе болып келеді.
Курстық жұмысының мақсаты - банктерді заманға сай бәсекеге қабілетті етіп жетілдіру, оны еліміздің экономикасының маңызды секторына айналдыру, Қазақстан банктерінің позитивті имиджін қалыптастыру мәселелерін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- коммерциялық банктердегі несие тәуекелін басқаруды ұйымдастырудың қазіргі заманғы тенденцияларын үйрену;
- коммерциялық банк қызметін дамытуға және оның материалдық базасын жетілдіруге жәрдемдесу жөніндегі стратегиялық ережелерді пайдалану;
- Отандық банктердің қазіргі жағдайына баға беру;
- «Альянс Банк» АҚ жұмысына талдау жүргізу;
- осы саланы реттеу тетігін жетілдіруге ықпал ету.
Зерттеу обьектісі: «Альянс Банк» Акционерлік қоғамы.
Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары, отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ

Жас ерекшелігі психологиясы — психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні — адам психиқасының жас ерекшелігі динамиқасы, даму үстіндегі адамның психиқалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелігі психологиясының тармақтары болып есептеледі. Жас: ерекшелігі психологиясы психиқалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын т. б. зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясы педагогиқалық психологиямен ажырамастай тығыз байланысты.
Педагогиқалық психологияның пэні — оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогиқалық психология оқыту процесін басқарудың психологиялық мәселелерін, танымдық ироцестерінін қалыптасуын зерттейді, ақыл-ой дамуының сенімді белгілерін іздеп тауып, оқыту процесіндегі ақыл-ойдың тиімді дамуынын шарттарын анықтайды, педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды, сондай-ақ оқушылардық өзара қарым-қатынастарын қарастырады. Бұлар мен қоса, педагогиқалық психология оқушыларға жеке дара қатыінас жасауға байланысты мәселелерді де зерттейді.
Педагогиқалық және жас ерекшелігі психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі — бала, жеткіншек, жас өспірім — ортақтығымен үсіндіріледі; олар, егер жас ерекшелігіне сай даму динамиқасы тұрғысында зерттелсе, жас ерекшелігі психологиясының зерттеу объектілрі, ал егер педагогтын мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогиқалық психологияньщ объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы төменгі класс оқушылары психологиясы, жеткіншектер, жас өспірімдер психологиясы — жас ерекшелігі пснхологиясынын бөлімдері. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: CE3IM МҮШЕЛЕРI ТУРАЛЫ IЛIМ ЭСТЕ3ИОЛОГИЯ (AISTHESILOGOS)

Сезiм мүшелерi (organa sеnsuum) туралы түсінiк. Aғза әcepдi әр түрлi жүйкелердiң ұштары - рецепторлары арқылы қабылдайды. Ол рецепторлар арнаулы сезiм мүшелерiнде: көз, құлaқ , тiл, мұрын, тepi, бұлшықеттерi, iшкi мүшелер т.б. орналасады.
Рецепторлардың жануарлар мен адамдарда белгiлi мүшелерге жинақта¬луы ағзаның сыртқы ортамен байла¬нысының күрделiлiгiнен, эволюциялық даму нәтижесiнде пaйда болғаны бел¬гiлi. Бұл жaғдай aғзадағы жүйке жүйе¬ciнiң эволюциямен тығыз байланысты болуымен түсiндiрiледi.
Жануартанудағы бiржасушалы қaрапайым жәндiктердiң және төмeнгi дәрежелi көпжасушалы iшек қуысты жәндiктердің сыртқы әcepдi барлық дeнeciмeн жиырылып қабылдайтыны мәлiм. Ал aдaмдapдың дeнeciнe тітip¬кендiргiш нәрсе тисе, оның бүкiл денесi емес, сол тiтiркендiргiштің орны жиырылады, барлық денені қозғалтпай-ақ тiтiркендiргiш тиген жердiң өзiмен ғана жиырылып жауап бередi. Мыса¬лы, бетке шыбынның қонуын еске алыңыз. Бұл жaғдай эволюциялық да¬му нәтижесiнде рецепторлы жасуша¬лар ағзаның белгiлi бiр жерiне жинақ¬тала бастағанын көpceтeдi. Мысалы: құpттap және құрылысы күрделi жән¬дiктepдe сезiм (рецепторлық) жасуша¬лары ауыздың аймағында және қap¬малағыштарына жиналады. Сөйтiп өмip тiршiлiгiне байланысты, рецеп¬торлық жасушалардың белгiлi шоғыры бiртiндеп тек әдеттенген, үйренген тi¬тiркендiргiшке жауап беруге бейiм¬делген. Мұндайда рецепторлардың бiреуi - жарыққа, басқасы - тиген, қозғалған әсерге, т.б. жауап берген. Рецепторлар cыpтқы ортаның өзгерiсiн бiртiндеп қашықтан да қабылдайтын болды. Aғзада жүйке түйiндерi пайда болып, түйiндi (ганглиозды) жүйке жүйесi түзiлдi. Тiтiркендiргiштi қa¬шықтан қaбылдайтын рецепторлар тip¬шiлiк жaғдaйына байланысты aғзаның алдыңғы бөлiгiне шоғырлана бастап, дeнeнiң бас бөлiмiне: көру, есту, дем және иiс білy, тепе-теңдiктi сaқтay сезiм мүшелерi жинақталған.
Эволюциялық даму нәтижесiнде омыртқалылaрда үлкен ми cыңapының қарқын дамуына байланысты, оның қыртысында барлық сезiм мүшелерiнiң орталық аймақтары пайда болды. Олар сезiм мүшелерiндегi рецепторлармен жүйке талшықтары арқылы байла¬нысып, талдамалар қызмет aтқapa бастады. Әcipece, адамдарда кез келген рецептордың тiтiркендiргiш арқылы қозуы ми қыртысына жеткізiледi. Ол жерде ауырғанды, жылылықты, суықтықты, көpгeндi, дыбысты т.б. ажыра¬тады. Сондықтан да бiз санамыздан тыс дүниеде бар заттарды сезiм мушеле¬рiмiз арқылы қабылдап (көрiп, естiп-¬aқ), талдама жолдары арқылы түйсiк aлaмыз. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздіктің көк туы желбіресін

1941 жылы 22 маусымда тып-тыныш жатқан бейбіт елге тұтқиылдан фашистік Германия шабуыл жасады.Бұл елімізге төнген үлкен қауіп, әрі сын еді.Отанымызды қорғауға бұғанасы қатпаған жап-жас қыздар мен жігіттер де, еңкейген кәрі де аттанады. Ал, тылда қалған әйелдер мен әжелер, жас балалар тыным таппай еңбек етіп, бүкіл ауыртпалықты көтерді.Жас келіншектер мен қыздар қолдары қалт еткенде қалың киімдер тігіп, жылы кеудеше, қолғап, шұлық тоқып майданға, жауынгерлерге жіберіп көмек жасаған екен. Халықтың қабырғасын қаусатқан осы қаһарлы соғыс 4 жылға созылды. Қаншама адамдар осы сұм соғыста қаза тапты. Балалар әкелерінен, аналар балаларынан, қарындас ағасынан, жас әйелдер асыл жарларынан айырылды. Осындай қиын қыстау күндерде еліне деген сүйіспеншілік талай қазақ азаматын танымал батыр етті.
Солардың кейбіреулерін мақтаныш сезімімен атап өтетін болсам, олар – шығыстың қос шынары- Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова,Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Төлеген Тоқтаров, Бауыржан Момышұлы сынды батырларымыз. Міне осындай талай батыр аға-әпкелеріміз аянбай елі үшін күресті.Рейхстагқа ту тіккен қазақ халқының ержүрек батыр баласы- Рақымжан Қошқарбаев еді. Олардың елі үшін жанын қиған ерлігі бүкіл КСРО халқын тамсандырды. Олар Отанын қорғау жолында жасаған ерлігі үшін«Кеңес Одағының Батыры» деген үлкен атаққа ие болды......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Зерттеуді қалай жоспарлау керек? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Зерттеуді қалай жоспарлау керек?
Оқу мақсаты: 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау.
Сабақтың мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізе білу дағдыларын дамыту......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы
Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру
Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау;
Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру;
прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақтың тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.7 көпмүшелерді қосу және азайтуды орындау;
7.2.1.8 көпмүшені бірмүшеге көбейтуді орындау;
7.2.1.9 көпмүшені көпмүшеге көбейтуді орындау;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Көпмүшелерді қосуды, азайтуды, көбейтуді үйренеді
Көпмүшелерге амалдар қолдану орындалатын мәтін есептерді шығарады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Макроэкономика теориясының негізгі мәселелері

«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі.
Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді.
Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Ұшқалақ


Ольга Ивановнаның тойында оның жақын достары мен жақсы таныстарының бәрі де болды.

Көзге түсер ештеңесі де жоқ, осы сияқты жай, қарапайым адамдарға күйеуге шығуының себебін ұғындырғысы келгендей, Ольга Ивановна күйеуіне қарай иек қаға сөйлеп, достарына:

— Қараңдаршы, өзінде бірдеңенің нышаны бар емес пе? — дейді.

Күйеуі, Осип Степанович Дымов, дәрігер, лауазымды кеңесші шеніндегі адам. Екі ауруханада бірінде штаттан тыс ординатор болып, екіншісінде прозектор болып істейді. Күнде ертеңгі сағат 9-дан түске дейін ауруларды қабылдап, палатасында қызмет етеді, ал түстен кейін конкаға мініп алып екінші ауруханаға барып, онда ауырып өлген адамдарды сойып қарайды. Өз бетімен дәрігерлік істен табатын табысы тым аз, жылына бес жүз сомдай-ақ. Міне, бар болғаны осы. Ол туралы басқа не айтуға болар? Ал енді Ольга Ивановна мен оның жақын достарын, жақсы таныстарын онша қарапайым адамдар деуге болмайды. Олардың әрқайсысының да өзінше көзге түсер ерекшелігі, аз да болса, атағы бар, аты шыққан көрнекті деп саналатын немесе, тіпті, саналмаған күннің өзінде де болашағына зор сенім артуға болатын адамдар. Бірі драма театрының әртісі, ел сыйлайтын ірі талант, сымбатты, ақылды, момын ғана адам, дауыстап оқуға өте шебер, Ольга Ивановнаны дауыстап оқуға үйреткен сол болатын; енді бірі опера әншісі, ақжарқын жуантық адам, ылғи Ольга Ивановнаға күрсіне қарап: сіз өзіңізді - өзіңіз қор қылып жүрсіз, егер ерінбей, өзіңізді қолға алған болсаңыз, тамаша әнші болар едіңіз ғой дейді; одан кейінгілері - бірнеше суретші, олардың ішіндегі тәуірі - жанрист, анималист, пейжазист Рябовский дейтін өте сұлу, ақсары келген жас жігіт, жасы 25-терде, ол көрмеде көзге ілінген өзінің соңғы картинасын бес жүз сомға сатқан; Рябовский Ольга Ивановнаның этюдтерін түзетіп беріп, бәлкім, Ольга Ивановнадан суретші де шығар деген болатын.Одан соң бірі — тартқанда асп.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Немереме


Нұртілеуім,

Сен туғанда шаттықтан бір түледім.

Уілдеген үніңнен айналайын,

Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.

Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,

Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.

Бала бүркіт секілді көкті аңсаған

Талап қылып ұшарсың қанаттанып.

Мына байтақ бабадан алған енші

Тылсымына құлақ түр, тебіренші.

Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,

Бастауынан қанып іш, гүлін терші.

Балғыным, бұл – бабалар аманаты,

Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.

Ұланы бол сен оның сенім артар,

Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0