Курстық жұмыс: Психология | Мектептегі оқу тәжірибесінде балаларды жазбаша сөйлеуге үйретуде шетелдік әдістерді қолдану

Кіріспе
Курсттық жұмыстың өзектілігі:
Тіл мен сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды роль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі - тіл, тілдің көркі сөз» - деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл әрекетке де итермелейді. Бұл - оның атқаратын екінші қызметі.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдар мен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақты болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі заңдылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Күні туған елім)

Домбыра алып, ел кезіп,
Тұманды күнде мен безіп,
Кешегі жүрген шағымда:
Күннің батқан жағында, —
Секілді менің руым
Өмірдің көрген құйынын, —
Бар екені қандай жер,
Бар екені қандай ел
Сезілген күңгірт Жамбылға.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Дос, жолдас

Тәуір көрген досыңа,
Тәуір көрген малын бер,
Көре-көре сүйінсін.
Көңіл қалған досыңа,
Жаратпаған малын бер,
Көре-көре күйінсін.

Ұстамен дос болсаң, наркескенін аларсың.

Достың ұлы - өз ұлың.

Біреуге беріп жағасың,
Біреуге еріп жағасың.

Табы бірдің ары бір,
Адал достың жаны бір.

Доссыз өмір - шоғы жоқ көмір.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Кәрі солдат


Сексен жаста қатарың сирей бастайды. Қапалы болса да, қатал шындық сондай.

Ал, «Құланоты» ауылында соңғы кезеңде сексеннің табалдырығынан аттаған жалғыз Сырым болды. Қалың бидайдың ішіндегі жалғыз арпа.

Бұл жасқа жеткенше Сырым өзінің саяқтығын сезе бермеуші еді. Өйткені алдында ағалары бар еді, ал алпыс пен жетпістің арасында өзіңнен бес-он жас кішілерден үлкендігің аса шодырайып тұрмайтын.

Енді Сырым алдындағы ағалардан жұрдай болды да, артына бұрылып қарап еді, әлдекім ат басындай алтын беретіндей алға тым асығыс кетіп қалыпты. Өзгелерден оқшау озып кеткеніне ыңғайсызданатындай хал кешетін болды.

Анау-мынау десе де, сексеннің аты — сексен. Қырыққа жетпей қыржиып қартаятындарды да көріп жүрміз. Төрт жыл қиян-кескі соғыстың ішінде жүрсең, соғыс біте бергенде, құмалақтай оқ та емес, қол тоқпақтай снаряд оқ қолыңды шолтитып жұлып кетсе, ол аз болғандай сол жамбасында осколка қалса, оның үстіне өмір бойы колхоздың бригадирі, қарауылы болсаң, сексен деген, әрине, аз жас емес.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2 В. Дәстүрлі қазақ қоғамы: этникалық құрылымы және әлеуметтік ұйымдасуы
Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;
10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Шәкен аға

Шәкен аға фильмдерін көрдің бе?

- Көргенмін.

- Соның бірін маған атап бер,- дедім.

- Алдар көсе.

- Дұрыс.

- Бірақ Алдар көсе

Ғасырларда әлденеше

Болған ненің кейіпкері?

- Аңыздың.

Ол аңызда

Алдайтын да,

Арбайтын да.

Тал бойында

Бар өнерін

Арам байға,

Төрелерге

Бүйі дейін тиген елге

Қарсы үнемі

Жұмсағанда,

Шоқтай қарып, от боп жанды.

Аялаған адал жанды,

Аспандаған асқақ әні.

Шәкен ата бейнелеген

Алдар көсе

Тарих болып қалды мәңгі.



.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тек ақылмен

(Әңгіме)

— Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,— деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де мең-зең ұйқы құшағында еді. Анау мұны жұлқылап оята бастады.

Мен ауылдың орта тұсына жете бергенде-ақ интернат маңында жүрген иттердің абалап үріп, артынан әр тарапқа бытырай қаңсылап, қашқандарынан-ақ дәу де болса жынды қара келген болар деп ойлаған едім. Өйткені үрген иттерді қынадай қырып, таспен атып, «бүйідей тиіп, шылдай тоздыратын, сен едің» деумен болған. Бұл сәтте Акаша жынды қара атаған бала басын көтеріп, кереует үстінде отыр еді. Оның аты – Сәмен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Тектілік

Әскер қатарынан қайтып оралғаныма көп өтпей-ақ жазған өлеңдерім «Қызыл ту» газетіне там -тұмдап жариялана бастады. Тіпті газеттің мәдениет бөлімін басқаратын Мұхаметжан Дәуренбеков ағаның жөн сілтеуімен облыстық радиодағы ағалармен де танысып, бірен-саран өлеңдерім эфирде берілген. Менің қаламға деген талпынысымды байқаған болса керек, бөлімше меңгерушісі Соқырбек Жұманбаев аға:

– Сен Амангелді Қаңтарбаевты білесің бе? – деп сұрады.

– Жоқ, – дедім мен.

– Мұның қалай? – деді Соқырбек аға, – оны өзгені былай қойып, аудандық партия комитетінің үшінші хатшысы Төлеутай жолдас малды ауылдарды бірге аралағанда дастархан басында аудандағы ірі ақын деп мақтап отырды. Хатшының сөзіне қарағанда, келешегінен көп үміт күтуге болатын талапты жас болса керек. Мен Амангелді туралы мұнан кейінгі жерде ауыл адамдарынан жиі еститін болдым. Тіпті немере ағам Балташ Бақтыбаев: «Бәрімізде қалам тартып жүрміз ғой, біздікі не тәйірі. Ақын деп, журналист деп Амангелдіні айт», – деп желпіне сөйлер еді. Мен Амангелдімен осылай сырттай таныстым. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аралас экономика мазмұны және негізгі белгілері

Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді.
Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет.
Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми әдебиеттермен күнделікті өмірде түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың бекуіне генетикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. Мұндай көзқара-с формаларының көп түралілігін, яғни там порталықтандырылған әкімшілік экономикадан нарықтық қатынастарға өту қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түралі негіздер меншіктің түралі формаларын қабылдауға мәжбүр етеді, яғни, бұл түралі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан нарықтық қатынастарға кему, ұжымдық менщікке алу, кооперациялау, жекелей еңбек ету және т.с.с. формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс орындарының, мекемелердің формалары да әр қилы айырмашылықта болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақ әдебиеттану ғылымы жыл сайын өсіп, өркендеп келеді. Әдебиеттану ғылымының да ауқымы кеңейіп, сан-салалы болып дамып келе жатқаны қуантады. Жиырмасыншы ғасырдың орта шенінде-ақ әдебиеттану ғылымының көрнекті бір саласы болып қалыптаса бастаған абайтану ғылымының да өзіндік ерекшелігі, алар орны ерекше деп айтуға болады. Сол себепті өзіміздің зерттеу жұмысымызда осы мәселені жан-жақты қарап, зерттеудің ерекшелігіне назар аудардық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұлы Абай ақын, дана, ойшыл, кемеңгер ретінде әбден мойындалған құбылыс. Ал ұлы Абайды тану, жазу, зерттеу процесі ақынның көзі тірісінде-ақ басталған болатын және бұл процесс жүз жылдан бастам уақыт өтсе де ешбір үздіксіз, үнемі дамып, жетілу үстінде. Ғасырға жуық уақыт ішінде кемел қалпына келіп, әбден мойындалған абайтану ғылымын зерттеу объектісі етіп, одан әрі дамыта түсу бүгінгі күннің өзекті, көкейкесті мәселелерінің бірі деп тануға болады. Күні кешегі зерттеулерді жан-жақты қарап, салыстырып, бүгінгі күннің тұрғысынан бастап баға беріп отырудың өзі өзекті мәселе болып табылады. Абайтану ғылымы мен абайтану тарихын салыстыра, қос-қабат алып зерттеу де біздің жұмысымыздың маңыздылығын арттыра түсері сөзсіз.
Тақырыптың мақсаты мен міндеті. Абайтану ғылымы өзіне ерекше назар аудартатын саланың бірі. Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылық жолын, әдеби мұраларының мәні мен маңызын тану, тағылым алу бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері деуге болады. Сол себепті абайтану ғылымы да жалпы әдебиеттанудың бір көрнекті саласы болып дамып, өркендеп келеді. Міне, осы аталған жайттардың бәрін ескере келіп зерттеу жұмысымыздың алдына бірнеше мақсат пен міндеттер қойдық.
- Абайтану ғылымының өзіне тән ерекшелігін, өміршеңдігін және келешегінің де мол екенін таныту;
- Абайтанушы ғалымдардың шығармашылығына талдаулар жасау, салыстырулар жүргізу көзделді;
- Сонымен қатар абайтанудың тарихын да тереңнен қозғап, жан-жақты сөз ету көзделді;
- Абайтану тарихында із қалдырған тұлғалардың еңбектеріне бүгінгі күн тұрғысынан баға беруді жүзеге асыру;
- Абайтанудың ғылыми бағыт ретінде қалыптасып, дамып, жетіліп отырғанын дәлелдеу, саралау мәселелері жайында мақсат пен міндеттер көзделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану ғылымының қалыптасу жолдары, абайтану тарихының тың дерек көздерінің бәрі сарапқа салынып, ой елегінен өткізілді. Абай мұрасын таныту, баға беру, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында жазылғандардың бәрінің бір арнаға түсіп, абайтану ғылымына айналу процесін көрсету жүзеге асырылды. Абайтану ғылымының қалыптасуы мен тарихының сан-салалы жолдары көрсетілді, сонымен қатар кешегі мен бүгінгі тарихы салыстырыла отырып талдау объектісіне айналды....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0