Мемлекеттік рәміздер-белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.1992 жылғы 4 маусымда қабылданған мемлекеттік нышандарымыздың төл тарихының бастауы да тым әріде жатыр.Мемлекеттік нышандар тарихы да ел тарихының ажырамас бөлігі. Ол да халық тағдыры туралы сыр шертеді. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ту шашағын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!......
Ойынның материалға, мазмұнына, ұйымдастыру формасына, баланың дербестігіне, оның қалыптасу деңгейіне байланысты бірнеше түрлері бар. Ойын туралы ХХ ғ. зерттеулер пайда болды. Тұңғыш рет ойын бала үшін еңбек деген пікірді неміс психологы-философ В.Вунд, орыс философы 1912 жылы Г.В.Плеханов өзінің еңбегінде көрсетті. Плеханов бұл проблеманы зерттейтін адамзат қоғамының бір өмірдің қалыптасуы деп түсіндірді. Сөйтіп өнер мен ойын арасында генетикалық жалпылық бар деп айтты. Плехановтың пікірі бойынша қоғам тарихында еңбек ойында белгілеп анықтайды. Плехов ойынның әлеуметтік мазмұнын ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениет деп түсінеді. Еңбек құралдары күрделенуіне байланысты бала ересек еңбегінен араласа алмаған себебі білімнің, біліктің, икемділікті талап еткен. Сөйтіп ересектер балаға еңбек әрекетінің жаттықтыратындай ойыншық дайындаған. Алғаш рет Фребель ойынды тәрбие құралдарын көрсете жіктей білген. Оның пікірінше ойынды саралау принципін негізін ақыл-ойынның ықпал етуі (ақыл-ой ойыны) 2. Ішкі сезім ойындардың сыртқы орган (сенсорлық ойындар). 3. Қимыл-қозғалыс ойындары (моторлық ойын), К.Грос неміс психологы ойынның педагогикалық мәніне байланысты былайша жіктеледі: 1. қимыл-қозағлыс ойыны 2. ақыл-ой 3. сенсорлық 4. еркін дамытушылық Ойынның үшеуін қарапайым қызметі бойынша топтасыратын ойындар. Екіншщі топ ойынның арнаулы қызметі бойынша «арнаулы» бұл ойындарға инстинг жетілдіру мақсаттары жатады. Оған отбасы, аң аулау, күту ойындары. ....
Шарушылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін күшейту халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркенделген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына байланысты болды. Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы. Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан. Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады. Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтың нәтижесін (тауардың, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель және айырбасталу істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен реттеледі. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар: Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда (1946-1953 жж.) Сабақ тақырыбы: Неліктен тарихшы Е. Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.3.1 – Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау; 10.3.1.1 – қоғамдық-саяси өмірдің ерекшеліктерін түсіндіру және өзіндік интерпретация жасау Сабақ мақсаттары: 10.2.3.1 – Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихы ғылымына қосқан үлесін бағалау;.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.4.3 орта тұз ерітіндісінің ортасын тәжірибе жүзінде анықтау; 9.3.4.4 орта тұз гидролизінің теңдеуін молекулалық және иондық түрде құрастыру; 9.3.4.5 орта тұз ерітіндіcінің реакция ортасын болжау Сабақ мақсаттары: 1. эксперимент 2. гидролиз түрлері 3. катион бойынша гидролиз 4. анион бойынша гидролиз 5. катион-анион бойынша гидролиз 6. тұз ерітіндісінің ортасын болжау.....
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам. Сабақтың тақырыбы: Материктер мен мұхиттар 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.6.1 жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау Сабақ мақсаттары: Оқушылар: жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтай алады.....
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында сәуір айының 24-ші жұлдызында ашылған «Сезіну тәсілі» деп аталатын 2-ші курс операторланының фотокөрмесінен алған әсер негізінде.
«Қолдар тіл қатады»
Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясы «Кино және ТВ» факультетінің 2 курс студенті - Моисеева Камиланың «Қолдар тіл қатады» деп аталатын фотосуреттер топтамасынан алған әсерім тамаша. Соншалықты жүрегі сезімтал кіп-кішкентай қыздың туындыларын көріп, ол қозғаған ауқымды тақырыптарды ой елегінен өткізбеу өнерден алыс адамның өзіне қиын болары сөзсіз. Бірақ шығарманы оқуда әркімнің өз деңгейінде сараптайтындығын ескерсек, автордың жеке ойын есту мен үшін қажет дүние болды. Еріксіз Камилаға сұрақтар қойдым. Алған жауабым да тым салмақты болды...
Моисеева Камила: Бірде менен: «неге фотокөрмен қолдар тақырыбына арналған?», деп сұрақ қойды бір жан. Мен ойланбастан «Бұл менің жаныма жақын дене мүшем», деп жауап қаттым. Менің берген жауабымның аясы тар екендігін ішім сезді. .....
Азаттық жайлы сен де ұқтың, Әлемге ол даңқын жаяды. Кешегі ол өткен ерліктің Бүгінгі нүкте, баяны.
Өткеннен алған тағылым Азаттық деген - бүгінің. Сәбиге берер тәлімің, Сәбиге берер білімің.
Көтерер ертең желкенін Бүгінгі сәби, бала шақ. Азаттық деген - ертеңің, Азаттық деген - болашақ!
Тағылымды сөзімен ұрпағына ұлағат бере білген, ұлылықтың ауылына да ақ ордасын қондыра алған халықтың өз азаттығын, өз Тәуелсіздігін, еркіндігі мен егемендігін аңсаған күндері тарихтың еншісінде қалды. Әлем аясында өзін дербес ел ретінде айқындап, мойындатып, тәуелсіз ел ретінде өмір сүріп келе жатқанына да - 25 жыл. .....
Жалпы әлеуметтік жұмыстың әрекет ретіндегі мақсаты адамның қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, құқықтық қатынастарын реттеу, оған туындаған проблемаларынжеңуге көмектесу және қолдау көрсету болып табылады. Ал әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі мақсаты нақты әлеуметтік процестердің заңдылықтарын, жұмыс істеу қағидаларын және дамуын, қоғамдағы жеке адамның азаматтық құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін психолого-педагогикалық және басқарушылық факторларының динамикасын зерттеу. Қазақстандық мамандардың пікірінше, әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі обьектісіне әлеуметтік топтар мен жеке адамдардың өмірлік мүдделерін жүзеге асыруға әсер етуді реттеп тұратын және қоғамда әлеуметтік үйлесімділіктің дамуынабағытталған байланыстар, өзара әрекеттестіктер, механизмдер, тәсілдер мен құралдар жатса, пәніне әлеуметтік процесстердің дамуының заңдылықтары мен қағидалары, олардың қоғамда жеке бастың әртүрлі құқығы мен бостандығын қорғау кезінде әсер ететін әртүрлі факторлар динамикасы жатады. Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік процесстердің заңдылықтарын, принциптерін және дамуын зерделейді. Қоғамдағы жеке адамның құқықтарын және еркіндіктерін, олардың динамикасын, психологиялық, педагогикалық және басқару факторларын ықпалы нәтижесінде қарастырылады. Әлеуметтік жұмыс адамдардың қажеттіліктеріне, нақтылы жағдайлардың талаптарына байланысты қоғамдағы өтіп жатқан процестерге ықпал жасайтын өзгеше бір қызмет. ....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....