Танадай көзі жайнаған, Талпына қанат талмаған. Қуанышты қыздарым Беті қызыл алмадан. Алтын кірпік, ай қабақ, Жамалы жарқын айнадан. Жүрегі қызыл Кремль .....
Егіз қыз Виктория мен Инесса Черкасовалардың әкесі Борис Черкасов Алматы облыстық тұтынушылар одағы базасының заң бөлімінің бастығы, ал шешесі Валентина Черкасова екі қыздың әкесінен тіпті де кем түспейді, — Алматы қаласындағы № 2 заң консультациясының адвокаты. Көріп отырсыздар, екеуі де заңды білетін адамдар және заңды білуден осы уақытқа дейін қорлық көрген'жоқ, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сондықтан да ерлі-зайыпты екеуі биыл екі қызы орта мектепті бітірген кезде бір ауыздан екі қыз да өзіміздің ізімізбен кетсін, екеуі де заң факультетіне түссін десті. Несі бар, болмасын деген оңбасын!
Екі қыз сонымен университеттің заң факультетіне арызды беріп келіп қалсын. Виктория алғашқы емтиханнан-ақ тоңқалаң асып, шығармадан екі алып шыға берді. Жаны мұрнының ұшына келген әке-шеше енді Инессаның тілегін тілеп, соны салмақтады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! Әке-шеше бар уақытта баласына жақсылық қана тілеуі керек. Оған кім қарсы болмақ! Бірақ арада біраз күн өткенде әке:шеше иек артқан Инесса да СССР тарихынан мақрұм екен, емтиханнан құлап, шоқпар бас Қисық цифрды арқалап үйіне келді.
Міне әке-шешенің сасқан жері осы болды. Әке-шешеге өмір бойы азық болған заң қызметі оларға ендігі ұрпағыңа қызмет етпеймін дегенде біржола қолдан шығып бара жатқандай елестеп кетті. Нақ осы жерде әке-шеше екеуі бірдей заңды қайта ақтарып, тексеріп бір жылт тапқандай болды. Енді екі қызды кешкі факультетке түсіруді ойлады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! .....
Балалар ақыны, балалар жазушысы жүрекке жақын, көңілге қонымды осы бір сөз тіркестері кеңестік кезеңде өмірге келді. Сол тұста балалар әдебиеті “Әдебиет” атты қара шаңырақтан еншісін бөліп алып отау тіккені белгілі. Ал оның қаз басқан қадамының арманды адымға айналуына қазақ совет әдебиетінің іргетасын қалаған Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов т.б. Ақын - жазушылар елеулі үлес қосты.
Құнарлы топыраққа түскен түйір тұқым дәл дариясына айналатыны сияқты содан бергі кезеңде қазақ балалар әдебиеті сан - алуан өсуі өркендеу баспалдақтарынан өтті. Сөйтіп, қазақ балаларының сан буыны өздеріне арналған жауһар жырларды оқып, жаттап есейді, тілдік қорын, ой өрісін дамытты. .....
Бітіру жұмысы Шу-Сарысу ойысының табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерін анықтап Қазақстанның батыс және оңтүстік бөлігіндегі шөлдердің негізгі түрлері мен олардың түзілу заңдылықтарын қоршаған ортаның тепе-теңдігін сақтау мәселелерін шешу жолдарын анықтауымен өзекті. Бітіру жұмысы кіріспеден,екі тарудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші тарауда Шу-Сарысу ойысының географиялық орынынын ерекшеліктері, геологиялық құрылысы,жербедерінің ірі пішіндері климатын түзуші факторлар жөнінде жан –жақты түсінік берілген. Екінші тарауда Шу-Сарысу ойысының ішкі сулары топырағымен өсімдіктер жамылғысы,шөлдің негізгі түрлері табиғат байлықтары мен оларды игеруге байланыстытуындаған түйінді мәселелер қозғалған. Студент тақырыптың мазмұнын ашу үшін ғалымдардың тұжырымдамаларын өзінің ой пікірімен ұштастырып,тақырыптың физикалық карталарды,сандық деректерді тійімді пайдалана білген. Тақырыптың мазмұны толық ашылған. Бітіру жұмысындағы жазба дерек көздерінің География мамандығының студенттері,орта мектептің мұғалімдерімен оқушыларды білім көзі ретінде пайдалануда манызы зор. Құрылымы мен көлемі жоғарғы мектептің барлық талаптарына сай келуін ескере отырып,Бітіру жұмысын қорғауға жіберуге болады. ....
Кіріспе Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді. Банктік жүйенің құрылымы: Орталық банк, банктік емес несиелік институттар, коммерциялық банктер, арнайы ұйымдар(банктік операцияларды жүргізбейтін, бірақ банктің қалыпты қызмет атқаруын қамтамасыз ететін ұйымдар: банктердің аудиті жөніндегі, банктердің рейтінгін анықтайтын, сондай-ақ банктерді материалдармен, ақпаратпен қамтамасыз ететін ұйымдар). Курстық жұмыстың мақсаты: нарықтың экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі банктік жүйе туралы дұрыс түсінік қалыптастырып, хабардар ету; Құрылымы: құрылымына келетін болсақ, курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.Жалпы курстық жұмыста негізгі Қазақстан Республикасының банк жүйесіне сипаттама берілген. Бірінші тарауда «банк» сөзіне жалпы түсінік беріліп, жалпы банктердің пайда болу тарихы, себептері жазылған. Сонымен қатар банктің түрлері олардың ерекшеліктері сипатталған. ....
Кіріспе Қазіргі таңда әртүрлі процесстерде ылғалдылықты реттеуге арналған аспаптардың рөлі мен қызметі бәріне белгілі. Қазіргі кезде ғылым, техника тіпті халықтық шаруашылық саласының ешбірінде ылғалдылықты реттеу процессінің пайдаланылмауы мүмкін емес. Бірақ ылғалдылықты реттеу қажеттілікті аспаптар нарығында аса сенімді және қанағаттанарлық жағдайда емес. Көптеген халық қолданысындағы аспаптар мен датчиктер қазіргі замандағы техниканың даму дәрежесіне сай келмейді, сонымен қатар бағасы қымбат, пайдалануға қолайсыз, көлемі өте үлкен. Қазіргі даму кезеңінде бүкіл әлемде сонымен қатар біздің елде халық қолданысындағы барлық салаға автоматтандыру мен компьютеризациялау тенденциясы жүзеге асырылып, кең қолданысқа ие болып отыр. Осы кезекте алдыңғы орындарға қазіргі кездегі өндірістік технологиялық процесстер ие. Осыдан кейін газды ортаның ылғалдылығын өлшеу процессінің автоматтандыру және де арнайы құрылғылар мен ЭЕМ-дің мәліметтерді өндеу қажеттілігі туындайды.....
КІРІСПЕ Ақшабұлақ аумағында пайдалану ұңғымасын орналастыру белгіленген. Оның жобалық тереңдігі – 2100 м., жобалық горизонт – төменгі визей ярусы Ұнғыманы бұрғылау ОАО «Кен-Ай-Ойл» экспедициясы жүргізді. Ақшабұлақ аймағы әкімшілік жағынан Қызылорда облысында сырдария ауданына қарайды. Жұмыс істеу аймағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймағы болғандықтан соған сәйкес өзінің өсімдік және жануарлар әлемі бар. Ауданның рельефі жазық дала, тек орталық және солтүстік жағында құмды үйінділері бар. Географиялық жағдайда кен орын алаң Торғай оипатының оңтүстігінде орналасқан алаңнан область орталығы Қызылорда қаласынна дейін 120км, Қазіргі уақытта кен орнына қатынасу жүк машинасымен жеткізіледі. 1 Геологиялық бөлім 1.1 Кен орынның географиялық және экономикалық жағдайы Географиялық орны бойынша Амангелді газ кешені Шу мен Талас өзендерінің арасындағы Мойынқұм кұмының оңтүстік-батыс бөлігі. Оған оңтүстік-батыс жағынан Кіші Қаратау жазығы ұласып Үлкен Қаратаудың бір бұтағына жалғасады. Кен орнының географиялық координаттары: -44019/ о.е. 71004/ ж.ұ. Орогенді сипаттамасы бойынша Мойынқұм ауданы солтүстік-батыс бағытына қарай 20 м дейін көтеріліп созылған құмды белестермен белгілі. Құм шекарасы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жалғасқан, оны Талас өзені басып өтеді, өзен анғарларына мал айдалып бағылады. Мұндағы жер бедерінің абсолюттік межесі кен орнында +350 - +360 м ұлғайып, Тараз қаласының маңында +600м жетеді. Жазықтықтың оңтүстік жағы көтеріліп Тянь-Шаньға ұласады.....
Педагогикалық ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті – зерттеу жұмысын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог – зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашанда ала алмайды. Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс: - белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы; - белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі; - зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру. Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындага әңгіме, мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогакалық эксперимент, алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалық статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларга теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б. Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған. ....
Төркіні жақын қыз дамыл таппайды. Өзің тұратын қаланың тап іргесіндегі демалыс үйіне тынығу соған ұқсайды екен. Қаншама алаңсыз боламын дегенімен бола алмайсың, екі күннің бірінде сары портфельді салақтатын, қала қайдасың деп, тартып бара жатқаның.
Сенбінің кешінде үйге кетіп, мұнда бүгін оралсам, биллиардшы достарым ұясын аю талқандан кеткен арадай гу-гу етеді.
— Ойбай, осында тынығуға жалғыз қолды біреу келіпті, биллиардты ғажап ойнайды! Ұтпаған адамы қалған жоқ...
Жай ғана мықты биллиардшы келіпті десе, мен әрине, таңырқамас едім. Ал мынау өзі жалғыз қолды, өзі мықты биллиардшы. Жалғыз аяқты керемет жүйрік біреу келіпті деген секілді құлаққа сөкеттілеу естіледі. Кім екен деп, көріп - білгенше ынтық болдым.
Сөйтсем, жұрттың өрепкіп, әңгіме етіп жүргендері өзім жақсы танитын, ағарту мекемесінің бірінде үп - үлкен қызмет атқаратын биязы әсем жігіт Халел болып шықты. Meн, бірақ, оның биллиардшы екенін білмейтін ем.
Амандасып болысымен:
— Ау Халел, сені жұрт керемет биллиардшы дейді ғой? Сондай да өнерің бар ма? Мұндағы ойыншыларды жайпап салған көрінесің? — дедім.
Өзінен шашы бұрын қартайған буырыл бас Халел сыпайы ғана күлімсіреп:
— Е, біздікі деген жай ермек қой, — дейді.
— Ермегің мынадай болғанда, ермек емесің қандай? Мүмкін екеуміз ойнап та жіберерміз?
— Еркің білсін.
Міне, біз биллиард ойнайтын бөлмедеміз. Осында тәуір екі ойыншы болса, біріміз деп жүргеннің өзімін. Халелмен күш сынасып көруге ынталы - ақпын. Бірақ жалғыз қолды адам биллиардты соншалық ғажап ойнайды дегенге іштей сене де қоймайтын тәріздімін.
Халелдің оң қолы иық түптен жоқ, бары тек сол қол. Екінші дүние жүзілік соғыспен ол есепті солай айырысқан. Соғысқа бір қолын садақа етіп берген де, шыбын жанын аман алып қалған.
Қасақана автобустың да кешеуілдеуін-ай! Қызметтің басталуына бес-ақ минут қалды. Қайта-қайта сағатыма қарап, берекем әбден қашты. Қысылтаяң осы бір шақта, бастығымның «жылдық есеп, столымның үстінде болсын» деген кешегі тапсырмасы есіме түсіп, одан бетер қатты үрейлендім. Оның әжімсіз, торсиған толық саусақтары тұмсығыма кеп оқыс тірелгендей болды.
Әйтеуір, автобус та жетті-ау! Есігі ысырылып ашыла бергенде, бір жамбастап әзер-мәзер ішіне ендім. Иін тірескен адам... Шымшыма шайпау сөздер құлаққа түрпі дей тиеді. Қап ішінде торсылдаған торайлар, қыт-қыттаған әтештер, бәрі де көк базарға бара жатқан дүние!.. Біреудің добалдай етігі балтырымды сүйкеп өтті. Автобус әр жерде бір аялдаған сайын, тұздалған балықтай біз сіресе бердік, сіресе бердік... Бастығымның қолағаштай жұдырығы көзіме қайта-қайта елестейді. Әлдене болмақ? Ой, тәубе, сақтай гөр! Алған билетімнің номеріне қарап едім,— бақытты билет! Бүгін жолым болады екен. Он бойымды шарпыған қорқыныш шегініс жасап, көңілім жай тапты. Әлдекімнің етсіз, епшіл саусақтары сырт қалтамды еркі .....