Мақал - мәтел: Қазына, дәулет, байлық, молшылық

Дәулетіне қарай сәулеті.

Дәулетті ел — сәулетті.

Орман ел дәулеті, жер сәулеті.

Еңбексіз құраған дәулет,
Емсіз жабықсан дертпен тең.

Жамандықты көп қусаң,
Құтылмас пәле жолығар,
Жақсылықты көп қусаң,
Бақ-әулетің молығар.

Келген - дәулет, кеткен - бейнет.

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Келген дәулет, кеткен мехнат бәрі бір.

Адыра қалды бақ, дәулет,
Еңбек енді шын дәулет.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Талтаңбайдың тәртібі


Үш перделі, төрт суретті драма

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Шапшаңбай – басқарма ағасы.
Күнжан – оның әйелі.
Сүндет – есепші (счетовод).
Парыз – өтірік «белсенді».
Жанбол – колхозшы (партизан)
Бәкен – колхозшы.
Ақсүйрік– оның әйелі.
Қамза – комсомол ұясының бұрынғы хатшысы, мұғалім.
Жұпар – соңғы хатшы.
Xайдар – комсомол.
Өтеміс – комсомол.
Қарғабай – колхозшы, жас бала жігіт.
Дәурен – колхозшы.
Талтаңбаев – өкіл.
Жақсылық–райкомның жаңа хатшысы.

БІРІНІШ ПЕРДЕ

БІРІНШІСУРЕТ

Екі есік: бірі бірінші бөлмеде, екіншісі тысқа шығады, ұзын үстел, орындықтар. Үстел үсті бұрқыраған қағаз. Бұрышта шкаф. Есік жақ шашылған түрлі ыдыстар. Үстел, орындықтардың арқалықтарына баланың жаялықтары жайылған. Шымылдық ашылған кезде Сүндет үстелге төсін тірей, шот қағумен отыр.

Сүндет (ашулы). Ал, құдай атты да қалды: бір шыққан емес есебім. Маған керек сан мың төрт жүз отыз, былай салсам да жетпейді оған, олай салсам да...

Күнжан (көрші бөлмеден басын шығарып). Сенбісің салып жатқан? Сонша даурығып... Баламды шошыттың.

Сүндет (күлімсіреп). Менен бе?

Күнжан. Дауысыңнан.

Сүндет. Айналсам-ау қасыңнан... (Есікке жүре берем дегенде.)

Күнжан (безеріп). Қой, қой... Масқара-ау, тапа-тал түсте... (Сүндет тұрып қалады.) Осы елдің жігіті қызық, өй... Басқа елде де болып көрдік қой... (Сүндет томсарып, есебіне шұғылады. Күнжан күлімсірей түсіп.) Дүкенге бардың ба, әй?

Сүндет. Бардым.

Күнжан. Бәтеңке келіп пе?

Сүндет (салқын). Келіпті.

Күнжан (елең етіп, жақындай түседі). Келіпті дейсің бе, ей? Түсі қандай? Тұмсығы қандай, жайпақ па, сүйір ме?.. (Үстелге сүйеніп, күлімсірей қарап.) Уәдең есінде ме?

Сүндет. Мына есебімді ұмытсам да, оны ұмытпаспын. Сенесің бе, мына шотты қағып отырғанда соның әрбір тасы сен болып күлімсірейді маған. Сенесің бе?.. (Елеуреп ұмтылам дегенде, Күнжан ыршып есікке барады. Сүндет үстелдегі қағазын шашып алады.)

Күнжан. Бетім-ай, осы елдің жігіті қызық, тал түсте... Басқа елдің жігіті бүйтпейді. Қарабас елінде тұрдық қой, сонда бір шотавот болды.

Сүндет. Тап мендей ғой, ә? .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Құла жорға


— Ойбай орыс келді, солдат келді!— деп Ерғалидың кішкене балалары үйге апалақтап кірді.

Үйде Ерғали пешке арқасын сүйеп, бәйбішесінің жыртылған мәсісін бастап отыр еді. Бәйбішесі Дәметкен қолында ұршығы, төрде шынтақтап жатқан Жамақ деген қайнысымен сөйлесіп отыр еді. Ерғали тігінін, бәйбіше ұршығын, Жамақ әңгімесін қойып, балалардан бетер бұлар да үрпиісе бастады. Лапаста жатқан мойнақ, орыс көргенде, үретін дауысына салып, арсылдап даланы басына көтерді.

— Құдай-ай, өзің сақтай гөр! Жылдың өзі ауыр. Орыс орманда көбейіп кетті. Қылышын сүйретіп үйге кіріп келгенде, осы зәре құтым қалмайды!— деп Дәметкен күрсінді.

— Кім қорықпайды дейсің, мазаны кетіріп-ақ тұр ғой,— деп Жамақ шыға қашуға ыңғайланған адамша тізерленіп алды.

Ерғали қорқақ адам еді, көзі адырайып кетті. Қолындағы былғарысын біресе киіздің астына, біресе қобдына салды. Солдаттың көзіне ілінсе, жамаулық кішкене былғарыны алып кететіндей көрді. Бұдан бір күн бұрын келген солдат көзіне елестеді. Көрші поселкедегі большевиктерді ұстай келген отрядтың адамы екен. Басында қазақтың тымағы, аяғында жаңа былғарыдан тіккен жарма қоныш, сатиянды етік. Киіміне қарап қазақ бола ма деп жанына жетіп барғанда, орыс екенін бір-ақ білген. "Сенікі бәлшебек бар",— деп бүркіттей түйілгенде, Ерғали жанын қайда қоярға білмей сасқан. Ол кездегі үкіметке болшевиктің жексұрын екендігін сезетін еді. Сондықтан өзімді большевик деп тұр ма деп үрейленіп, солдатты жалынып үйіне кіргізген жерінде баласының болыскей ер-тоқымын көріп қалып, солдат қолтыққа қысады. Алма дейтін Ерғалида дәрмен бар ма? Бармақты тістеп қала берді. Ер-тоқымды еңгеріп алып, қоқиланып шауып бара жатқан солдаттың әбден қарасы үзілген соң барып, зығыры қайнап кетіп: "Сол кеткеннен келме, жолыңа жуа бітсін!"— деп Дәметкен бәйбіше қарғап еді. Одан артық қылар дәрмендесі жоқ еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Заманға сай ертегі


Самат ауылда тұрады. Жұбайы бар. Жарасымды отбасы. Самат ауылдан үлкен етіп үй салып алған. Үйлерінің айналасын бау-бақшаға айналдырған.

Самат бала тәрбиесіне байланысты көп айтады. Өйткені әке. Саматтың өзінің кішкентай ұлы бар. Соны Самат жаңа заманға бейімдеп тәрбиелегісі келеді. Осыған байланысты айтады. Саматқа салса, үлкен қалаларға көшіп кетер еді. Сонда ұлын жаңа заманға сай етіп тәрбиелеуге мүмкіндігі де көп болар еді. Ұлын сол қаланың мектебіне оқытар еді. Бірақ Самат ауылда қоныс теуіп қалды. Тұрмысы да жаман емес. Тек әлгі баласының заманауи тәрбиесіне ғана алаңдап жүр.

Самат та бір шаңырақты ұстап отырған жігіт болғаннан кейін, ауыл-үйдің отырыстарына шақырылып отырады. Самат әлгіндей бала тәрбиесі жайлы ойларын осындай жерлерде де қозғап отырады.

Сондай бір отырыста Самат бүгін де сөйледі:

- Қазіргі заманның баласына, - деді Самат жан-жағына қарап алып. - ертегі айта алмайсың. Қазіргі бала ертегі дегенді тыңдамайды. Неге?! - деді Самат көпшіліктің өзіне сұрау қойып. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Салауатты өмір салтымызды тәрбиелеу жүйесінде дене шынықтырудың мағынасы

Салауатты өмір салты - белгілі популяцияның денсаулығын сақтап, нығайтуға, салауаттандыруға арналған мінез-құлқы, тәрбиесі. Салауатты өмір салты - тек медициналық емес, сонымен қатар өндіріс пен өндірістік қатынастардың дамуына байланысты болып келетін әлеуметтік-экономикалық категория. Салауатты өмір салты жеке адамның тіршілік жағдайын денсаулығына сәйкес таңдауы, яғни жеке әлеуметтік топтар мен жалпы қоғамның жоғары гигиеналық мәдениеті.
Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға жағдай жасайтын тәртіптер және организмге зиянын тигізетін әдеттерге қарсы тәртіптер - гигиеналық дұрыс тәртіп болып саналады. Организмнің қорғаныш қабілетін жоғарылатуға әр түрлі іс-әрекеттер мен демалысты дұрыс пайдалану, рационалды тамақтану, жақсы қимыл-қозғалыс белсенділігі, денешынықтыру, шынығу, жеке бас гигиенасын сақтау, өзінің денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлу, жақсы экологиялық жағдай т.с.с. әсер етеді.
Бұл жағдайда балалардың өзіне қажетті тіршілік ортасын қалыптастыра алмайтындығын ескеру керек. Сондықтан бұндай жағдайларды қалыптастыру негізінен ата-аналарға, ағарту жұмыстарын ұйымдастырушыларға, педагогтарға байланыстыі. Яғни, баланың болашақтағы мінез-құлқы оның сәби кезінен бастап тіршілік ортасына байланысты болады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | КЕСТЕЛІК ШАМАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ АЛГОРИТІМІ

Шамалар - информацияны өңдеу кезінде қолданылатын объектілер. Яғни, шамаларға алғашқы деректер (алғашқы информациялар) және нәтиже деректер (өңдегеннен кейінгі информация) жатады. Бұл жағдайда информацияның хабары маманың есімі ретінде, ал информацияның мазмұны шамаңың мәні ретінде қарастырылады.
Шамалар, өздерінің есімдеріне мәндер беру тәсіліне байланысты тұрақты шама және айнымалы шама болып екіге бөлінеді.
Егер шаманың мәні қолданып отырған қатынас тілінің жалпы интерпретациялау (түсіну) ережесін құрған кезде анықталса, онд мұндай шамаларды тұрақты дейміз. Демек, тұрақты шамаға атау берген кезде оның мәні бірге анықталады. Мәнімен бірге оның тип де белгілі болады. Мысалы, 1, 3 және 5 цифрларынан құрылған 135 тізбегін тұрақты шаманың атауы деп қарастырсақ, онда бұл шаманың мәні "бір жүз отыз бес" деген бүтін сан болады. Ал осы цифрлардан басқа тізбек 315 құрастырсақ, онда ол мәні "үш жүз он бес" деген бүтін сан болатын басқа тұрақты шаманың атауы болады. Осылардан мынадай тұжырым шығады:
Тұрақты шаманың есімі, мәні және типі өзгермейді, олардың барлығы бір мезгілде анықталады.
Енді айнымалы шамаға анықтама берейік. Егер шаманың атауына берілген мән өңдеу кезінде өзгеретін; болса, онда мұндай шаманы айнымалы шама дейміз.[1]
Әдетте, айнымалы шаманың мәнінің типі өзгермеуі тиіс. Ал олай болмаған жағдайда, осы шаманы өңдеу кезінде көп, мүмкін болатын шешуі қате шығатын, қиындықтар пайда болады.
Информатикада айнымалы шамаға атау беру үшін идентификатор деген ұғымды пайдаланады.Идентификатор - әріптен басталатын және әріптер мен цифрлардан құралған ұзындығы шектелген тізбекті айтады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ынтымақ туралы мақал-мәтелдер (пейіл, ықылас, талап, ниет, ілтипат, көңіл)

Әркім қылығынан табар,
Пейілінен жазар.

Ықылас пен ынтымақ,
Бітер іске болсын тап.

Игілік басы - ынтымақ,
Ынтымақты елде күншуақ.

Берген ас түске жетпейді,
Ниет естен кетпейді.

Бір жаманның ниеті түзелсе
Екі жаманнаң беті түзеледі.

Жыланның сырты жұмсақ,
Тісі заһар.
Жауыздың тілі жұмсақ,
Ниеті қатал.

Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Нөсер


Самолет таңғы бесте ұшады. Аэропортқа самолет ұшардан бір сағат бұрын жету керек. Ереже солай. Бұл үшін түнгі үште ұйқыдан тұрып, жолға шықпаса болмайды. Түнгі үште аэропортқа экспрестен басқа көлік жүрмейді. Экспрестен қалып қоймау керек.

Ақиқат түнде төсекке жатар алдында осыны қайта-қайта ойлап еді. Сондықтан шығар, оның ұйқысы мазасыз болды. Түрлі-түрлі түстер көрді. Ол Күншуақ қаласы мен Боранды станциясының арасында жүретін жолаушылар пойызының ревизорынан жас күнінде жаман қорқушы еді. Каникулға шығып, жүрегі алып-ұшып, көптен сағынған үйіне асығып бара жатқанда, билетсіз Ақиқатты тікірейген жез мұртты, дөп-дөңгелек сары көзді, қалың қабақ ревизор бұра бастырмай, тамбурда тұрған жерінен ұстап алып, қатты қысушы еді-ау.

Міне, мына түнде сол жез мұртты, дөңгелек сары көзді ревизор түсіне кірді. Бір мезгіл ревизор үп-үлкен мысыққа айналып, Ақиқатты бір аяғымен басып ұстап тұрып, папкасынан айып қағазын суырып жатты.

Ақиқат осы түстен оянып кетіп, жол жүретіні есіне сап ете қалып, сағатқа қарады. Ала көлеңке үйдің ішінде кішкентай қоңыраулы сағаттың фосфорлы жасыл тілі жарқырап түнгі бірді көрсетті. Кішкентай сағаттың жарқыраған жасыл тілі томпаңдап жүгіріп бара жатты.

— Ақантай, неге ұйықтамай жатырсың? Әлі ерте ғой, — деді Ақлимаш ұйқылы-ояу еріне қарай аунап түсіп. Терезеден түскен ай сәулесінен ақ маңдайы көрінді. — Сені мен ешқайда да жібермеймін, — деді жас келіншек буынсыз ақ білегімен жігіттің мойнынан қапсыра қатты құшақтап алып.

Жұбайының жүрегінің астынан бірдеңе бүлк-бүлк етіп бұлқынып-бұлқынып қалғанын Ақиқат анық сезді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Нұрбол Бимұрзаев | Теледидар және балалар

Франциялық балалар психологы профессор Марсель Руфо: «Теледидар кереметтей қылмыс мектебі. Теледидар электрлік тыныштандырғыш болуы себепті, үнемі теледидар алдынан шықпайтын балаларда есірткі және тыныштандырғыш дәрі тәуелділігін жеңілдететіні анықталды. Теледидарды шамадан тым артық көретін балалардың тамақ жемей, ұйықтау қиындығы, жаман түс көру, сабақ оқуға немқұрайлық, қиялшаң өмір сүру, теледидардағы кейіпкерлерге еліктеу, тұйық болу, әлеуметтік қарым-қатынастарда сәтсіздік секілді келеңсіздіктерге тап болып жатқандығы көрінуде» дейді.

Соңғы жылдары жасалып жатқан ғылыми зерттеулер нәтижесінде теледидардың ми функцияларына зиянды әсер ететіндігі анықталуда. Бұл зерттеулерден шығарылған нәтиже миымыз үшін теледидар көрумен, дуалға қарап отырудың айтарлықтай айырмашылығы болмауында. Бұл нәтиже бір қарағанда қисынға сай келмейтіндей көрінеді, алайда теледидар алдында миымыз автопилот режиміне еніп кетеді екен. Мұны бір тұтам азықты шайнамастан жұтып жібергенмен тең десе болады. Едәуір мөлшердегі ақпараттар талқыланбай, өңделмей миға тола береді. Бір сценарийге, шытырман оқиғаға ден қойылса да нәтиже осындай. Ми теледидар көре бастағаннан 60 секундтан кейін белсенділігін жоғалтады. Теледидардың бұл қасиеті ең көп жарнамашылар тарапынан қолданылуда. Жарнама көрсетіліміндегі ескертулер тез өзгеретіні соншалық, миымыз бұл жылдам өзгерісті ұстап қалу үшін бүкіл зейінін экранға бағыттайды. Ми гипнозға түскендей белсенділігін жоғалтып, жарнамасы жасалған өнімге талап қалыптастырылған болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0