Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Бұл оқиға байтақ далада емес, күні бүгін қыспақ қалада болды.
Аламан бәйге шабардай ғана жерде ұйлығып жатқан қалалықтарға таңсық емес. Көрдегі аруақ бір аунап түссе де, еттері өліп кеткен. Сөзге құлақ аспас, ойға сауын салмас...
І
Иқанның да, Иванның да кәсібі кісі қызығарлық емес еді. Олар — кәдімгі көр қазушылар: могильщик, қабірші, ақымшы, лақатшы... Өлі мәйіттің ең ақырғы “сауабын алушы”.
Екеуі бүгін де құлама қияда қабір қазды. Ақ қар жамылған Алатау бауыры таң бозынан күрек шыңылын шамырқанбай қарсы алған. Қара санды қабар сере күртікті сыпырып тастап, тоң жүрмеген қара шірікті қалың қабатты қарулы қимылмен аршып үлгерген. Күн төбеге көтеріле кісі бойы сары керішті кертіп, мәйіт келгенше дайын қылды.
Жұрт жиналған кезде оңашалау барып, астарына сырт киімдерін төсеп отырысты. Шылымдарын шығарып, құшырлана сорған.
— Байлар екен, — деді Иқан.
— Иә, көрініп тұр, — деді Иван. — Одан бірақ бізге келіп-кетері жоқ...
— Өз ісіңе жауап берсең — болды, — деп Иқан Иванның қышыған жерін қасып қойды.
— Білем, білем, — деп Иван да күмілжіді. — Әйел адам секілді.
— Білмеймін, — деді Иқан, — өлген соң бәрібір емес пе?! Қара жерге еркегің не, әйелің не — жұта береді... .....
— Әй, қоясың ба, — деп Мінайдар басын көтеріп алды. — Жетті ғой... Кісіні орынсыз күйдіресің?!
— Мен бірдеме айтсам күйесің де қаласың-ау, — деп қатыны Маржанкүл, ашулы қарқыны басыла түсіп, күмілжіп сөйледі.
Маржанкүл бәсеңдеген сол Мінайдар да кенет келген ашуды ыдыратып, сұрланған бетіне аздап қан жүгіргендей болып, тікірейген көзін Маржанкүлден аударды. Кішкене үндемей отырды да, ашуының тарқай бастағанын білдіргісі келген адамдай:
— Кісі тіліне көп ересің, соныңа ашуым келеді. Болмаса ұрыс шығаратын осында не бар? Жалғыз мен бе, жұрттың бәрі де, барып жатыр, — деді.
Соңғы сөзді айтқанда Мінайдардың ашуы түгел тарап, қалыпты күйіне келіп еді. Маржанкүл осы қалпын сезгендей болып, о да бұрынғыдан жұмсара түсіп:
— Жұрттың бәрінің де барып жатқаны рас-ау, оның үшін ашуланбаймын ғой... Менің қытығыма тиетіні Сары шешейдің үйіне жиылатындарың, басқа үй құрып қалғандай соның үйіне жиналуын қарасайшы?.. Осы бар ғой, ойласам ішім от болып жанып кетеді. Сары шешей айтады дейді: «Қожалық өзімнің әмеңгерім. Қожалық тірі тұрғанда кетіктің басқасына мойын бұра алман» деп айтады, дейді. Сен үйіне барған соң екі кезін сенен айырмай қарайды да отырады ғой... Соның үшін күйемін, — деп Маржанкүл, жүнін түтіп отырып, Мінайдарға шын сырын айтты.
Мінайдар шынтақтап жатқан күйі, кеңкілдеп күлді. Кетік тісінен тілі жылмаңдап шығып тұрды.
—Ит-ау, кеше ұрысқанда сақалың сапсиып не бетіңмен барасың деген жоқ па едің? Енді бүгін екінші түрлі ғып үлгіртіпсің ғой...
—Оны айтқаным да рас еді. Кеше атам үйінен от алайыншы деп барсам, бірсыпыра кісілер жиналып, сөйлеп отыр екен ептеп құлағымды салсам, қауқылдақ үйіндегі қайнаға күліп: «Мінайдардың нағыз оқитын кезі ғой, тісі жаңа түсіп жүр» дейді. Соны есіткенде мүлде күйіп кетіп едім, деп, Маржанкүл бұ жолы күле сөйледі.
Манағыдай емес, екеуі де ашуларын тастап, жадырап сөйлесуге айналды. Шаруашылықтарын да сөз қып қойды жаздай жұмысқа жегілген жалғыз аттың ыңыршағы айналып, жегуден қалғанын, жалғыз бұзауға айырбастап алған қоңыр тоқтының салмалық етінің біткенін айтысты Маржанкүл ұнның біткенін, шайының соңын бүгін қағып салғанын айтты. Мінайдар ертеңіне қалаға бармақшы болды......
«Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында, табиғи байлығы мол, өзіндік даму жолын таба білге ел».
Бүгінде Қазақстан үлкен мүмкіндіктері бар ел ғана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған мемлекетке айналды.
Қазақстан Республикасы бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Халқымыз бұрында талай өтпелі кезеңдерді басынан өткерген.
Алдағы уақытта біздің алдымызда өткенімізден ақпарат беретін деректерімізді іздеп табу, жинау, жүйелеу, сақтау арқылы тарихымызды жазу міндеті тұр және бұл қазақ елі тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.
Қазақтың шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегінен, мәдени-рухани ахуалынан бұрын, алдымен адам туралы мағлұмат беру басты нысана болы отырады.
Шежіре ру тарихы – ұлтымыздың бір бөлшегі. Ол ата-бабаларымыздың тарихтың сонау терең қойнауындағы хал-жағдайын, мәдениеті мен тұрмысын, шаруашылықты жүргізу тәсілін, өсіп-өнуі, көрші елдермен қарым-қатынасы жайлы сыр шертеді.
Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп өскен, шыққан тегін айқын білуі қажеттігінде дау жоқ.
Қазақтың дуалы ауыз ақыны Әбубәкір Кердері: «Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның», - деп өз заманында жырлап өткен болатын.
Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі. Қазіргі өскелең өмірімізде уақытпен шендес кеңістік үшін көзді ашып-жұмғандай ғана мезетте көкірегімізге хатталып, санамызға өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жазудың да өз кезегі келген секілді.
Аристотельдің (б.з.б. 384-322 жылдары) философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал, екінші жағынан, Аристотель көзқарасы орта ғасыр мен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Яғни, бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан-жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті. Аристотель «Метафизика» деп аталатын кітабында философияның негізгі мәселелерінің бірі – болмысты жан-жақты анықтай отырып, өзіне дейінгі ойшылдарға әсіресе Платонның философиясына сын ескертпелер айтты. Аристотель-Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе, өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты. Аристотельге: «Сен неге көзінің тірісінде ұстазыңа қарсы шықпадың?» - деп айып таққанда. Ол: «Платон маған дос, бірақ ақиқат одан да гөрі қымбатырақ», - деп жауап беріпті деген аңыз бар . Аристотель Платонға қарсы шыға отырып, мазмұн мен форма, яғни материя мен форма мәселесін көтерді, олардың өзара байланысын ашпақшы болды дедік қой. Ал енді осы екі категорияның (материя мен форманың) диалектикалық қатынасын талдай отырып, Аристотельдің философиялық жүйесіне көз жүгіртелік. Аристотельдің анықтамасындағы «Материя» Платонның ұғымындағыдан әлдеқайда өзгеше «Материя», Аристотельдің ойынша «Субстрат» (латын тілінде «негіз», «астар» деген мағына береді) ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Жасөспірім және заң Сабақтың тақырыбы: Үш сөзбен берілген тәрбие. Ер баланы тәрбиелеу ерекшеліктері. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.5.1 перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба білу, көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау Сабақтың мақсаттары: Ер баланы тәрбиелеу ерекшеліктерімен таныстыру. Өз ойын сенімді жеткізу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру......
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық реакция жылдамдығы Сабақ тақырыбы: Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялар жылдамдығына әсер ететін факторлар 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.1 реакция жылдамдығы ұғымын түсіндіру; 9.3.2.2 реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау және оны бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан түсіндіру Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • реакцияға жылдамдығына түрлі факторлардың әсерін қорытындылай алады • бақылаған өзгерістерді бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады.....
— Ең бастысы жоқтан өзгеге ренжіп, абыржушы болмаңыз, — деді дәрігер Мейнелл өз әріптестеріне тән сабырлылықпен.
Көңілдің хошы үшін айта салған дәрігердің жаңағы сөздеріне Гартер ханым құлай сеніп, илана қалған жоқ, кайта кез келген науқастың көңілін аулау үшін айтылатын жаттанды әңгімеге жүрегі сенбей, екі ойлы болып отырып қалды.
— Сөз жоқ, жүрегіңізде ақау бар, — деді дәрігер сөзін қайта сабақтап, — бірақ соншалықты абыржитындай ештеңе жоқ. Бұған кәміл сеніңіз. Әйткенмен үйіңізге лифт қондырып алғаныңыз артық болмайды. Бұған қалай қарайсыз?
Гартер ханым дәрігерге мазасыздана қарады.
Дәрігер Мейнелл өзіне дән риза сияқты. Ол қалтасы жұқа кедейлерден гөрі ауқатты адамдарды көбірек жағалайтын. Себебі, қалтасы қалыңдар оның аузынан шыққанын екі етпей, не айтса соған көне кететін.
— Иә, лифт қондырып алыңыз, — деді ол бұдан басқа лайықты еш нәрсенің орайын келтіре алмай, — оны орнаттырып алсаңыз, шамадан тыс қимыл жасап қиналмайсыз. Күн сайын жазық жерде ғана серуендеп, ойлы-қырлы жерден аулақ болғаныңыз жөн. Бәрінен бұрын — көңіл-күйдің тыныштығы керек, алайда денсаулығыңызды көп ойлап сарыла бермеңіз.
Чарлз Риджуэйге жасы ұлғайған нағашы апасы туралы дәрігер тым мылжыңдап кеткен сияқты көрінді. .....
Орындалуы оңай және өте тиімді ем-шара, бар болғаны 5-10 минут уақыт бөлгеніңіз ғана қажет!
1. Бұл массаж қуатты арттырып, шаршаған бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Буындар мен олардың арасындағы байланысын күшейтеді 2. Жұмсақ терілер мен жасаушалардың ауыруын азайтып, жарақаттары болса тез қалпына келуге себеп. Ісіктер болса қайтады. 3. Қан айналымы мен ағзамыздағы зат алмасу барысын жақсартады. 4. Жүрек қантамырларының жұмысын реттеп оны ауырудан сақтайды. 5. Алақанда және буындарында көптеген рефлекторлық нүктелер бар болғандықтан массаждың әсері мен пайдасы жас мөлшеріне қарамастан жоғары дәрежеде.......