Әңгіме: Қазақ тіліндегі кірме сөздердің қолданылу аясы

Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салар, біреу салмас.

Теп-тегіс көпке ұнау оңай емес

Кейіне жарамаса, кейіне жарар.

Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ тілі – бай тіл. Жеріміз қандай бай болса, тіліміз де соғұрлым бай болмақ, әрине. Бабалар тарихына зер сала отырып, ата-бабаларымыздың басынан кешкен сұрапыл кезеңдер ой елегінен өтеді. Найзаның ұшы айқасқа түскен әрбір шайқас артында өшпес із қалдырғандай. Оны біз күнделікті қайталап, есімізге алып отырған сияқтымыз, дегенмен өзіміз онымызды байқамаймыз да. Өйткені тіліміз жаттығып, жанымыз үйреніп кеткен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Байқоңыр зымыран әкелетін зардап

1.1. Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы
Байқоңыр ( бұрынғы Ленинск ) – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орналасқан қала. Іргетасы 1955 жылы қаланған. Тұрғыны – 53 мың адам ( 1997 жылғы халық санағы бойынша ). Климаты – тым континенттік. Бұл аймақтың ауа – райы өте құбылмалы. Қысы-суық, жазы-ыстық, әрі-қуаң, жауын-шашын 90-150мм-дей аз жауады. Сол себепті ауа – райы ылғалсыз, әрі құрғақшылық жиі болып тұрады. Жер бедері жазық, тау – тастар жоқ. Тек қана құм белестері мен көшпелі құмдар көп кездеседі. Өсімдік әлемі онша көп емес. Орман – тоғай бұл аймақта өспейді. Өсімдіктердің систематикалық түрлері де өте аз. Көпшілік өсімдіктер ботаника тілімен айтқанда – эфемерлер. Көктем айларында құлпырып өсіп, қызылды – жасылды бәйшешектер атып, ұрық береді де, жаз айлары туысымен олар тіршілігін жойып, қурап қалады. Дегенмен, мал жайылатын жайылымдар бұл аймақта өте көп. Шөбі шүйгін, жұғымды келеді. Бірнеше мың гектар жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойы «аса құпиялы қала» болып есептелініп келді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Салықтан жалтару мәселелері

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының дербес салық жүйесінің құрылғанына 15 жылдан астам, Салық кодексінің іске қосылғанынан 6 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыт ішінде экономикамыз, экономикалық қатынастар құрылымы, меншік құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынастар, тіпті халқымыздың салықтық мәдениеті де айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшырады. Бір жағынан, мемлекет салық саясатының мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын тереңінен қарастырды, ал екінші жағынан – көптеген экономикалық қатынастар әлі де болса қазіргі салықтық заңнамамен қамтылмай, бір мәселелер өз шешімін таба алмай келеді.
Дегенмен де, біз қазір өз дамуымыздың жаңа, өркениетті сатысында келеміз. Біз алдымызға экономикалық жоғары дамыған елдердің экономикалық-қаржылық жүйесінің принциптері мен тәжірибесін қойып отырмыз. Кеңес дәуіріндегі салық жүйесінің элементтерінен толықтай арылып, негізгі салықтық ұғымдар мен категориялардың нақты анықтамасын, барлық салық субъектілері арасындағы қарым-қатынастарды регламенттеуді қазіргі нарық талаптарына сай орната білдік. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломная работа: Организация маркетинговой деятельностина предприятии (на примере компании DDW)

Актуальность: сложность и неоднозначность проблем маркетинга, широких охват рассматриваемых им вопросов, недопонимание его роли и значения в повышении эффективности производства приводят к трудностям практической реализации маркетинговых концепций и методов. Поэтому особую актуальность приобретает принципиальное осмысление концепции маркетинга и творческое внедрение его методов в деятельность хозяйствующих субъектов с учетом адаптации к существующим реалиям и перспективам социально-экономического развития Казахстана. Однако научно-методологические основы становления и развития маркетинга в хозяйствующих субъектах республики на современном этапе не получили глубокой разработки и не стали предметом комплексного исследования. Научные труды, обобщающие теорию и методологию маркетинга, а также опыт его осуществления в современных социально-экономических условиях Казахстана, отсутствуют. В связи с этим возникает необходимость комплексного и глубокого исследования теоретико-методологических аспектов маркетинга и анализа практического его применения на отечественных предприятиях в целях обеспечения социально-экономической эффективности производства.
Цель исследования: состоит в теоретическом обосновании и методологической разработке основных принципов и практических этапов совершенствования маркетинговой деятельности на предприятии.
Поставленная цель определяет главные задачи, которые подлежат решению в данной работе:
• анализ маркетинговой среды предприятия и степени готовности к реализации маркетинговой стратегии;
• разработка и обоснование мероприятий по совершенствованию маркетинговой деятельности;
• расчет экономической эффективности предложенных мероприятий.
Задачи исследования: изучение методов маркетинговых исследований, концепции маркетинга-микс, зарубежного опыта организации маркетинговой деятельности и практическое применение на отечественных предприятиях.
Структура работы: В 1-й главе рассматриваются теоретические основы организации маркетинговой деятельности, сущность, концепции маркетинговой деятельности, концепции управления маркетингом, обеспечение маркетинга стратегическое планирование, методы маркетинговых исследований, такие как матрица возможностей по товарам и рынкам, матрица «Бостон Консалтинг Груп», программа воздействия рыночной стратегии на прибыль PIMS.
Во второй главе рассматривается организация маркетинговой деятельности на примере компании DDW. Здесь описываются общие сведения о компании, стратегии, преимущества, задачи, а также совместная работа маркетингового и дизайнерского отделов с другими подразделениями компании. ....
Сборник дипломных работ [бесплатно]
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстанның білім мәселесі кешесі бүгіні болашағы

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Оның бүгінгі өресі биік өскелең мәдениетінің түп төркіні сонау VI – VIII ғасырлардағы Орхон –Енисей ежелгі түрік жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынан ерекше орын алатын әмбебап ғұлама әл- Фараби бабамыздан бастап , түркі тілдес халықтарға ортақ өшпес асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йассауи трактат .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Көгендеулі бала


Бұзылған еркекке шара жоқ, Өрден Айтолқынның үстіне тоқал алмақ ойын ағайын-туғанына тегіс айтып құлақтандырды. Өсек-аяңнан Айтолқын мұндайдың бәрін күндегісін күнде естіп отырса да, Өрденге бір сөз демеді, түк естімегендей болды. Шыны керек, Өрденнің тоқал аламын дегенін ағайын-туғаннан құптаған ешкім болмады. Айтолқынға қояр кінәсі жоқ. Әдетте, көбіне-ақ қазақтар тоқал алуға алғашқы әйелінің бала таппауын себеп қылады. Ал Айтолқынға ондай кінә қойылмайды, өйткені одан туған бес ұл, екі қыз бәрі де Өрденнің аузынан түсіп қалғандай, бәрі де үріп ауызға салғандай. Ең болмаса біреу-екеуі Айтолқынға да тартпапты. Сонда да құдай бұзған Өрден жұлқынып болмады. Тіпті Өрденнің бірге туған ағасы Күпшек бай да інісінің тоқал алғанын жақтырмады.

— Тілімді алсаң қой. Айтолқынның көңіліне дық салма. Осы бір ауылда одан көңілі қалған бір адам жоқ, бүкіл ауылдың үлкен-кішісінің бәрінің көңілін тауып, үлкенін үлкендей, кішісін кішідей көріп, ырыс алды ынтымақ болса, бәрін дағы соған ғана бейімдеп, ақылмен байыптап отыратын адамның үстіне қатын алмас болар,— деп еді ағасы. Бірақ Өрден ағасына жабыса кетті:

— Өзің неге екі қатын алдың? Мен алдыңғы арбаның ізімен кететін болармын,— деп Өрден безірейіп болмады.

Күпшек аты жұп-жуан болып тұрғанымен, өзіне біраз дәулет біткенмен, денесіне артық ет бітпеген, сыптығырдай, бойы да, ойы да бар кісі еді. Ол түнеріп, ойлана отырып інісіне қайта тіл қатты:

— Мен әйел алсам байлығым тасыды деп алған жоқпын. Бәйбішеден бала болмады, бұл дүниеден ернім жібімей кете ме деп қорқып едім, құдайға шүкір, құдай тілегімді берді. Тоқалдан туған екі ұл көзімнің ағыменен қарасындай. Айтсам, саған сол екі қатын дегеннің пәле екенін білгендіктен де айтамын. «Екі қатын алыпсың, бір пәлеге қалыпсың», деп бабаларымыз бекер айтпаса керек, Үйіңнен ұрыс, маңдайыңнан құрыс кетпейді. Менің өмірім өмір ғой деп ойлаймысың. Менікі өмір емес, қызыл от. Қай күні сол үйге кірмесем бе екен деп те ойлаймын. Амал нешік, бармай тұрмайсың. Тілімді алсаң қой. Алмасаң, өзің білесің, мен бұдан былай бұл әңгімені қозғамаймын. Ағасы Өрденге жеткізіп те, таусылып та айтты және шынын айтты .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім білік дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып, оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады.
-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады;
- жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті мәселе болып тұр. Бұл көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру ерекшеліктері жөнінде болып отыр.
Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға түсуде.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Корпоративтік ақпараттық жүйелер

Курстық жұмыстың тақырыбы “Корпоративтік ақпараттық жүйелер” деп аталады.
Жүйе дегеніміз не?
Жүйе ( грек.-systema-бөліктерден құралған) -өзара байланыс пен қарым-қатынаста болатын элементтердің жиынтығы.
Ең алғашқы рет жүйе теориясын 1968 жылы австриялық биолог Людвиг фон Берталанфи (1901-1972) жасады.
Ал ақпараттық жүйе – ретке келтірілген ұйымдастырылған құжаттар жиынтығы және ақпараттық технологиялар, сонымен қатар есептеу техникасы мен байланысты қолдану, ақпараттық процесстерді іске асыру болып табылады.
Ақпараттық жүйелер-функционарлық ақпараттық процесстерді құру үшін енгізу, шығару, сақтау, өңдеуді қамтамасыз ететін жүйе болып табылады.
Ақпараттық жүйе жинау, сақтау және өңдеу үшін арналған.
Кәсіпорынды басқару,қазіргі заманға сай тілмен айтқанда,бизнесті басқару өз кезегінде әр түрлі өзгеріске ұшырады.Бірақ түп нұсқасы өзгеріске ұшыраған жоқ. Басқарушы сол мезеттегі оған мәлім мәліметтер бойынша шешім қабылдайды,ал қарамағындағы бағынышты адамдар шешімді естігеннен бастап орындайды.Тиімді басқару жүйесі негізінен мыналарға тәуелді:
-қаншалықты тез жұмыс тұрақтылығы есебі және жаңалықтар басқарушыға
жетеді;
-қаншалықты мәліметтер уақыттылы және дұрыс;
-қаншалықты тез жіне тиімді шешім орындаушыларға жетеді;
-қаншалықты басқарушы тарапынан орындаушылардың үстінен бақылау
жұмысы жүргізіледі.
Жаңағы айтылған тиімділіктерді қамтамасыз ету үшін әр түрлі уақытта әр келкі техникалық құралдарды қолданды: тамтамдар мен хатшы көгершіндерден суперкомпьютерге дейін,компьютерлік желінің интранет және интернет,ERP жүйесі және әр түрлі жаңа үлгідегі тамтамдар.Бұл негізінен аз танымал және өте бағалы заттарды түсіну үшін шығарылған.
Корпоративтік ақпараттық жүйенің құрылу мақсатыи тиімді өнімді нәтижеге ұмтылған кәсіпорынды басқару.
Ең бастысы –корпоративтік ақпараттық жүйелер(КАЖ) жай ғана жүйе емес , ол өз алдына мақсат қоя алатын және оны жүзеге асыруға тырысатын мамандардың қолында қуатты да тиімді қару болып табылады.Курстық жұмыстың мазмұнын түсіну үшін мына сұрақтарға жауап бере білу керек:
-КАЖ не үшін қажет ?
-КАЖ-ң қандай түрлері бар ?
-олар неден құрылады ?
-жүзеге асыру жолдары ?
-оларды енгізгенде максималды тиімді болу үшін қандай жолдар таңдау? ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХХ ғасыр басындағы ұлттық интеллигенция

ХХ ғасырдың басында Қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық шет аймағы болды.
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп қана қойған жоқ , олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады: халықты тілінен,діннен,ділінен айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шаралар жүйесін жүзеге асырды.Бұл жөнінде Міржақып Дулатов 1907 жылы жазылған «Қазағым менің,елім менің» атты мақаласында былай деп ашына жазған еді.
«... Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық оның ешқандай правосы жоқтығы кек тудырады. Халықтан жиналған салық қаражатының көп бөлігі халыққа, тіпті, керек, емеснәрселерге жұмсалды... Енді чиновниктер (патшаның отарлау жүйесінің ресми өкілдері – Қ.Н.) біздің дінімізге,атадан мұра болып келе жатқан әдет-ғұрыптарымызға,біздің моллаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа бастады,діни кітаптарды тұтқынға алды»
Қазақ ауылының басқаратын әкімшілік жүйе патша үкіметінің отарлау-өміршілдік аппаратымен біте қайнасып кеткен байшонжарлар өкілдерінің қолындаболды.
Қазақ өлкесіндегі әлеуметтік – экономикалық және саяси хал-ахуал,негізінен,аграрлық,ұлттық және белгілі дәрежеде таптық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді.Қазақстанда осы шиеліністен туындаған аграрлық және ұлттық-азаттық қозғалыс ең алдымен отаршылыққа қарсы бағытталды.
Басқа сөзбен айтқанда, ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары бірінші орыс ревалюциясы жылдарында империяда,оның ішінде Қазақстанда да, қалыптасқан қоғамдық-саяси хал-ахуал жағдайында орталықтың(центристік) позицияда болуға тырысты. Өз бастамаларын халыққа түсіндіріп,оларды жүзеге асыру үшін әрекет жасау барысында ұлттық интеллигенция жетекшілері екі жақтан – сол және оң бағыттардағы саяси күштерден сынға ұшырап, қарсылыққа кездесті.Солшыл бағыттағы саяси күштер (социал – демократтар мен социалист-революционерлер) қазақ интелигенттердің орталықтық позициялары ревалюциямен халыққа қарсыпозиция депайыптады.Ал,оңшыл бағыттағы саяси күштер(монархистер мен оларды жоқтаушылар) қазақ интеллигенттерін солшылдарды қостаушылар және біртұтас империялық мемлекеттің негізін шайқалтуға бағытталған саясат жүргізушілер деп байбалам салды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Тоқаш Бердияров | Жастық кешуі

Жастық жылдардың аумалы-төкпелі, бейжай күндері — елеусіз бір дүние. Менің көзіме жастық шақтың тек қана жылы шуақты, тамаша кезеңдері елестейді. Бейкүнә балалық, шақтың ебедейсіз, сәтсіз һәм беймаза күндерінің өзін мен дайын тұрған бақытқа ешқашанда айырбастамаған болар едім...

Мың тоғыз жүз қырық екінші жылдың ауыр айлары ілбіп өтіп жатты. Соғыс жылдарының қытымыр, көңілсіз күндері өкпеге түскен құрттай тіршіліктің ажарын алған. Әншейінде будақтап тұратын ауыл оттары бұл күндері жалқау көлеңдейді, сөніп бара жатқанға ұқсайды. Арбалардың доңғалағы қиралаңдап жолдың ыстық шаңын аспанға көтереді. Оған жегілген арық аттар аяқтарын сылбыр басып, жүре ұйықтайды. Майданға кеткен ересектердің ауыр кетпені жас өспірімдердің иығына батты. Бірі тары суырып, бірі мақта баптап, әркім өз ісімен әбігер. Есік-терезесі аңғал-саңғал иесіз мектепті көлеңкелеп сиырлар тұр.

Көше бойлап жүре қалсаңыз, көңілсіз жәйттерге тап боласыз: қыр-қыр еткен қол диірменнің мылқау үні, келі-келсаптың тақ-тұқ еткен қатқыл даусы қазан басының, жомарт дастарқанның сәнін кетіріп, қалың ауыл-аймақты құлазытып жіберген. Жұрттың қорегі шай мен жүгері талқан, қара тентек, қала берді быламық...

.....
Әңгімелер
Толық
0 0