Реферат: Физика | Кристалл және аморфты денелер

Ұқсастықтары және айырмашылықтары. Физикада қатты дене деп тек кристалл денелерді айтады. Аморфты денелердің сырт қарағанда көлемін және пішінін сақтауы оларды қатты дене етіп көрсеткенімен, бұл денелер өте тұтқыр сұйық деп қарастырылады. Температура жоғарылаған сайын олардың сұйыққа тән қасиеттері бірден көріне бастайды, бірте-бірте еріп, сүйықтың барлық қасиеттеріне ие болады.
Аморфты денелер – изотропты. Кристалдың қасиеттері әр түрлі бағыттарда түрліше болады. Кристалдар – анизотропты.
Аморфты денелер. Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады. Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.
Кристалдар. Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра аламыз.
Кристалдардың ішкі құрылымсын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің (молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзейді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.
Кеңістіктік тор. Криталдағы бөлшектердің дұрыс орналасуын кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясы шығады.
Анизотропия қасиетінің тек монокристалдарға ғана тән болатындығын да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли - көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық денелердің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез-келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Бейімбет Майлин | Құрымбайдың жігітшілігі

Күзгі күн еді.

Күн ұзаққа екпіндетіп соққан долы жел кешке қарай тынып басылып, әлем жүзі құлаққа ұрған танадай мүлгуде. Күн батып бара жатыр. Батар күннің сәулесі қызарып шашырап, дөңес жерлер қарауытып, қабағын жауып түнеріп тұр. Күншығыс жақтан құшағын жайып кележатқан қою қараңғылық — жапан даланы ұзатпай бүркейін деп тұрған сияқты.

Дала бос. Дала көңілсіз. Сарғайған шөп, мал тұяғымен қырқылып тақырланған жер жүректі тартпайды. Жүрек әлденені іздеген секілді. Қызықты жаздың құлпырған жерін жоғалтқан секілді. Мынау жол жанында жатқан кішкене шалшық су — бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап ұйысып жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламыштанып, ұйысқан шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда бұған көгорай шалғын бітті, кемерінен асып суы шалқыды деп кім айтар?

Күн бата Ырысбайдың белесіне жалғыз атты қақпалап; қорапсыз арбаға мінгесе мінген екі адам тырмысып келе жатыр. Жеккен аты арық, көтеремге шалдыққан малша, сүйектері ыржыңдап түр. Барынша шабан, шыбыртқы тисе бар денесін салып жіберіп, солқылдап жортқан болып, кішкене жүргесін тағы аяңдай бастайды. Арбаны қиқая бір жақ иығымен тартып, бір көзін айдаушының шыбыртқысынан айырмайтын сияқтанады. Шыбыртқы көтеріле бергеңде-ақ аз қымсынып жүре бастайды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Оятқан мені ерте шығыс жыры

Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді.

Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен – ақ не жазса да өзінше жазған, тіпті ақын ретінде қалың қауым Абай екеуін қатар таныған»,- десе , енді бірі Шәкәрімнің алғашқы өлеңдерінен Абайдың тіл мәдениеті, сөз үлгісі анық байқалатынын айтады.

Күні кешеге дейін кеңестік кезең қалыптастырған бір ізділіктен арылып, Абай және оның ізін ала шыққан ақындардың шығармашылығы төңірегінде пікірдің сан алуандығы қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл, біздіңше, аз олжа емес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тілі пәні бойынша оқу - әдістемелік кешенін жүзеге асыру

КІРІСПЕ
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды .
Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.
Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Геоморфология | Кеңістіктегі ГАЖ мәселесін карта арқылы зерттеу әдістері

Жаңа қоғамдағы негізгі стратегиялық фактордың өмір сүруі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы ғылыми және практикалық тапсырмаларды орындауда бәрімізге жақсы белгілі. Ақпараттық қоғамға өту ақпараттардың көшкін бейнелі көлемінің өсуімен сипатталады. Өте қарқынды дамып отырған ақпарат технологияларын география ғылымының көптеген салаларымен маңызды мәселелерін қамтиды.
Геоақпараттық жүйе негізінде ақпараттық – бағдарламалық кешен, мәліметтерді қайта өңдеу, кеңістіктік – координаттық байланыстыру, тарату және көрсетіліп жатыр.
ГАЖ-құрамына жинау, берілу, сақтау, өңдеу жəне теория туралы мəлімет алу жүйесі кіретін компонент жүйесі. Жиналатын, сақталатын, ізделінетін жəне мəліметтердің реттеліп өзгертілуін кеңістікте анықтайтын жүйе, талдау жəне кеңістікте анықталған мəліметтерді басқару тəсілі.
«Табиғаттардың əсерініің аумақтық астарында жəне қоғам жайындағы білім жүйелерінің сақталуы жəне іздеу, қорытынды, үлгілеу жəне т.б. функциаларды үлгілейтін бағдарламалық қамтамасыз ету» ЭЕМ-нің автоматты құралдарының комегімен шығады. Нəтижені реттеп, өзгерту жəне шешім қабылдауға көмек ретінде географияның анықтамалары келеді. Маліметтердің қорытындысы реттелетін жəне талдаумен қамтамасыз етілетін ақпараттық жүйе.Адамдардың географиялық қолдануында жəне оның практикасы кезінде ыңғайлы,ақпараттық өңдеулер мақсатындағы мəліметтерді жинау,беру,нəтижелеу жəне өңдеуде іске асатын техникалық жəне ұйымдастыру тəсілдерінен тұратын жүйе.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Қамбар жыры

"Қамбар" жырының қысқаша мазмұны
Қазақ елінің ескі тарихынан, халық мұрасынан қалған үлкен жырдың бірі — "Қара қасқа атты Қамбар" жыры. Мұның мән-жайын тексеруден бұрын әуелі қысқаша түрде әңгіме мазмұнын айтып өтейік.

Бұрынғы өткен заманда он екі баулы өзбекте Әзімбай деген бай болады. Мұның алты ұлы, бір сұлу қызы болады.
...Қыз Назым шықты бұраңдап,
Он сегіз толған жасына,
Кәмшат бөрік келісіп,
Бриллиант қойды басына.
Қара мен төре қайғырды:
Болса деп бізбен ашына.

Сол Назым қыз күйеу таңдайды. Әзімбай бай: "Қызымды таңдаған адамына қосамын, дәмелі адам жиылсын", — деп, жар шашты.
Айтылған күні қалың ел жиылып, көруге келісті. Қызға ешқайсысы жақпады. Назым қыздың көңіліне алған жігіті Қамбар еді — ол келмеді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялық Республикасы (ГФР) — Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның әкономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.
Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.
Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.
Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, шетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Қалдырған ізің мәңгілік


«Қалдырған ізің мәңгілік...» «Шын асылды тот баспайды»-халық мәтелі. Бостандық ожбб мектебінде бастауыш сыныптар мұғалімі болған марқұм апайым Алтынай Абашқызына арнаймын. ........ Алғашқы ұстаз............. Ия , осы бір ауыз сөзді естіген шақта- бар жан-дүниеңді ақтарып, ой теңізіне -қиял кемесімен балалық атты әдемі әлемге қалай сүңгіп кеткеніңді де аңғармай қаласың! Себебі, алғашқы ұстазыңды есіңе алғанда, ең алдымен көз алдыңа құлдыраңдаған сәби кезіңдегі алғаш мектеп атты үлкен орданың есігін имене ашып, жүрегің дүрсілдей, алдыңда мейірлене күліп, жылы жымиған апайыңның жүзіне өзіңше балалық сақтықпен барлай көз тастап, өз балалық таным-түсінігіңе сай зерттеу жасай бастайсың...... Ұстаздың бар бітім-болмысы, тұлғасы, жүріс-тұрысы, сөз саптау мәнері, дауыс ырғағы,бәрі-бәрі балалық пәк жүрегіңнің түкпірінен орын ала берері сөзсіз....... ...Арада сынаптай сырғыған зымыран-уақыттың жалына жармасқан мектептегі бал-балалық сәттерің сыңғырлаған күміс қоңырау үнімен бірге қол бұлғап қоштасып, өмір айдынына қанат қағасың... Жігіттік, бойжеткендік, кемел шақтық өмір өлшемдері саған берілген ғұмыр беттеріне өз өрнегін салған шақтарда, артыңа бір сәт ойша көз жүгіртіп, тәтті естеліктерге толы өзің өтіп кеткен аялдамаларға қайта ораласың....... .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Әзиз Несин | Таксидің есігі

«Куртулушқа барамын!» — деп шофер айқай салған сәтте-ақ мен таксидің есігіне жармаса кеттім. Добалдай тұтқасынан шап беріп бұрай бастадым, бірақ есік ашыла қоймады. Тұтқа тырп етпей тұрып алды.

— Солға бұра! — деп ақыл берді шофер.

Солқылдатып солға қарай тарттым. Былқ етпеді.

Шофер:

— Солға деп отырмын ғой, бей-ay, солға! Сен, немене, солдатта болған жоқ па едің? — деп айқайлады.

Апырым-ау, мен оң жағым қайсысы, сол жағым қайсысы екенін шынымен ұмытып қалғанмын ба деп ойладым.

Біздің долмұштың соңынан жеткен жеңіл машиналар, автобустар, жүк машиналары іркес-тіркес ошарылып қалыпты. Жол сілтеуші шыбын жаны шырқырап ысқырып тұр.

Солға қарай бұрасаңшы!

— Бауырым-ау, бұралмай тұрған жоқ па!

Шофер созып қол ұшын тигізді де, есікті аша салды, мен кіріп отыра қалдым. Машина орнынан қозғалды. Шофер да бұрқырай жөнелді: «Үлкеннің тамағын ішіп, баланың ісін істейтіндер толып жатыр! Ата сақал ауыздарына біткенше оң мен солын айырмайды. Солар-ақ шашымды ағартты. Түкке тұрмайтын нәрсе: солға бұрап қалсаң болды,— есік ашық...» .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Жуан мен жіңішке


Николаевск темір жол вокзалында екі дос кездесе кетті: бірі жуан, бірі жіңішке. Жуан жаңа ғана вокзалдан тамақтанып шыққан еді, сондықтан оның май тиген еріндері піскен шиедей жылтырап тұрған. Одан херес пен флердоранж иісі шығады. Жіңішке жаңа ғана вагоннан шыққандықтан үстіне шамадандар, түйіншектер, қатырма қағаздар арқалап алған еді. Одан ветчина мен кофе тұнбасының иісі шығады. Жіңішкенің сыртынан ашаң жүзді әйелі мен ұзын бойлы, көзі сығырайған гимназист баласы қарап тұр. Жуан жіңішкені көріп:

— Порфирий! Сенбісің? Жарқыным-ау! Көріспегелі қанша заман! — деп дауыстап жіберді.

— Құдай-ау! — деп таңырқады жіңішке. — Миша! Бала жастан бірге өскен досым! Өзің қайдан жүрсің?

Достар үш қайтара сүйісіп алды да, жасқа толы көздерін бірінен-бірі алмай қарап қалды. Екеуі де естері кетіп елжіресті.

Сүйісіп болғаннан кейін жіңішке сөз бастады: .....
Әңгімелер
Толық
0 0