Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Ар соты алдында

(Баллада)

Теңіздей тербелген астықты алқапқа көз тіге тұрып осы өңірде 1931- 32 жылдары аштық болып талайлар көмусіз қалған дегенге сену де қиын.

Бұл алайда тоталитарлық жүйенің, бұғаудың шеңгелінде жатқан қазақ қырының бұлтартпас өмір шындығы еді.



Аштық азап

Ақыры жеңгені ме?

Жүріп кетпек алдағы сенгені не?

Жүріп кетпек,

Қалдырып бәрін, бәрін.

Әйелі мен бөбегі – ынтызарын,

Ынтызарын...







Жұтады-ау ажал залым...

Қармау керек көз жұмбай тірлік талын.

Жанбай жатып қалайша сөнеді бұл,

Аузынан шағында төгер жалын?

Шақ емес пе

Өрлейтін өмір төрге?

Өз еркімен

Қалайша кірмек көрге?

Үзілмесе тірліктің нәзік жібі,

Өмір мұны гүлдентіп, көгертер де.

«Қатын жолда» деуші еді « бала белде»,

Аштан өлмек

Асы бар жетпесе елге.

Бір таба нан –

Осы үйдің соңғы дәмі,

Дастарханға оралулы жатыр жерде.

Қолтығына сол нанды қысып алып,

(Қара көрер сезінді күшін анық)

Әйелі мен ұлына: «Қош!» деді бұл.







- Таңдамақшар күнінде ұшыралық.

-Мен қалайын,

Тастама ұрпағыңды! –

Деп әйелі шырылдап көп жалынды.

Сол бір сәтте тоқтатар күш жоқ еді,

Тілек жоқ ед тоқтатар көк жалынды.

Жалғыз мүдде санасын меңдеді анық,

Елге жетсе жығылмай естен танып.

Табады әлі әйелдің көкесін бұл,

Бала сүйед,

Күні ертең болад қарық.

Осы оймен артына бұрылмады,

Ынтызары «әкелеп» шырылдады.

Соңғы таба нанды да бұл әкетті,

Анық еді аштықтан құтылары.

Әйелі мен баладан күдер үзіп,

Тоқ ел жаққа жөнелді ол бетін түзеп.

Аштық артта біртіндеп қала берді,

Қол бұлғады алдынан өмір қызық.

Қилы-қилы тағдырды бастан кешіп,

Бас та емес,

Емес ол аяқта да,

Ел қатарлы жүретін тірлік кешіп,

Әйел алған,

Түзеген шаңырағын,

Тек үйінен шықпады жамырап үн.

Сәби даусын армандап іңгәлаған,

Шаңырақтың сезеді ол қаңырарын.

Келіп жетті ақыры сексен міне,

Есеп бар ғой өткен жыл, көшкен күнге.

Өкінбейді қарттықтың келгеніне,

Тек өлімнен ет жүрек сескенуде,

Сескенуде .

Ажалмен алысуда,

Күрсінеді кеткендей салы суға.

«Мен қалайын, тастама ұрпағыңды!»

Қайдан жетті таныс үн, таныс тұлға.

Бұған қолын созады, жалынады,

Құлағына жетеді талып және.

Сәби даусы «әкелеп» шырылдаған,

– Бұлар қайтіп, тәңірім-ау, қырылмаған,

қырылмаған...

Шал кенет шошынады,

Олар мені жүр екен тосып әлі.

Жанарынан ыстық жас жосылады,

«Айыптымын» дейді де тосылады.

Айыбын ол сол сәтте сезінеді,

Өмірінен өткерген безінеді.

Қылмысы үшін жасаған зар заманда,

Түсіп жатты ол өмір сот тезіне енді.



Сүлеймен Баязитов .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімді сүйемін!

Мен елімнің-патриотымын!
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман саулығының қоғамдық - мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну. Ол мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау. Қысқасын айтқанда, патриотизм - мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасын, оның мемлекеттік рәмізді-Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тиісті.......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Мейманбек Бейбарыс | Биыл Астанаға 20 жыл

2018 жылы 6-шы шілде де Қазақстан Республикасының алтын шаһары – Астана қаласы 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Бұл үлкен жиынға бүкіл қазақ жұрты дайындалып, асқақтатып тойлатпақ.Әрине, ол түсінікті жағдай, себебі Астана күні түгел Республика күнтүзбесінің қызыл күніне айналған. Шыныменде уақыт зулап өтуде, арада 20 жыл өткенімен Астана қаласы лашықтан, тұғыры биік мегаполиске айналды. Қаланы жоғары деңгейге көтеру оңай болмағанымен ел басы жоспарынан бір сәтке бастартқан емес.Өйткены ел басының көзінде қала тұғыры және ұлт болашағы болды. Дәл осы сәттерге тарихи шолу жасайық. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Ал 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астана — Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны 1 миллион асады. Қала үш ауданнан — «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Көкесінің көлігі


Қаладан кеш түсе шыққан "Жигули" бірқалыпты жүріспен баяу жүріп келе жатты. Көлікте үш адам бар еді: алдыңғы орындықта отырған көкесі, рульде отырған апасының нағашы жағынан туыстас інісі болып келетін Бидағұл ағасы және бірінші сыныпқа енді барғалы жүрген - бұл. Бір кезде көкесі алға қарай ұмсынып қалды да:

- Бидағұл, мынау кімнің көлігі? - деді алдыда кетіп бара жатқан көлікті көрсетіп.

- "Москвич" қой, - деді Бидағұл. - Сонан соң көліктің иесін айтты. Бұл кісі де елге сыйлы, азамат болып жүрген қызметкер жандардың бірі еді.

- Әй, Бидағұл! - деді енді көкесі Бидағұлға қарап. - Осы "Жигули" жүйрік пе, әлде "Москвич" жүйрік пе?

Бидағұл өзінің дағдылы күлкісіне салып хы-хы-хы-лап күліп алды. Сонан соң:

- "Жигулиге" не жетсін, Қолеке. "Жигули" жүйрік қой, - деді.

- Онда... - деді көкесі әлденені жұмбақтағандай етіп .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстан қайта құру кезеңінде (1986-1991 жылдар)
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.1.5 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру.
9.3.1.4 әміршіл-әкімшіл саясатқа қарсы халық наразылықтарын салыстырып талдау.
Сабақ мақсаттары: Желтоқсан оқиғасының себеп-салдарын анықтау.
Желтоқсан оқиғасының құрбандарын біліп, олардың тұлғаларына баға беру.
Желтоқсан оқиғасының тарихи маңыздылығына баға беру. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер

Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің басынан қара бұлт сейілген жылдар ата-бабаларымыздың сонау күнгі сағымдай ұшқан армандарының қайта қанат жайып, асқақтап, қомдануына және кемел болашаққа жаңа көшбасшымызбен қадам басуымызға арқау болды. Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлық. Қазіргі таңда, біз дамыған заманға бет бұруға тырысып жатырмыз. Соның бір дәлелі, еліміздің дамыған 50 ел қатарынан табылуы. Алайда, бұл күнге жетпес бұрын біз талай асуларды бағындырып, еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуге лайықты екенін сан рет дәлелдедік. Ата Заңымыздың қабылдануы ең алғашқы жетістіктеріміздің қатары деп есептеуге болады, себебі, Конституция - тәуелсіздіктің айғағы, теңдігіміздің бұлтартпас дәлелі. Кейін, еліміз түрлі даму сатыларынан өтіп, ресми тіліміз, валютамыз біртіндеп қабылдана бастады және бұл елімізді ерекшелеп көрсететін, тарихымызды айқындайтын ұлттық құндылықтарымыз еді. Дамыған мемлекеттермен иық тірестіру бізге оңайға соқпайды. Қазіргі күнімізге шейін мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай, қай жерде оза шаптық, қай жерде қалыс қалдық?

Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқаннан кейін еліміздің жеке мемлекет ретінде сын-сипатын анықтайтын белгілері қалыптасты. 1992 жылы ҚР Президенті «ҚР Мемлекеттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды. Туымызда бейбітшілікті бейнелейтін ашық көк аспан, алтын күн, қайсарлығымыздың дәлелі қыран бейнеленді. Ал, 1994 жылы дербестігімізбен көрген ұлы тойымыз қазақ азаматының еліміздің атынан тылсым ғарышқа сапар шегіп, қауіпті де, қызықты ғарыш әлемін бағындыруы еді. Ол «Халық қаһарманына» айналған Талғат Мұсабаев болатын. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Келе бер көктем

Мақсаты: Көктем мезгілінде болатын өзгерістер жайлы балаларға түсіндіру. Табиғаттағы құбылыстарды бақылай отырып, сүйіспеншілікке, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Суретке қарап әңгіме құрастыру арқылы баланың сөздік қорын дамыту.
Сөздікпен жұмыс: Шуақты, жер көйлегі.
Әдіс тәсілдері: Сұрақ - жауап
Қос тілді түсінік беру: Көктем – весна, ай – месца, құс - птицы, гүл - цветы
Көрнекі құралдар: Көктем суреттері, құстар
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып өлең жолдарын қайталайды.
Көктем, көктем, көктемде,
Құстар келіп жеткенде,
Қуанып бір қаламыз
Әнмен қарсы аламыз .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Қызықты ертегілер мен әңгімелер оқимын (1 сынып, 7 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақ тақырыбы: Қызықты ертегілер мен әңгімелер оқимын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.6.1 мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату
1.2.2.1 мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну
Сабақ мақсаттары: Жеміс немесе көкөніс салатын жасауға рецепт жазамыз. .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Тақпақ: Еліме

Күн шуақты Қазақстан
Саған ғана үн қосқан.
Жүрегімнің дүрсілі
Төгіледі жыр дастан.
Тақпақтар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық қоржынды құру туралы мәселесі

Экономика саласындағы және басқа өндірісті – шаруашылық қызметіндегі кезкелген кәсіпорынның, жаңа немесе бар негізгі өндіріс қорларына сонымен қатар материалды және материалды емес активтерді құру үшін олар инвестициялау керек. Осыған байланысты менеждмент, экономика мен өндірісті және басқа кәсіпорындары мен шаруашылықтарды, қаржылық – банк қызметін бақару саласындағы мамандар инвестициялау және инвестиция қызметімен жақсы таныс болуы керек.
Осы жымыстың басты мақсаты бағалы қағаздардың оптималды қоржынын стаистикалық мәліметтер көмегімен, математикалық моделдерді қолданып шығаруы. Осы мақсаттарға жету үшін келесі мәселелер қарастырылды:
• Инвестиция мәні, инвестиция түрлері және инвестициялық қоржын
• Бағалы қағаздар түсінігі және түрлері
• Бағалы қағаздар қоржыны және оның табыстылылығы мен тәуекелділігі
• Қоржынды құру негізінде инвестордың стратегиясы
• Оптималды қоржынды таңдау мәселесі
Жүмыстың көп бөлігінде, мен бағалы қағаздар қоржынынның табыстылығы мен тәуекелдігіне көңіл бөлдім, сонымен қатар бғағлы қағаздар қоржынынын оптимизациялау.
Берілген жұмыс актуалды болып табылады, себебі экономикалық есептерді шешуде компьютерлік бағдарламаудың ролі арттырғанына байланысты.Әртүрлі экономикалық моделдер үшін соның ішінде бағалы қағаздарқоржынын оптимизациялау үшін бірнеше программалық өнімдер жасалынды . ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0