Дипломдық жұмыс: Қаржы | Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау әдістері

1. Кіріспе
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Тәуекелділік кез келген банктік операцияларда болады. Жалпы, тәуекел тарихи категория ретінде қоғам дамуымен байланысты болып, адамның болашақта болатын қаупін түсіндірумен байланысты болады.
Диплом жұмысының өзектілігі – қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез-келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан да банк қызметінде тәуекелділіктің мүлдем болмауы маңызды емес, оның ең аз шамадағы деңгейіне жеткізу және кеміту маңызды болып табылады.
Диплом жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы банктік тәуекелдерді бағалап және ерекшеліктерін анықтап талдай отырып, қолданыстағы банктік тәуекелдерді басқару және бағалау әдістерін зерттеп, оны басқарудың жаңа және жетілдіру жолдарын іздестіру.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – қазіргі дағдарыс кезінде банктердің тәуекелін зерттеу, басқару, бағалау өте маңызды. Диплом жұмысында жасалған нәтижелер Қазақстанның банк секторында банк тәуекелдерін басқару жағдайы мен оларды бағалау әдістерін зерттеуге мүмкіндік береді ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Интернет желісі

"Жүйе" терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және олардың жүйелері.
Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында - бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.
Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.
Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.
Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар - клиенттер. Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.
Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның күрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионга жуық адам жүмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSОС президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір милиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын
Оқу мақсаттары: 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді;
Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады;
Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жас туристің жаднамасы Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері (8 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақстандағы туризм және экотуризм
Сабақтың тақырыбы: Жас туристің жаднамасы. Сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.4.5.1 сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Сабақтың мақсаттары: Сөйлем соңында қабаттасып қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Бейтаныс статья

Егіз қыз Виктория мен Инесса Черкасовалардың әкесі Борис Черкасов Алматы облыстық тұтынушылар одағы базасының заң бөлімінің бастығы, ал шешесі Валентина Черкасова екі қыздың әкесінен тіпті де кем түспейді, — Алматы қаласындағы № 2 заң консультациясының адвокаты. Көріп отырсыздар, екеуі де заңды білетін адамдар және заңды білуден осы уақытқа дейін қорлық көрген'жоқ, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Сондықтан да ерлі-зайыпты екеуі биыл екі қызы орта мектепті бітірген кезде бір ауыздан екі қыз да өзіміздің ізімізбен кетсін, екеуі де заң факультетіне түссін десті. Несі бар, болмасын деген оңбасын!

Екі қыз сонымен университеттің заң факультетіне арызды беріп келіп қалсын. Виктория алғашқы емтиханнан-ақ тоңқалаң асып, шығармадан екі алып шыға берді. Жаны мұрнының ұшына келген әке-шеше енді Инессаның тілегін тілеп, соны салмақтады. Несі бар, болмасын деген оңбасын! Әке-шеше бар уақытта баласына жақсылық қана тілеуі керек. Оған кім қарсы болмақ! Бірақ арада біраз күн өткенде әке:шеше иек артқан Инесса да СССР тарихынан мақрұм екен, емтиханнан құлап, шоқпар бас Қисық цифрды арқалап үйіне келді.

Міне әке-шешенің сасқан жері осы болды. Әке-шешеге өмір бойы азық болған заң қызметі оларға ендігі ұрпағыңа қызмет етпеймін дегенде біржола қолдан шығып бара жатқандай елестеп кетті. Нақ осы жерде әке-шеше екеуі бірдей заңды қайта ақтарып, тексеріп бір жылт тапқандай болды. Енді екі қызды кешкі факультетке түсіруді ойлады. Несі бар, болмасын деген оңбасын!

Кешкі факультеттер, бір жаман жері тиісті бір мекемеде жұмыс істемегендерді қабылдамайды. Құдайға шүкір, бұл жерде әке-шеше көп қинала қойған жоқ, Алматыдағы заң орындары тегіс таныс, екі қызды солардың біріне орналастырмақ болды. Оқуға түсу дегеннің қиын екенін көрген соң ерлі-зайыпты Черкасовтар арамдықты да қоса ойлай жүрді. Заңды оқып, зая қызметін істеген оларға ойларына жүзеге асыру қиынға түскен жоқ.

Алдымен әңгіме Викторияның орналасуы туралы. Совет аудандық халық сотының председателі Никитина қол қойған 1 сентябрь күнгі № 20 бұйрықтың 2 параграфына тура былай деген сөздер түсті: «1971 жылғы 30 августан бастап Виктория Борисовна Черкасова сын мерзімімен курьерлік қызметке алынсын». Сол судья Н. Никитина қолымен 1 сентябрь күні бұйрық бере отырып, одан бір күн бұрын 30 август күні Викторияға өндірістік мінездеме де беріп тындырып та қойып еді. Н. Никитина өзі сын мерзімімен курьерлік қызметке алған Викторияны аузының суы құри мақтап, «30 августан бастап сот мәжілісінің секретары болып қызметке алынды» деп жазды. Халық сотының председателі Никитина да, әке-шеше де бұл жерде заңды білетіндігін бір көрсетіп тастады. Өйткені, заң факультетіне сот мәжілісінің секретарының бірінші кезекте қабылданатынын күні бұрын білді. Егер олар заң қызметінде істемесе оның бүге-шігесін байқар ма еді. Сөйтіп заңсыз жасалған документ заң факультетіне барып жатты. Виктория емтихан да тапсырды...

Ал Инесса ше? Несін айтасыз, Викторияның жоғарыда айтылған ісінің бәрі Инессадан үлгі болып алынған жоқ па? Виктория ісі Инесса тәжірибесінен алынса, Совет аудандық халық. сотының председателі Никитина Алматы. қалалық сотындағылардан үлгі алып еді. Қалалық соттағылар 18 августа №38 бұйрық бойынша Инессаны курьер етіп алып, еңбек книжка көшірмесін Алматы қалалық сотының сот мәжілісінің секретары деп жасап берді. Кейін мәселе белгілі болып қалған кезде бұрынғы бұйрыққа жазуға орын болмаса да сот председателей, қолының үстіне дейін олар былай деп баттастырып жазып қойды: «...Белькевичтің орнына сот мәжілісінің секретары міндетін уақытша атқару жүктелсін». Бұл жерде біз де шегініс жасап, осынша өтірікті кім құрастырып, кім жасағанын, кімді кім алдағанын қалалық соттың өзіне қалдыра тұрамыз. Өйткені осы алдаушының біреу еместігі бадырайып көрініп тұрады. Бір жаманы мынау болды. Бұл кезде Белькевичтің орнында басқа бір адам істеп жатқаны, аман-есен жалақысын өзі алып отырғаны, кейде басқалардың да заңның ондай ұсақ-түйегіне дейін біле беретіндігі қалалық соттағылардың есінен тарс шығып кетті. Сөйтіп заңды білетін заң қызметкерлері жасаған заңсыз документтер қаланы "шарлап жол тартты.

Сонымен көріп отырсыздар, Виктория да, Инесса да — екі курьер сот мәжілісінің екі секретары болып шыға берді, олар жоғары оқу орнының студенті де болатын еді. Бірақ...

Біз Алматы қалалық, Совет аудандық сотындағылардың да екеуі де заң кызметінде істейтін Б. және В. Черкасовтардың да заңды және оның тармақ-тармағын жақсы білетіндігіне дау айта алмаймыз. Дегенмен мына бір оларға таныс емес статьяны естеріне сала кетпек едік. Өйткені кім біледі, сотқа да сот болатын күн болмай тұра ма, сонда біліп алса бір кәдесіне жарар. Оның үстіне айыпталатын статьяны күні бұрын білген де дұрыс болар. Қазақ ССР Қылмыс кодексінің 148-статьясы «қызмет жөніндегі подлог» деп аталады. Онда тура былай деп жазылған: «Қызмет жөніндегі подлог», яғни қызмет несі адамның пайдақорлықпен немесе басқа бір зұлымдық ниетпен документтерге көрінеу мәліметтер енгізуді, жалған документ жасауы, документті өзгертіп қолдан жасауы, сондай-ақ көрінеу жалған немесе өзгертіп қолдан жасалған документтер беруі,— үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады».

Амал нешік, киын да болса, ащы да болса мұны айтпай бола ма, «ет сасыса тұз себер, тұз сасыса не себер» демей ме халық. Ал судья қылмыс істесе ол не жаза алады екен, ә?! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Кембридж бағдарламасы бойынша неміс тілі сабағын өткізу жолдары

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттеп отыр. Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Оларды неміс тілін оқытуда тиімді етіп пайдалану ұстаз білімділігіне байланысты. Неміс тіліне үйрену өте күрделі және жеке үдеріс. Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай терін төксе ғана қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, оқушының тілдік дағдыларды меңгеру сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал Кембридж бағдарламасы ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы қазіргі заман талабына сай әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс. Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың шеберлігіне байланысты егер де неміс тілі мұғалімі оқушының қызығушылығын арттыра алмаса берген грамматикалық білім еш нәтиже бермейді. Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін, белсенділігін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасауға, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Жаңа технология түрлерін неміс тілі пәнінің сабақтарында пайдалану, оқушының тілдік қабілетінің дамуына, алған грамматикалық білімінің негізінде неміс тілінде сөйлей білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдерде іске асады: І кезең: оқып-үйрену (неміс тілінің грамматикасымен, сөздік қоры және оқылым дағдыларымен танысу); ІІ кезең: меңгеру (оқушылардың алған тілдік білімдерін есте сақтап, өзгелерге түсіндіріп бере алу қабілеті); ІІІ кезең: өмірге ендіру (балалардың неміс тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе алуы); IV кезең: дамыту (оқушылардың қосымша ізденіп, өздерінің неміс тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға күш салуы). Меңгерудің әр кезеңдегі деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше неміс тілін оқытудағы жаңа технологиялар жүйесін оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Елбасы мен ел мұраты Тәуелсіздік

Қазақстан тәуелсіздігі – бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.

Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.

Үстіміздегі тәуелсіздік алуымызға себепші болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 29жыл, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толады. Бұл жылдар тарих үшін қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына, оның дауына жол ашқан сәтті мерзім болып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлем елдері арасында өзіндік даму үрдісімен орын ала білді. Сонымен қатар өз ерекшеліктерімен қоса батылдығымен, табандылығымен әлемге атын шығарды. Бұл жолда елбасымыздың еңбегі өлшеусіз – қажырлы жұмыстың, саналы саясаттың арқасында Қазақстанның экономикалық, әлуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырылып жатқан шараларын бүгінде әлем елдері мойындап отыр. Бұл дегеніміз тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі болып саналады.

Қазақстан мемлекетінің бүгінгі таңда ел экономикасына барынша көңіл бөліп отырғаны баршамызға аян. ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық реформаларды жүзеге асырды, «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стртегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы негізде сан түрлі экономикалық бағдарламалар туындады. Елбасының таңдауы дамудың дұрыс та сара жолы екендігін, бүгінгі таңда таразы уақыт дәлелдеп беріп отыр. Осы тиімді бағдарламалардың бағыттары бойынша қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде агро өнеркәсібі де жақсы жұмыстардың ықпалымен қарқынды даму барысында.

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табыстардың қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз болғанымыздың арқасында Қазақстан сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды және танида береді. Дүниенің бір бұрышында Қазақ деген халықтың бар екенін және үлкен істер тындыра алатынын барша әлемге танытқан біздің ата-бабаларымыздың және елі үшін жандарын қиған батырларымыздың арқасында әлемдік деңгейде көк байрағымыз желбіреп тұр.

1991 жыл 16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік Туы желбіреді. Содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттардағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Осы саясаттардың арқасында қаншама дағдарыстардан аман-есен шығып жатырмыз. Қазірде елімізде тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуелсіздікпен келген халық тілеуі мәнгілік болып, Гимніміз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Туымыз көкте шарықтай берсін демекпін.Осы тұста айта кететін жайт еліміздің тағы бір үлкен жетістігі болашақта жоспарланып отырған ЕХРО-2017 көрмесін ойдағыдай өткізсек, еліміз үшін теңдесі жоқ жетістіктердің бірі болары анық.

Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандармен тәжірибе алмасуға, яғни білім саласына қатты көңіл бөліп, жастардың сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Сондықтан Тәуелсіздігімізді мәнгілікке сақтап, Еліміздің Туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Араб-Израиль шиеленісі

Менің бұл тақырыпты таңдауым себебі Араб-Израиль шиеленісі мені бұрыннан толғандырып келген мәселе болып, мені бұл шиеленістің мәні және оның барысы қызықтырады. Бұл Араб-Израиль мәселесінің тағы да бір мәні қызықтырғаны осы күнге дейін ол мәселенің шешілмей жатқаны, сондай-ақ осы мәселе өз шешімін табадымекен деген сұрақ мазалайды.
Ал бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым Араб-Израиль шиеленісінің шығу тарихы, оның негізгі қақтығыс кезеңдері және сол кезден дипломатиялық қатынастарды қарастырып, оларды біліп алу және басқаларға да жеткізу. Сондай-ақ осы тақырыпты егжей-тегжейлі біліп алған соң, соңында өз қорытынды ойымды шығару.
Қазіргі таңда бұл өте өзекті мәселенің бірі болып отыр. Оның актуальдылығы бұл шиеленістің жалғасып жатқанына жарты ғасырдан астам уақытқа жалғасып, ол бүкіл Таяу Шығысты қамтиды. Араб-Израиль мәселесі әлемде терроризмнің күшеюіне серпіліс берген бірден-бір қорғауыш күш болды. Осы шиеленіс себебінен мыңдаған адамдар қаза тапты. Тіпті бүгінгі күндері де террористік әрекеттерден бұл екі елдерде кінәсіз халықтар зардап шегуде. Сондай-ақ ешқандай да конференциялар келіссөздер осы мәселені түпкілікті шеше алмады.
Қазіргі жаңа заманда Таяу Шығыс мәселесі, яғни Палестина-израиль шиеленісі ең тұрақсыз және жалғасушы әлемдегі мәселе. Көрші елдер мен халықаралық қаумдастықтар тАрабынан Араб-Израиль шиеленісін саяси тұрғыдан шешімдер пайда болғалы бері бір қаншама ұсыныстар айтылып және талқыланған болатын. Аймақта бейбітшілікті орнату мақсатында БҰҰ-ң, әлемдік державалар, діни өкілдері ортаға салуда ұсынылады.
Мен бұл жұмысты жазу да көптеген әдебиеттерге жүгіндім. Бұл тақырып өте актуальды болғандықтан және бірінші күнге дейін өз шиеленісін таппағандықтан әдебиеттерді табу онша да қиынға соқпады. Менің негізгі пайдаланған әдебиеттерімнің бірі ол «История дипломатий» под редакцией Громыко болды. Бұл әдебиеттен мен Араб-Израиль шиеленісінің шығу себептерін қарастырдым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0