Әңгіме: Антон Чехов | Маска

Қоғамдық Х - шы клубта игі мақсатпен балмаскарад немесе жергілікті бикештер айтқандай, бал - парей беріліп жатқан еді.

Түнгі сағат он екі болатын. Би білмейтін зиялылар - бес кісі - бетпердесіз, оқу үйінде үлкен үстелді жағалай жайғасып, мұрындары мен сақалдарын газетке көме түсіп, оқып, қалғып-шұлғып әрі астана газеттерінің жергілікті тілшісі, аса бір еркін ойлы мырза айтпақшы, "ойланып" отырған еді.

Көпшілік залдан "Вьюшки" кадрилінің үні келіп тұр. Есік алдынан тарс-тұрс басып, қолындағы ыдысын сылдырата жүгіре лакейлер өте шығады. Оқу үйінің дәл өзі құлаққа ұрған танадай жым-жырт.

— Осы ара, сірә, қолайлырақ сияқты! Тартыңдар бері! Бермен қарай жігіттер! - деген құдды пеш ішінен шыққан сықылды болып, бір қылғынған жуан дауыс естіле қалды.

Есік ашылып, үстіне делбешінің костюмі мен басына тауыстың қауырсынын қадаған қалпақ киген бір маскалы, жауырыны жап-жалпақ, дембелше еркек оқу үйіне кіріп келді. Оған ілесе іле-шала маска киген екі әйел мен қолына поднос алған бір лакей де кірді. Подноста ликер құйылған жуан бутыль мен үш бөтелке қызыл және бірнеше стақан бар екен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу

Тұқым қуалаушылықты зерттеу мақсатында және селекция тұрғысынан қарағанда, өсімдіктердің жасанды, мутагенезімен айналысатын зерттеушілердің алдында маңызды міндет тұр, ол – бағытталған мутацияларды алу [1]. Бұндай мәселенің шешімін табуға болады, ол әртүрлі мутагендердің және қосымша факторлардың әсер ету ерекшелігі арқасында мутагендердің генетикалық модификациялануымен дәлелденеді.
Жасанды жолмен алынған мутанттар селекционерді қызықтыратын дақыл формаларының әртүрлілігін жоғарылатады және келешекте сұрыптау мен гибридизация үшін кең жол ашады [2].
Бір сортта белгілі өндірістік, технологиялық және тұтынушылық қасиеттердің бірге қабысуы жұмсақ бидай селекциясының негізгі және шешімі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан, шаруашылықта құнды белгілері бар формалар алу үшін бидайдың өсуі мен дамуына әртүрлі мутагендердің әсерін зерттеу белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, генетикалық әсерлерді зерттеу мәселесі, әсіресе химиялық қосылыстардың әсерінен туындайтын мутацияларды зерттеу маңызды. Ұзақ уақыт бойы жасанды мутагенезбен жұмыс жасаған зерттеушілердің күш жігері селекцияда негізінен нақты фенотиптік сипатқа ие әртүрлі мутациялар алуға бағытталған болатын. Бірақ, көптеген макромутанттардың тіршілік қабілеті төмен, ал керісінше, кіші мутациялар жиі кездеседі және олардың өміршеңдігі жоғары болады [3-4].
Кіші мутацияларға әлсіз фенотиптік көрінісімен сипатталатын полимерлі гендердің мутациялары жатады. Полимерлі гендер немесе полигендер әдетте, сапалық белгілердің: өсімдіктің биіктігі, жапырақтардың мөлшері және масақтардың, масақшалардың, дәндердің, бүйір сабақтарының санына, белок пен май мөлшеріне, өнімділігіне, ерте пісу мен дамуына және т.б. белгілердің көрінуіне әсер етеді [5-8]. Осының әсерінен туындайтын мутациялар спецификасы үлкен маңызға ие.
Әлемдік селекция тәжірибесінде химиялық қосылыстардың, атап айтқанда, алкильді қосылыстардың дәнді дақылдарға әсері, көбінесе, құндылығы төмен, тек морфологиялық өзгергіштікке және өсімдіктің хлорозға ұшырауына жиі әкелетіндігі белгілі. Сондықтан, өсімдіктің өсіп – дамуына улы әсерін тигізбейтін, жұмсақ бидай сорттарының ауыл шаруашылығына құнды белгілерінің (өнімділігі, сапасы, тат және қара күйе ауруларына төзімділігі т.б.) өзгергіштік шегін ұлғайтатын әлсіз мутаген іздеу қажет болды.
Әдеби мәліметтерде кадмийдің токсинділігі, мутагенділігі және өсімдіктің өсуін тежейтіндігі туралы кеңінен талқыланған еңбектер кездеседі [1], бірақ, хлорлы кадмийдің 0,01 пайыздық ертіндісінің бидай дәніне әсерінен туындаған тұқым қуалайтын құнды белгілерімен алғашқы материалды алу жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары кездескен жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық даму ерекшеліктері

Кеміс балалар немесе аномалды балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрлішс ауытқулары бар және жаллы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномалды дегеніміз -ол апоmolоs грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бүл міндетті түрде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулыктардағы тақырыптарды окуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткеиі оның психикалық даму цроцессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, кеміс балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады.
Кеміс балалардың негізгі категорияларына жататындар:
1. есту қызметі бүзылған балалар (керең немесс саңырау, нашар еститін, кеш естімей қалғандар);
2. көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;
4. интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар (ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Жергілікті желіде чат бағдарламасы

Кіріспе
Қазіргі заманғы қоғам, тауарлар, қызметтер және еңбек нарығы көп жағынан алғанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) қарқынды дамуымен байланысты өзгерістермен сипатталады. Кәдімгі адам өміріндегі компьютердің қызметі екпінмен артып келеді. Компьютер қоғамдық өмірдің барлық дерлік: білім беру мен медицинада, телевизия және радиода, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында және т.б. тиімді көмекші құрал бола алатын салаларында қолданылады. Бүгінде АКТ шағын кәсіпорындардың, дүкендердің, мекемелердің, жұмысқа орналастыру бюроларының, тіпті фермалардың да ажырамас жабдығына айналып отыр. Компьютерлік жүйелер көмегімен құжаттамалар жүргізіліп, электронды пошта және мәліметтер банктерімен қатынас қамтамасыз етіледі. Компьютерлер кең ауқымды өндірістік міндеттерді атқаруда қолданыс тауып, түрлі агрегаттардың үздіксіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. ЭЕМ жүйелері бір мекемедегі немесе елдің түрлі аймақтарында отырған түрлі пайдаланушыларды өзара байланыстырады.
Осының бәрі ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт – азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Кіші Азия түбегін рекреациялық пайдаланудың географиялық мәселелері

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Азия елдерінің ішінде Түркия экономикасы біршама жоғары деңгейде дамыған ел болып табылады. Оның географиялық орны, табиғатының басты ерекшеліктері, тарихи-географиялық жағдайы, шаруашылығының салалық құрылымының өзгешелігі, халықаралық маманданған қызмет көрсету салаларының қазіргі жағдайына сипаттама жасай отырып, тәуелсіздік жылдарындағы басты даму бағыттарына сараптама жасалынды. География мен экономика ғылымдарын ұштастыра отырып, Кіші Азия түбегінің қазіргі таңда туристік-рекреациялық жағынан дамуының бағыттарын қарастыру және Қазақстандағы туризм саласын дамытуға Түркия тәжірибесін пайдалануды талдау зерттеу жұмысының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дерек көздерін талдау негізінде Кіші Азияның қазіргі заманғы әлеуметтік-географиялық даму бағыттарын анықтап, аймақ дамуының тәжірибесін Қазақстан жағдайында пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.
Диплом жұмысының мақсаты алдыға қойған келесі міндеттерді шешуді көздейді:
• Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық жағдайына талдау жасау мен табиғи ресурстарына баға беру; ерекше қорғауға алынған ұлттық саябақтардың аймақ табиғатының тепе-теңдігін, табиғат эталонын сақтаудағы маңызын қарастыру;
• Кіші Азия түбегі қалаларының әлеуметтік-географиялық даму бағыттарына сипаттама беру; аймақтағы туристік-рекреациялық ресурстарының халықаралық маңызын анықтау.
Диплом жұмысының нысаны ретінде Кіші Азия түбегі және оның рекреациялық бағытта игерілуі алынды.
Ғылыми зерттеудың жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Кіші Азия түбегінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктері мен туристік-рекреациялық мүмкіндіктері айқындалып, қазақ тілінде жазылды. Шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық көрсеткіштері ұсынылды. Қазақстанда түрік тәжірибесін пайдалану зерделенді. Сонымен қатар даму жобалары енгізіліп, оларды саралау бойынша дамудың жаңа бағыттары ұсынылған.
Диплом жұмысының қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін 7, 10, 11 сыныптардың география сабағында, жоғарғы оқу орындарында «Дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», «Қызмет көрсету географиясы», «Тұрғындар географиясы», «Рекреациялық география» сабақтарында қосымша дерек көзі ретінде пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Медицина | Қыз баланың, бойжеткеннің , әйелдің гигиенасы

Қыз баланың, бойжеткеннің, әйелдің гигиенасы.
Жеке бас гигиенасының бірінші ережесі - тазалық, ол туралы бұрыннан белгілі. Жекеленген кейбір арнайы жеке бас гигиенасының адам жынысына, жыныс ағзалар құрылысы және қызметіне байланысты кейбір арнайы жағдайлары бар.
Етеккірдің басталуы, қыз баланың алдына бір мәселе қояды. Алдымен етеккірдің келуі денсаулық жағдайына,қыз баланың жеке гигиена ережелерін сақтауына байланысты екенін есте ұстау керек.Әдетте, дені сау,шыныққан, спортпен шұғылданатын жақсы тамақтанатын қыз балаларда етеккір жақсы өтеді.
Жалпы сау қыз бала да етеккір келген кезінде жабығу сезуі мүмкін. Алайда бұл сырқат емес,қалыпты жағдай. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану қажет. Ой, физикалық жұмыстардан бас тартпау керек. Алайда ауыр физикалық жұмыстарды азайту керек.
Күнтізбе құрып, оған менструация басталу күнін, сосын ұзақтылығын және шамамен жоғалған қан көлемін ( орташа, көп, аз) жазып отырған жөн.Жоғалған қан мөлшерін салма ылғалдануы дәрежесі және оны алмастыру жиілігімен анықтауға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Өгіз қара күшім бар


Көшенің бұрылысынан өте бергенімде шап беріп' сол қолымнан біреудің ұстай алғаны. Жаздың күні болғандықтан, басымда ондатр құлақшыным болмағандықтан қорқа қойғаным жоқ. Бірақ қатты тартынып қалдым. Алдымда тұрған жанды құбыжық салдыр-салдыр ете түсті. Сасып қалып:

— Ау, мұның қалай?—деппін.

— Мұным дәп солай. Немене адам көрмеп пе едің?

— Халің қалай, бауырым?—дедім аузыма сөз түспей.

— Қалай болушы еді, алла деп арақ ішіп, құдай деп қуырдақ жеп жүріп жатырмыз.

Не дерімді білмей аңырып қалдым. Жаңағы көрген құбыжығым кәдімгі таныс адам Меншік деген жігіт болып шықты. Жаздың күнінде аяғына екеуі екі пұт шығатын, шұбар табан, бақа бас көн етік киіпті. Шыңырау құдыққа салатын баяғының тозған қауғасындай қолқылдақ екі қонышының ішіне шүберекке орап әлденелерді тығып тастапты. Қоныш бақа жұтқан жыланның тамағындай буылтықтанып кеткен. Үстіне бір кезде Болгарияда шыққанда киім сияқты, бірақ Азияның күні күйдіріп, жаңбыры шайғандықтан өң-түстен түк қалмаған, қазақ аулының тозған қабындай көнтиген камзол. Меншіктің құтын қашырып тұр. Бұл бұл ма, беліне байлаған кішірек бақыраш пен кішкентай балта қозғалса болды, біріне бірі тиіп салдыр-салдыр етеді. Бұның бәрі түк емес. Әсіресе басындағы ет салатын мыс дағарадай қоғадан тоқыған қалпақ ботаға артқандай сегіз қанат үйдің шаңырағын басып қалыпты. Алыстан қарағанда басы жоқ екі аяқ жүріп бара жатқандай. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Шексіз түзу және дөңгелек тогы бар өткізгіштердің индукциясы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.4.1- Магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б) мен есептер шығару арқылы түсіндіру
Сабақ мақсаты: • Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар откізгіштердің магнит өрісін білу және түсіну;
• Дөңгелек және шексіз түзу тогы бар өткізгіштердің магнит өрісін зерттеу;
• Магнит индукция формуласын пайдаланып есептер шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Азияның биік таулы аймақтарының физикалық географиялық ерекшеліктері

Тақырыптың көкейкестілігі: Жер бетіндегі биік таулардың айнала қоршаған орта үшін, ондағы болып жатқан әр түрлі ішкі және сыртқы әрекеттердің, жер шарындағы тірі ағза мен климаттық жағдайдың қалыптасуында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Әсіресе, оның жер бетіндегі климат пен экожүйенің тұрақтылығын сақтауда ерекше қызмет атқаратыны белгілі. Бұл әрекеттер жер асты процестерінде түрлі тектоникалық және геологиялық қозғалыстар мен ауытқуларға негіз болады. Осы болатын географиялық құбылыстар жер беті тауларымен, әсіресе биік тауларымен тығыз байланысты [1].
Дүниежүзіндегі ең биік таулардың негізгі бөлігі Азия территориясында бой көтерген. Бұл таулар өзінің физикалық-географиялық жағдайымен дүниежүзілік таулардан өзінің ерекшіліктерімен оқшауланып тұрады. Ең алдымен оның географиялық орналасуы мен географиялық қалыптасуы, жер бедері, климаты табиғи ландшафтысы және өзендерінің гидрологиялық режимдерімен ерекшеленеді [2]. Сонымен қатар, жер шарындағы табиғат нысандарының ішінде ораграфиялық жағдайы бойынша да зерттеуге өзекті сипат береді. Осындай өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, біз дипломдық жұмысымыздың тақырыбын «Азияның биік таулы аймақтарының физикалық-географиялық ерекшеліктері» – деп белгіледік. Себебі, бүгінгі күні болып жатқан табиғаттағы ырғақтылық құбылыстардың өзгеруі мен қалыптасуында Азияның биік таулы аймақтарының алатын орны ерекше. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Боксшылардың арнайы шыдамдылығын тәрбиелеу әдістемелерінің ерекшеліктері

Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген.
Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді.
Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар.
Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0