Реферат: Психология | Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері

Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру - арнайы оқытуда және тәрбиелеуде ерекше қажет ететін баланың денсаулығына байланысты құрылған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру болып табылады.
Қазіргі арнайы педагогика негізнен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселесін зерттейді. Арнайы білім беру мекемесі дамуында денсаулығы шектелген балаларды оқытып тәрбиелеу мекемесі болып табылады. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеу үшін олардың жалпы сипатын, кемістік құрылымы мен түрін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін талдап алғанымыз жөн.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды дегеніміз - ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, аномальды балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ тілі | Парцелляция құбылысы

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік - экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Сол себепті қазақ тіл білімі саласында жаңа терминдер еніп, қалыптасуда. Соңғы он жыл көлемінде ғана парцелляция құбылысы зерттеле бастады. Жас зерттеуші филологтардың ғылыми жұмыстарының тың тақырыптарына айналып сөз болып жүр.
Алайда, бөлшектеуге көнетін грамматикалық құрылымдар бөлшектелген компоненттердің өзара байланысы, негізгі сөйлемнің шекарасынан тысқары бөлшектеліп шығарылған парцелляттың, яғни қосалқының грамматикалық, стилистикалық және коммуникативтік қызметі әлі анықталып ашылмаған.
Р.Сыздықтың «Бұл құбылыс туралы үзілді-кесілді тұжырымдар айту үшін, оны мол материал жинап ғылыми тұрғыдан зертеу керек»- деуі де бұл мәселенің өзектілігін, маңыздылығын дәлелдейді.
Жұмыстың нысаны. Диплом жұмысы көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысының өзіндік ерекшелігін, стильдік және тілдік сипатын, парцелляцияның түрлері және оларды топтастыру проблемасын қарастыруға арналған.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты көркем мәтін тіліндегі парцелляция құбылысын әдеби тілдің жеке бір тармағы ретінде қарай отырып, оның өзіндік тілдік, стильдік, типтік үлгілік табиғатын ашу.
Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді.
- парцелляция, оның сильдік қызметі жөнінде түсінік бере отырып өзіндік сипаттамасын, ерекшелігін айқындау.
- тіліміздегі парцелляция құбылысын сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау.
- қазіргі парцелляция құбылысында орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен кемшілік мәселелерге тоқталып өз көзқарасымызды таныту.
Жұмыстың дерек көздері. Аталған мақсат пен міндеттерге жетуде А.Байтұрсынов, М.Балақаев, С.Сауранбаев, Р.Сыздықова, т.б. ғалымдардың әдеби тіл, оның стильдік тармақтары жөніндегі теориялық еңбектерін; орыс тілінің синтаксисін зерттеушілер Ф.И.Буслаевтан бастап Пешковский, Белашапкова еңбектерін және оқытушы ұстаздардың теориялық және практикалық еңбектері мен ой-тұжырымдарын, ұсыныстарын қолданып, басты назарға алынды.
Осылармен қоса мектеп оқулықтарындағы, баспасөз беттеріндегі үлгілер талдау материалы ретінде пайдаланылды.
Жұмыстың әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің мақсаты мен міндетіне қарай әртүрлі әдістер қолданылды. Олар: сипаттау, талдау, жинақтау, топтау, салыстырудың құрылымдық-типологиялық әдістері. Тілдік фактілерді талдау, мәтіндік бақылау және салыстыру әдістері арқылы жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Тіл – тарихи құбылыс. Белгілі бір тарихи кезең үшін өз терминдері қалыптасады.
Міне, бұрын А.Байтұрсынов «іргелес сөйлем» деп атаған ұғым қазір басқа қырынан зерттеліп «парцелляция» күрделі синтаксистік тұтастық деген ұғымдар туып, тілдік термин ретінде орнықты.
Жалпы тіл біліміне «парцелляция» термині француз тіліндегі «parceller» сөзінен енген. Бұл ұғым қазақша ұсақ бөлшектерге бөлу дегенді білдіреді. Сондықтан да бөлшектелген сөйлем деп алғанды жөн көрдік.
- бөлшектелген сөйлем әдеби тілге ауызекі сөйлеу тілінің әсерімен енген құбылыс.
- бөлшектеу барысында негізгі сөйлем мен қосалқы арасындағы байланыс үзілмейді; толымды және толымсыз құрылым бірігіп, қосалқылардың санына қарай екі немес бірнеше фазаларда жеткізілетін біртұтас-айтылыс түзеді.
- сөйлемнің бөлшектелуінің алғы шарты – жай сөйлем мүшелері, құрмалас сөйлем бөліктері арасындағы синтаксистік жағынан ғана емес, ішкі –семантикалық жағынан да тым күрделілігі, шұбаланқылығы.
- парцеллят сөз тіркестері, жай сөйлемдер (сөйлем мүшелері) құрмалас сөйлем компоненттері түрінде келеді.
Жұмыстың практикалық маңызы. Диплом жұмысында талдауға түскен мәселелер, ол бойынша сараланған нәтижелер орта мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беру барысында кеңірек мәлімет беру, меңгертуде мұғалімдерге пайдалы болмақ.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
1. Парцелляция – қазақ әдеби тілінің бір бөлшегі. Оның өзіндік тарихы, даму жолы, қалыптасу кезеңдері бар.
2. Парцелляция өзіндік қалыптасқан сөз, термин, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру – тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі.
3. Парцелляция – жазу, дағдылану арқылы жүзеге асырылады.
Жұмыстың құрылысы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Бастауыш мектептің ғимараты


"Бұл кекіл алыну керек пе, жоқ па?" Бұл бірінші сыныпқа баратын кезде талас тудырған мәселе осы болды. Бұл алдырмаймын деді. Осыны естіген мұны бірінші сыныпқа қабылдағалы тұрған ұстазы: "Кекілімен-ақ келіп отыра берсін. Бала бастықсын әуелі. Бұл балабақшаға бармаған бала ғой" депті. Ағайының онысы рас еді. Бірде кішкентай күнінде қолжуғышқа бойы жетпейтін болған соң, үлкен орындықты қойып алып, соның үстіне шығып, жуынып жатыр еді, ашық тұрған есіктен есік алдында апасымен сөйлесіп жатқан балабақша қызметкерінің даусын естіді. Балабақша қызметкері мұны балабақшаға барады ма деп сұрап жатыр екен. Апасы: "Шырағым, өзің сұрап көр баладан. Егер барамын десе, барсын", - деді. Жанына келген тәтей: "Балабақшаға барасың ба?" деп сұрап еді, бұл "Жоқ" деп басын шайқады. Балабақша тақырыбы осымен жабылған.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ұстаз ұлы тұлға


Тәуелсіз еліміздің болашағы – мектеп. Ол оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие берумен қатар болашаққа жөн сілтер киелі орын десек қателеспейміз. Елбасымыз Н.Назарбаев "Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттың қадір-қасиетін, мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза, білімді азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз" деген болатын.

Дұрыс тәрбие балаға өмір бойы азық. Ал, оған дұрыс та жүйелі тәрбие беретін екінші ана - ұстаз. Ұрпақ тәрбиесі секілді ұлы міндет жүктелген мектептегі мерейлі істердің барлығы мұғалімдердің арқасы.

Ұстаз - ұлағаттылықтың көзін ашар, жылылық нәрін себер жан. Мектептің жүрегі де, тірегі де ұстаз. Күн сайын жүздеген шәкірттердің жүрегіне жол тауып, ізгілік нәрін себуге ұмтылатын жылы жүзді жайдары жан.

Мұғалімдік қызметті, ұстаздық ұлағатты терең қадірлеген халқымыз білім мен тәрбие мәселесіне де ерекше ден қойғаны белгілі. Өйткені қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адам баласы міндетті түрде мұғалім алдын көруі тиіс. Ал, өркениеттілікке, жарқын, зайырлы қоғамға қол жеткізу үшін ақыл-есі бүтін кез-келген жас саналы тәрбие, сапалы білім алуы керек. Мұғалімнің қолында – адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Мұғалімнің қателесуге қақысы жоқ.

Мектептің абыройын аспандатып, жалпы бала тәрбиесіне,білім беру ісіне асқан құлшыныспен кірісіп, үнемі еңбектеніп жүретін ұстаздарымыз аман болсын! Әр ісі үлгі, ұлағатты ұстаздарға – мың тағзым етсең де артық емес-ау сірә!

Құрметті де қадірменді ұстаздар қауымы әрдайым еңбектеріңіз жанып, осы бір ұрпақ алдындағы ауыр міндеттеріңіздің ылғи да жемісін көре беріңіздер дегім келеді.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Ы.Алтынсарин орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулбаева Гулайым Сағынбайқызы .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Педагогика | Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты

Кіріспе
Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу - білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан - от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі - Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт - дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары 2-сабақ
Оқу мақсаты:10.1.1.3 Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтарының ерекшеліктерін сипаттау
Сабақ мақсаты:
- Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары туралы терең мәлімет алады
- Ежелгі Орталық Азия өркениеттерін ежелгі Греция, Египет, Рим, Вавилон, Майя өркенитерімен салыстырады
- Ежелгі Орталық Азия өркениеттерінің ерекшеліктеріне әсер еткен себепші факторларды талдап, баға береді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұлым қандай десеңіз

Егер сіз әке болсаңыз, сіздің кішкентай, жұдырықтай ғана ұлыңыз бар болса, оның болашақта қандай жігіт болып өспегін байқап көрмек болсаңыз, онда оны ана бөлмедегі шылымға жұмсап көріңіз.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз қиқаңдап, тәлпіштеніп бармай жатса, онда мұндай баланы жазалау керек. Өйткені ол ертең бастықпен жұмыс істейтін жігіт болады. Ал ешқандай бастық сіздің ұлыңыздың мұндай қиқаң-сиқаң мінезін көтере бермейді. Сондықтан оған осы бастан сабақ бола берсін.

Егер сіз ұлыңызға "Бар, ана бөлмедегі шылымды алып кел" деген сәтте, ұлыңыз дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап барып шылымыңызды әкеп берсе, онда бәрі дұрыс болғаны. Ертең ол бастығы жұмсағанда да осылай дігі-дік, дігі-дік деп шапқылап жүретін жақсы жігіт болып өседі. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Бүркіт аңшылығының суреттері


(Басылмаған романнан)

Аңшы өмірінде кімді болсын қызықтырып, қолға түспейтін ерекше жері — алаңсыз бостандығы. Өзге дүниенің ащы-тұщысын түгел ұмыттыратын жанды қызуы — аңшының әңгімесі, құсы, тілегі мен қуанышы, томағалы батыры, қыран серігі болады. Анда-санда алмағаны қажытпайды. Өйткені алдыңғы күн қызыл түлкінің құйрығын бұлаңдатып, алдыңнан көрсетіп тұрғандай болады.

Бір тасты қағып шығып, екіншіден томаға тартқанда жылпос қағушының алдындағы қорымға томағасы алынған жалаң бас қыран белсеніп, кірпік қақпай қалады. Жымдай қатқан жартастың жарық-жарығына от көзімен шаншылады. Сол кезде аңшы да қиялмен еріксіз алдын ала шауып: «Қазір ана жарықтан шығады, болмаса анау алаңнан, қағушының алдынан, бұлаңдап жөнеледі», — деп, аш қыранмен бірге еріксіз жалақтайды. Ұзақ күнді сол сияқты жанды үмітпен өткізіп, үйге келгенде бел шешіп жайланғаны, ас ішіп тыныққаны, алдыңғы күнге үміт артып, өткен күнгі көргенді айтып, ақын тіліндей шешен тілмен әңгіме қылғаны — қызуы мол толық өмір екеніне дау жоқ. Онымен салыстырғанда әншейін жүрген өмір шала-жансар, оты жоқ, гүлі жоқ сұр өмір сияқтанады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АПЕЛЛЯЦИЯЛЫҚ ШАҒЫМДАР ЖӘНЕ НАРАЗЫЛЫҚТАР БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яки істі қысқарту жөніндегі қаулы — бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0