"Анамдай болып кетті". Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты.

Youtube желісіндегі Aina арнасына сұхбат берген Қазақстанның экс-президенті, қазір биліктегі "Нұр Отан" партиясының және Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бірінші әйелі туралы айтты. Оның сөзінше, бірінші әйелі қара шаңырақта тұрады. "Мен әскерден келгеннен кейін марқұм ағам Сатыбалды "Бірінші май" деген ауылда тұратын. Бауырым екеуміз Үштөбеде жүргізуші болып жұмыс істедік. Сол совхозда Гүлжанды кездестірдім (ред. бірінші әйелін айтып отыр).
Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегі елінде «Шалқан» ертегісін мазмұндау №2 (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегі елінде: «Шалқан» ертегісін мазмұндау№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.3 Мәтіндегі негізгі және қосалқы ақпараттарды анықтау және болжау
1.1.3.1 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды
2.4 Диалогке қатысу
1.2.4.1 Анық сөйлеу арқылы,мәселені түсінгенін көрсетеді.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады. Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Көбі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.
Кейбірі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады,/ таниды. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Химия | Белоктар химиясына сипаттама

Тірі организм өзіне тәнқұрылымдық ұйымы мен биологиялық қызметтері арқылы сипатталады. Организмнің осы құрылымдық ұйымының қызметінде белоктар өте маңызды роль атқарады, яғни белоктар басқа органикалық заттардың алмасуына келмейді, өйткені олардың өзінше ерекше құрылымдық ұйымы бар.
Белоктар дегеніміз-аминқышқылы қалдықтарынан тұратын, құрамында азоты бар жоғары молекулярлы органикалық заттар.
Әлбетте белоктардың және белокты заттардың аталуы жануарлар мен өсімдік ткандерінің, тауық жұмыртқасының белогына ұқсас заттардың табылуымен байланысты қойылған. Ғалымдар өз заманындағы жаратылыстану ғылымының аздаған жетістіктеріне сүйене отырып, көпке белгілі-«Өмір –бұл белокты денелердің өмір сүру тәсілі» деген болатын. Белоктар генетикалық хабардың малекулалық құрамы; яғни белок арқылы генетикалық хабар жүзеге асып тұқым қуалай беріледі. Белоксыз, ферментсіз ДНҚ, малекуласы өзін қайта құрау қабілетін жояды және генетикалық хабарды бере алмайды. Тірі организмнің өзіне ұқсас ұрпақ қалдыру да осы белокпен байланысты. Жиырылу, қозғалу-бұлшық еттің белокты құрылымына тікелей байланысты. Сонымен, өмір сүру зат алмасуынсыз мәні жоқ, ол өзін құрайтын белоктарды үнемі толықтыруы керек. Осындай жағдаймен белоктар тірі организмнің негізін, құрылымдық бірлігін құрайды.
Молекулярлы биологияның негізін қалаушы Ф.Криктің айтуы бойынша, белоктардың маңыздылығы олардың әртүрлі қызметті өте шапшаңдықпен орындауында. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

Жара ауруы - өршу кезінде жараның асқазанға, он екі елі ішекке қайталанып түсуімен өрбитін асқазан – он екі елі ішек аймағының ауруы.
Этиологиясы: Асқазан жарасының 90%- да және он екі елі ішек жарасының 100%- да НР табылады. НР- дің үйреншікті мекендейтін жері- асқазанның антральдік бөлігі. Ұлтабарды мекендеген НР жүре келе жараның, эрозиялардың дамуына әкеледі. НР-ді емдеп жойса, асқазан мен он екі елі ішектің моторикалық бұзылыстары азаяды, гастринемия төмендейді, қабыну процесі жойылып, жаралар тез жазылады және оның қайталануы тоқтайды.
Жара ауруының дамуында НР- мен бірге өзге факторлардың да қатысы бар, мәселен никотиннің, алкогольдің әсерлері, өткір тағамға әуесқойлықтың, гастропатиялық әсерлі дәрмектердің (аспирин, индометацин, резерпин).
Соңғы кезде жара ауруының дамуына бейімдейтін тұқым қуалайтын факторларда әсер етеді. Бұл факторлар:
- қанның О (I) тобы, мұндай адамдардың асқазанның кілегей қабығында НР- ге рецепторлардың саны көп болады деген пікір айтылуда; қаны I топты адамдарда жара ауруы 35%-ға жиі кездесетіні анықталған.
- Асқазанның кілегей қабығында агрессиялық факторлардан қорғайтын заттардың тапшылығы: а1- антитрипсиннің, фукогликопротеиндердің т.б;
- Париетальды және тыстаушы жасушалар санының көптігі және соған байланысты тұз қышқылы мен пепсин секрециясының жоғарылығы;
- Гастриннің тамақ ішуге байланысты секрециясының шамадан артық жоғарылау ерекшелігі;
- Дерматоглификаның жара ауруында кездесетін ерекшеліктері.
Патогенезі. Жара ауруы- бір емес, бірнеше агрессиялық факторлардың бірлесуінен және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетінің төмендеуінен дамиды.
Жара ауруының дамуында басты роль атқаратын- НР. Асқазанға түскен НР антральдік бөлікті мекендеп, созылмалы қабыну процесін қоздырады және кілегей қабықтың қорғаныс қасиетін төмендетеді.Осы процестердің салдарынан асқазан моторикасы тездетіліп, ішіндегі қышқыл зат ұлтабарға тез түсіп, ұлтабарды қышқылмен тітіркендіреді. Сонымен қатар гипергастринемияны туындатып, асқазан сөлінің агрессиялық қуатын күшейтеді.
Пилородуоденальдік жаралардың дамуында маңызды роль атқаратындар- гиперсекрецияның әсерінен кілегей қабықтың тұз қышқылымен және пепсинмен үнемі зақымдануы. Мұндай жағдай гиперваготонияда, гипергастринемияда, асқазанның басты бездерінің гиперплазиясында және ұлтабардың қуысында сілтілендіру механизмнің жетіспеушілігінде болады.
Ұлтабар қуысында қышқылдықтың артуынан жүре бара ішектің қабырғасында асқазандық метаплазия қалыптасады. Сондықтан ұлтабардың қабырғасы НР- дің тіршілігіне жарамды болып, аталмыш микробтық процесс ұлтабардың қабырғасына таралады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Город Белгород

Центр Белгородской области расположен на южной окраине Среднерусской возвышенности, на правом берегу р. Северский Донец, в 695 км к югу от Москвы.
Узел железнодородных линий и автомобильных дорог. Аэропорт.
Население: 337 600 человек (2002). Мужчин: 45,5%. Женщин: 54,5%.
Впервые упоминается как населенный пункт в 1237 г. По мнению Н.М. Карамзина, Белгород построен в 1593 г. (считается годом его основания) для защиты Муравского шляха от частых набегов.....
Сборник рефератов
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жедел холецистит

Жедел холецистит - өт қабының жедел қабынуы. Ұл балаларда қыздарға қарағанда жиірек кездеседі.



Этиологиясы: қоздырғыштары-ішек таяқшасы, стафилококктар, стрептококктар т.б.



Жіктелуі: 1. Катаральды. 2.флегманозды. 3. Дестьруктивті формалары бар.



Клиникасы: Ауру жедел басталады, әсіресе түнде оң қабырға астында толғақ тәрізді ауырсынуддың, субфебрильді температураның пайда болуымен сипатталады. Ауырсыну кейде бірнеше сағатқа созылады. Оң жаққа жатқанда ауырсыну күшейеді. Лоқсу, құсу болуы мүмкін. Интоксикация белгілері анық: тері түсі боз, шырышты және тері қабаты құрғақ, басы ауырады, тәбетә төмен, іш қатадауы болады, тахикардия, кей науқастарда естен танулар, менингеальды симптомдар, сарғаюлар болуы мүмкін. Пальпацияда алдыңғы іштің бұлшықеттерінің тартылуы байқалады. Ортнер, Мерфи, Щеткин-Блюмберг симптомдары оң. ЖҚА-де- нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Алыптың арнасы

Гурьев облысындағы Эмба мұнайлы ауданы революциядан бұрын Баку, Грозныйлармен қатар ашылып, көп жылдар бойы жас совет халық шаруашылығының отын көзі болып келгені мәлім. Бұған осыдан сәл кейінірек Башкириядағы Ишимбай мұнай кен орны қосылды. Отан соғысына дейін және соғыс уақыттарында да елімізді жанар-жағар майлармен қамтамасыз етіп келгендер де осы кендер болатын. Бірақ, бұлардың өндіріс көлемі қазіргілермен салыстыруға мүлде келмейді. Ол жылдары жылына 20 миллион тоннаның маңайында мұнай өндіріліп жүрді. Партиямыздың XXIII съезінде мұнай өндірісіне ерекше маңыз берілген болатын. Онда елімізде мұнай өнімін жылына 30 миллион тоннаға жеткізуді нысана еткен еді. Совет мұнайшылары туысқан партияның бұл тапсырмасын абыроймен орындап шықты. Геологиялық барлау жұмыстарын, оның ішінде де, әсіресе, терең бұрғылауды өрістете отырып, Ұлы Отан соғысының қызу жүріп жатқан уақытының өзінде-ақ Волга бойынан мұнай көздерін аша бастады, ал 1944 жылы еліміздегі сол уақыттағы екі ірі кен орындарының бірі - Тоймаза кәсіпшілігі ашылып, іске қосылды.

Бұл бұған дейінгі мұнай қоры жөніндегі кейбір көзқарастарды түбірінен өзгертті. «Жер шарында мұнай көздері тек үш-ақ жерде. Олар: Каспий теңізі, Парсы шығанағы және Америкада - Мексика шығанағы жағалауларында. Басқа жерлерде мұнай болуы мүмкін емес» деген қате пікірді жоққа шығарды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ағзаңызды тазартқыңыз келсе

✅ Біздің денсаулығымыздың мықтылығы - ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан денсаулық сақтаудың әдістерін қолданып, өзімізге өзіміз күтім жасауымыз керек. Назарларыңызға ішек тазалаудың әдістерін ұсынамыз.

✅ Айран мен қарақұмық ұны. Қанның құрамындағы қант мөлшерін азайту, ішек пен қан тамырларын тазарту, зат алмасу үдерісі мен ұйқы безінің қызметін қалыпқа келтіруге айран мен қарақұмық ұнынан жасалған қоспа көмектеседі.

✅ Сұлы киселі. Сұлу киселі көптеген сырқаудың бетін қайтарады. Жасұнықтың (клетчатка) көп мөлшерлі болуының арқасында ішекті тазарту, асқазан ауруларын емдеу, артық салмақтан құтылу мен бүйрек ауруын емдейтін қасиеті бар. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай шығармашылығының зерттелуі

Абай тілін зерттеу- бүгінде қазақ филология ғылымының ауқымды саласы болып қалыптасып отырған абайтанудың өз алдына маңызды, зор тармағы.Абай тілін танып-таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, бір алуан еңбектер ұсынғанымен, арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз. Абай тілі- кең, ауқымды тіл. Оның көркемдік тұрғысы, тілдік- стильдік арнасы да сан салалы. Бұл жұмысымызда Абай шығармашылығының лексикалық қабатын қамтуды басты нысан етіп отырмыз. Ақын поэзиясында, прозасында лексикалық қабаттардың әрқалай, әртұрғыда қолданғанын зерттеушілердің
жұмыстары дәлелдеп отыр .Мемлекеттік ұлттық әдеби жазба тілдің негізін салушы Абай тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден қарастырғанымыз жөн . Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда негізінен үш қабаттан тұрады деп қарастырамыз. Абай тілінде кездесетін араб-парсы қабытының үлкен тобы –тек ақын шығармашылығында кездесетін, бірақ қазіргі қазақ тіліне енбеген сөздер. Абай шығармашылығы арқылы қазақ әдебиетінің тарихына еніп, лексикалық тұрғыдан зерттелініп те жатқан араб- парсы сөздерінің де маңыздылығын атап өткен жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0